400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ұлы даланың жеті қыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еgemen Qazaqstan газетіндегі 21 қараша 2018 жылы жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласын жан-жақты талқылап, бабаларымыздың өз заманында жеткен жетістіктері мен технологиялық жаңалықтарын түсіндіріп, бүгінгінің саналы ұрпағына ұқтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі





«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Колледждің әдістемелік кабинет Директордың оқу-әдістемелік

меңгерушісі жұмыстары жөніндегі орынбасары

______________ Мырзанова Н.Б. ____________Бештенбекова С.У.

Хаттама№___ «_____» ____________2018 ж.

«_____» _______________2018 ж.





АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ


Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Ұлы даланың жеті қыры

Топтар: АЖ-101, ТЖБ-111,ДжС-101,ТиОПППП-102,

Оқытушының аты-жөні: Усманов Көбей Қамбарұлы

Оқу жылы: 2018-2019 жж.


















14 желтоқсан2018 жыл

Астана қаласы


1.Қазақстан тарихы пәнінен пікірсайыс

2.Тақырыбы«Ұлы даланың жеті қыры» 

3.Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еgemen Qazaqstan газетіндегі 21 қараша 2018 жылы жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласын жан-жақты талқылап, бабаларымыздың өз заманында жеткен жетістіктері мен технологиялық жаңалықтарын түсіндіріп, бүгінгінің саналы ұрпағына ұқтыру.Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту. Оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімін қалыптастыру және халқымыздың жәдігерлерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Бәрімізді ұлт болып ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қазақтың тарихын әлемге ұялмай танытатын алтын жауһарлар мен шынайы деректерді насихаттай білуге шақыру. Заманауи тарихтан ойып тұрып орнын алатын, әлі де болса әлемге танылуға тиісті дерек-айғақтарды ғылыми негізде дәйектеу. Сонымен бірге бабалар армандарын жалғастыру, аманатын аманаттау үшін қажымас қайрат пен береке-бірлік керектігі айтылады.

Білімділік: оқушыларды Отан тарихын оқыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету;

Тәрбиелік: Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, ұлт көшбасшысының көрегендік саясатын үлгі ету, оқушыларға саяси, патриоттық, ұлттық тәрие беру;
Дамытушылық: Оқушыларды өз көзқарасын білдіруге, оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
4.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта, слайдтар

5.Сабақтың түрі: Интерактивті, ой қозғау, слайд арқылы Ұлы даланың жеті қырын ашып көрсету, сұрақ-жауаптар, топтардың бір-біріне сұрақтары,
6.Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Топтарды орналастыру, сарапшыларды таныстыру, сайыс шарттарын айту.

Сайысқа 4 топ, АЖ-101 «Қас сақ» тобы, ТЖБ-111 «Аттила» тобы, ДжС-101 «Күлтегін» тобы,ТиОПППП-102 «Массагет» топтары қатысады.

Сайысымыз ІҮ кезеңнен тұрады.

І-кезең.«Жорға» сайысы

Слайд арқылы Ұлы даланың жеті қырын топтардың талдауы.

Бағалау: 1-10 балл аралығында.

ІІ-кезең. «Топ бәйге» сайысы.

Әр топқаҚазақстан тарихы пәнінен мәтіндік сұрақтар беру.

Бағалау: 1-10 балл аралығында.

ІІІ-кезең. «Аламан» сайысы

Топтарға ортақ сұрақтар қою

Бағалау: Әр сұрақ жауабына бір ұпай беріледі.

ІҮ-кезең. «Көкпар» сайысы

Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Бағалау: Әр сұрақ жауабына бір ұпай беріледі.

Сарапшыларды таныстырып өтеміз:

Мұхамадиев Ришат Тазабекұлы –экономика пәнінің оқытушысы,

Қасымова Ақмарал Социалқызы – тарих пәнінің оқытушысы,

Мамырайымова Жанар Боқанқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Әр кезең бойынша әділ-қазылардың бағалауы арқылы сайыс қорытындысында жеңімпаз жарияланады.

Сабақтың барысы.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еgemen Qazaqstan газетіндегі 21 қараша 2018 жылы жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» атты мақаласы жарияланды.

Ел тарихын тереңнен тануға, оны әлемге кеңінен танытуда Елбасымыз ұрпаққа ұлағат болар кемел ойлы бірнеше сүбелі мақала жазды. «Ұлы даланың жеті қыры» соның жалғасы. Жай ғана жалғасы емес, тарихымызды танып-білуде елдің ой-санасын одан әрі дамыта түскен талғамы терең еңбек. Бүгінде ретімен жүргізіліп жатқан «Рухани жаңғыру» процесінің заңды жалғасы − бағдарламалық тұжырымы.

Араб халқының «Тарихты білу – білімділіктің белгісі, әдебиетті білу – мәдениеттіліктің белгісі» деген даналық сөзі бар. Елбасы өзінің мақаласының бас жағында әлемдік тарихты тиянақты әрі нақты білуді меңзеп: «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтардан емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті» деп көрсетеді. Елбасының бұл сөзінде бүгінгі ұрпақ өзінің төл тарихын тереңнен білсе, білімді болса екен деген үлкен емеурін жатыр. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Ұлы даланың жеті қыры­ның кез келгені – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу техноло­гиясы, өз жазуы мен мифо­логиясы бар озық мәде­ниет­ті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты бел­гісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түр­­кі әлемінің бесігі санала­тын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік эко­­номиканың өркенденуіне сеп­тігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлт­тық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар. 


І-кезең. «Аламан» сайысы

Слайд арқылы Ұлы даланың жеті қырын топтардың талқылаулары.

Бағалау: 1-10 балл аралығында.


ІІ Кезең. «Топ бәйге» сайысы

Топтарға сұрақтар беру.

Әр топқа Қазақстан тарихы пәнінен мәтіндік сұрақтар (екі сұрақтан) беру

Бағалау: 1-10 балл аралығында.

1) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді.Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев , академик С.Зиманов,желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас,қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты» деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді»

(Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы)

2)Мәтінде берілген үндеудің қай үкімет жариялағанын анықтаңыз. «Ресей мұсылмандары… бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен әдет-ғұрыптарыңыз,сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп,оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді еркін және кедергісіз құра беріңдер. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар,біліп қойыңыздар Ресейдің барлық халықтарының құқықтары сияқты,сіздердің құқықтарыңыз революциямен оның органдарының жұмысшы солдат және шаруа депутаттар Кеңестерінің бар күшімен қорғалды… Осы революцияны және өкілетті үкіметін қолдаңыздар.»

(Кеңес үкіметі)

3)Мәтіннің авторын табыңыз. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады, Кир өледі.»

(Геродот)

4) Геродоттың мына депекте кімдердің арасындағы болған оқиғаны сипаттайды. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің көбі қырылады…» деп көрсетеді.

(Томирис пен Кир жауынгерлерінің арасындағы соғыс)

5) Мәтінде сипатталған темір дәуіріндегі тайпаны ата. «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді… Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді. Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; Бас киімдері мег белдіктері, ер тұрмандары алтынмен әшкейленген. Сонымен қатар олар аттардың да сауытын мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, алтын мен мыс керісінше өте көп. Олар егін екпейді, үй малдарын және Арал өзенінен аулайтын

балықтарды азық етеді. Сүт ішеді. Құдайларды арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбындыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні «құдайдың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге сыяды»

(Сақтар)

6)Түріктердің өнерге қатысты мәтінді оқып, не туралы айтылғанын анықтаңыз. «Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді. Біріншісі-салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер. Екіншісінде тағы аңдардың бейнелері көп беріледі. Салт атты жауынгерлер бейнесі-түрік қағанаттарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнелеген.»

(Жартастағы суреттер)

7) Мәтінде сипатталған археологиялық мәдениеттің орналасқан аумғын анықтаңыз. «Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, ұйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.»

(Орталық Қазақстан)

8) Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықта. «Асан Қайғы Жерұйықты іздеп, Жетісуда болған кезінде «жетісудың ағашының басы жеміс екен» екі сұлтан келіп ораналасқан жер Шу туралы «Ей, Шу атында теріс қойыпты, мынау ну қамысың еліңді ешбір жұтқа бере қоймас.»

(Керей мен Жәнібектің Моғолстанның батыс аймағына көшіп келуі)


ІІІ-кезең. «Жорға» сайысы

Топтарға ортақ сұрақтар қою

Бағалау: Әр сұрақ жауабына бір ұпай беріледі.


Бірінші сұрақ. Атқа байланысты ұлттық ойын түрлерін атаңыздар. Яғни aт жарыстыру (бәйге түрлері бірнешеу), жорға жарыстыру, қыз қуу, көкпар тарту, аударыспақ, ат үстінде садақ тарту (жамбы ату), теңге ілу, ат омырауластыру, атты ордан қарғыту, тай жарыс, құнан жарыс, тоқбәйге және тағы басқалар.

Қазақтар тойларда өткізілетін әртүрлі ойын-сауықтарда ат үстінде сан алуан өнер көрсеткен. Ат құлағында ойнаған көшпелілерде жылқы негізгі көлік және түрлі шикізат көні болғандықтан, жеке мініс аты жоқ, жылқысы жоқ адам болмаған. Сондықтан, ер қанаты aт демекші, жақсы aт жеті қазынаның біріне саналып, көшпелі өмірде аса маңызды орынға ие болды. Шабандоздардың қимыл-қозғалысынан-ақ иесінің ниетін дәл сезетін арнайы көкпар аттары болды. Ал жүйрік пен жорға ұстау үлкен мәртебеге саналды.

Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ.

Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу.

Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.

Ат сайысы. Спорттық ойын.

Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, аламан бәйге, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.


Екінші сұрақ:

Қазақстаннан қанша Алтын Адам табылды?

Алғашқы Алтын адам 1969 жылы Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған.Тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев бастаған ғалымдар Алтын киімді адамды тауып, б.з.д Ү-ІҮ ғ. өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келген болатын. Алғашқы Алтын адам- Алматы облысындағы Есік қаласаның солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған Алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі Үғасыр жәдігері. Жерленген адам- 17-18 жас шамасындағы темір дәуірінен сақталған сақ ханзадасы. Алтын киімді адам сақ мәдениетінің бірегей үлгісі. Жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлер мен безендірілген.Әшекейлер барыс,бұлан,таутеке, арқар, ат, түрлі құс жебеушілерге сыйыну ғұрыптары бболған. Өлген адамдардың мәңгі жасайтынына өлгендер өзінің рулық қауымының салттары үйреншікті ғұрыптары мен ережелері өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Өлген адамның тіршіліктегі беделі мен қауымдағы дәрежесіне лайық мүліктің көмілуі,тайпалар табына тән күрделі жерлеу ғұрпы болған. Көшпенділердің қауымдық салты, діндік сенімі, сол дәуірдегі жерлеу салтында үлкен құрметпен, алтыннан тігілген салтанатты киіммен және қару-жарағы түгел қойылған күінде жерленген. Мәйіттің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш пен қанжар табылған.

Қабірден қару-жарақ, әшекей бұйымдардан басқа жұқа алтын фольгамен қапталған абыз аса таяғының бөліктері табылды.

Екінші Алтын адам: Аралтөбеден табылған сақ көсемі.

Зерттеушісі археолог З.Самашев 1999 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымынан сақ көсемін табады. Көсемнің киіміне тоқталсақ, үстіне мата көйлек кигізілген. Сауыт қысқа жеңді. Белдік тағылатын жерге дейін ромб фигурасындағы алтын тағалармен қапталған. Зерттеу барысында көсемнің киім-кешегі өте бай асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгені аңғарылды. Зерттеу нәтижесінде ер адамның шашы өрілген бұрым болғаны б.з.д І мыңжылдықта Еуразия аймағында өрілген бұрым тек жоғары дәрежедегі салт аттыларда кездесіп отырған. Көсемнің үстіне мата көйлек кигізілген. Оның жеңдері әртүрлі алтын қаптыпмалар мен тізбелер араластырылып, әшекейленіп кестеленген. Көйлектің сыртынан сауыт кигізілген. Сауыт қысқа жеңді. Белдік тағылатын жерге дейін ромб фигурасындағы алтын тағалармен қапталған. Ал сауыттың жеңдері жағасы мен төменгі бөлігі шеңбер тәрізді алтын қаптырмалармен толықтырылған. Көсемнің оң жағына алтынмен жалатылған ұзын абыз аса таяғы, сол жағына қорамсаққа алтын қаптырмалармен безендіріліп, әшекейленген жүзден аса жебелер салынған қорамсақ, қылыш қойылған. Қорғанда әр түрлі ырым сыйқырлық іс-әрекеттер және құрбандық шалу әрекеттері жүзеге асқан.Қорғанның ортасында ошақ орны болған. Тазартатын қасиетті күштің белгісі – отқа табынушылық сармат тайпасында болған. Отқа табыну сақтану қызметін атқарған. Жерлеу дәстүрінде обаларды айнала оңдаған жерге от жаққан. Қабірден қару-жарақ, қару ілетін аспалы белбеу бөліктері, әскери темір күршек, сүйектен жасалған ине және жебенің үшбұрышты темір ұштары болған. Сақ көсемі екінші Алтын адамы Атырау облысының орталық мұражайына көрмеге қойылған.

3. Шілікті қорғанынан табылған Үшінші «Алтын адам»- сақ патшасы.

Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Үшінші Алтын адамды Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының Шілікті жазығынан археолог-этнолог,профессор, тарих ғылымының доктры Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қазба жұмыстары кезінде тапқан. Шілікті патша қорғанынан табылған. Алтын адам біздің дәуірімізгн дейінгі ҮІІІ ғасырдың аяғы мен ҮІІ ғасырдың басындағы жәдігерлердің бірі. Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі. Мекен еткен жеріне және үстіне құйма алтыннан жасалған аң-құс белігілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа сақ дәуірінен жеткен құнды тарихи жәдігер. Адамды сом алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешектермен безендірілген киімімен жерленген. Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық саны 4303 данадан тұрады. Олар аңдық стильде құрылған. Патша киімдеріне тағылған алтын жапсырмалардың жасалуы сом алтыннан құйылған әшекей дүниелер, яғни таза құйма алтындар. Үшінші Алтын адамның киімі тірі кезінде киген киімі. Оның үстіне мұның алтынмен безендірілген киімдері тірі кезінде киіп жүрген киімі екені белгілі болып отыр. Ритуалдық киім емес. Бұл алғашқы Алтын адамның киімінен басты айырмашылық деуге болды. Мұндағы алтын әшекейлер күрделі зооморфтық қалыптарға негізделе құйма алтындардан жасалған. Зерттеушілер бұл олжаны сақ патшасы болуы мүмкін деп жорамалдап, баға жетпес жәдігердің кілтін тауып, құпиясын ашуға ұмтылуда жаңылысқан жоқ. Бұл жәдігер өз заманында сақ патшасы болғандығымен ерекшеленіп әлем назарын тағы да өзіне аударды. Бұл жәдігерді ғалымдар Шілікті «Алтын адамы» деп таныды. Оның қайта қалпына келтірілген алғашқы нұсқасы жасалынды. 2013 жылы шілде айында жәдігер өз өлкесіне қайта әкелінді.

4. Қазақстаннан табылған төртінші «Алтын адам».

Енді міне, төртінші Алтын адамды да баба дала қойнауынан қазып алдық. Төрт құбылаң тең болсын дейтін қазақтың төрт торабындағы осы «Алтын киімді адамдар». Ата тарихтың жаңа парағы іспетті.

Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды археолог Арман Бейсенов басқарған зерттеушілер Қарағанды облысына қарасты Талды-2 қорымында қазба жұмыстары кезінде тапқан. Қазба жұмыстары барысында жүзге жуық белдіктің әшекейі, сегіз арыстан бейнесі, жиырмаға тарта құйма алтын, түрлі формадағы әшекейлер, айдаһар пішіні сомдалған алтындалған зат, секіруге бейімделген қабан. Елтаңбамыздағы пырақтардың бейнесіне ұқсас суреттер бедерленген жәдігермен бірге, мыңнан аса асыл моншақтар табылды. Бұл қорғанға аса беделді адамның жерленгендігі осыдан-ақ белгілі. Тарихшылар аталмыш қорымды Патшалар даласы деп атады. Қазақстаннан табылған «төртінші Алтын адамның» аздап өзгешелігі болғанмен, бұл еліміздің басқа аймақтарынан табылған Алтын адамдармен негізінен ұқсас.

Қорыта келгенде қазақ топырағының төрт тарабынан табылған осы ұлы бабаларымыздың есім-сойын, сол дәуірдегі лауазымын білмесекте, олардың өз замандарының көшбасшысы, қолбасы, елінің қорғаны болғанын түсінеміз.


ІҮ-кезең. «Көкпар» сайысы

Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Бағалау: Әр сұрақ жауабына бір ұпай беріледі.


Қорытынды.

Ұлттық рухты оятатын мақала Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың  тарихымен таныстырып, руханият­ты сақтауға арналған алты жоба ұсынылып отыр. Тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр көлемінде үшінші мәрте тарихымызды түгендейтін бағыт-бағдар алып отырмыз. «Мәдени мұра» –  ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, өшкенімізді жандырса, «Рухани жаңғыру» – ұлт тарихын таныстыратын даңғыл болды. Ал мына  «Ұлы даланың жеті қыры» – ұрпақтар мақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын төлқұжат. Енді осы мақаланы   алға ұстай отырып, Қазақстан тарихын терең­детіп қайта жазуға болады. Кеңестік тоталитарлық жүйеде бізге ұлықтар мен байларды жаман етіп көрсетіп, батырларымызды балағаттап, арғы тегімізді теріс етіп оқытты.  Егемен ел болып, ес жиғалы ғана өт­кенімізді түгендеп, тегімізді танып келеміз. Осы бабаларды іздеу мен тек тану барысында жіберіп жатқан қате­ліктеріміз де баршылық. Әр ру өз бабасын батыр етіп көрсетіп, өз атасын ақылман деп, ақсүйек пен қарасүйекке, қожа мен қараға бөліне бастағанымыз да шындық. Енді Мемлекет басшы­сы айтқандай: «тарихи сананы жаң­ғыр­тып, көтерілген мәселелерді ой елегінен өткізіп, терең зерделеу қажет». Ал осыны оқыған ұрпақ төл тарихын білуге ұмтылып, тарихи санасы жаңғырып, мақалада айтылған керемет идеяларды қолға алып, жобаларға атсалысатынына сенеміз. Мәселен,ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау,«Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік фильмдер шығарып тарату ұлтымыздың қаһармандарын өз елімізде ғана насихаттамай, шет елдерге де шығарып, әлем халқымен таныстырады. Келер ұрпақ өзінің арғы тегіндегі ұлт батырларын үлгі тұтып  өсетін болады.  Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның дала­­сынан күллі әлемге тараған түркі халықтарының тарихын тірілтетін «Түркі өркениеті: түп-тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жоба да қолға алынбақшы. Астанада түрко­лог­тардың дүниежүзілік конгресі өтіп, түркі халықтарының мәдени күн­дері жасалмақшы. Тағы бір қуанта­тыны, түркі халықтарына ортақ туын­ды­лардың онлайн кітапханасын ашу да маңызды болып отыр. Ең негізгісі Ұлы даланың жеті қыры­­мен таныса отырып, арғы тегі­мізді түгендеп, тарихымызды жаң­ғыр­тып, келер ұрпақ мақтанып айта жүре­тіндей жобаларды қолға алмақшымыз.

Елбасы өз мақаласында «Бұл тарихқа деген дұрыс ұстаным сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туғызады» деп бізді кең ойлауға, дұрыс пікір қорытуға жетелейді. Барша жауһарларымыздың алтын діңгегі болып Елбасы айқындап берген материалдық мәдени жеті қазынамыз осылай терең зерттеле бермек. Иә, біздің даламыздан бастау алған мәдениеттердің игілігін дүние жүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын дәріптей білуіміз керек. Жаңаша ұғым, жаңа көзқарас қалыптастыруымыз керек. Жеті атамызды білгендей, жеті қырды меңгерсек, Елбасының маңына топтасып, алар асуларымызды, жетер жетістіктерімізді дәл межелесек, өркениет тізімінен өзіміздің лайықты орнымызды аларымыз сөзсіз.


Әр кезең бойынша әділ-қазылардың бағалауы арқылы сайыс қорытындысында жеңімпаз жарияланады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
2243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі