«Жеңіс
күні»
Тәрбиеші:
Дамбұлова А.Е
Тақырыбы:
«Жеңіс күні»
Мақсаты:
Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге,
оны қорғауға баулу. Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру. Оларға
патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы
Отан соғысымен, Қазақстандықтардың
ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін
дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай
білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар
суреттері.
Тәрбиеші:
9-мамыр
Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша
үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені
екінші дүниежүзілік соғыстың бар
ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан
үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен
даласында қайсарлықпен шайқасқан,
Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан
соғысының ардагерлері үшін ерекше
мейрам.
Құрметті
ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар!
Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты
болсын. Біздің бейбіт өмір сүруіміз
үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан
ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта
ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты
болсын.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Тәрбиеші:
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз:
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова,
Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин,
Талғат Бигелдинов.
Ел алдындағы
борыштарын өтеп, еліміздің амандығын,
жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған
ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің
жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін,
халықтың бақыты мен қуанышын сақтап
қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында
біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен
еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз
бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің
жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер
соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз
бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық.
Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз
жеріміздің, патриоттары болайық.
Тәрбиеші:
Балалар,
біздің шекараны кім қорғайды?
Балалар:
Солдаттар.
-
Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.
Айзере:
Ойлап-ойлап
тұрдым көп,
Сауал
бердім білгім кеп:
— Қуанышты
мереке —
Жеңіс
күні қай күн? — деп.
Берікби:
Атамнан
да сұрадым,
Көкемнен
де сұрадым.
Ағамнан
да сұрадым,
Апамнан
да сұрадым.
Тосты
бәрі құлағын:
— Дұрыс,
— десті, — сұрағың!
Бейбіт
күні бәрі де —
Жеңіс
күні, шырағым!
Естай
:
Тоғызыншы
мамырда,
Гүл
қоям алау-қабырға!
Еске
алып атамды.
Үн
қосамын дабырға.
Шұғыла:
Жеңіс
деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер
менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің
арманы мен ұраны,
Қуаныш
пен мерекенің бұлағы.
Айғаным:
Үйлер
де құламайды,
Ешкім
де жыламайды.
Бейбітшілік
болса,
Балалар
болады аман,
Аналар
болады аман,
Бейбітшілік
болса.
Нұрасыл:
Тастар
көкке атылды,
Орман
шулап,тау құлап…
Жиырма
сегіз батырды
Жеңе
алмады жау бірақ…
Кәусар
:
Жамылды
жер тұманды,
Өрт
ішінде қалды бақ.
Жиырма
сегіз қыранды
Жеңе
алмады жау бірақ.
Айсұлу:
Оқ
астында зулаған
Туған
жермен бір болып.
Жау
алдында тұрды олар,
Жиырма
сегіз мың болып.
Әдемі:
Жау
жеңілді ақыры,
Атты
бейбіт таң күліп.
Жиырма
сегіз батырды
Ұмытпайды
ел мәңгілік.
Диляра:
Барлық
елдің бөбегі,
Бір-біріне
туысқан.
Бәрімізге
төгеді,
Өз
шуағын күміс таң.
Қазбек:
Отан-сенің
ата-анаң,
Отан-досың
бауырың.
Отан-өлкең
Астанаң,
Отан-аудан,
ауылың.
Айша:
Достық
бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық,
ырыс-құт.
Жарқырасын
күніміз,
Жаса-жаса
тыныштық.
Аяулым:
Занман
жаңа, ел жаңа
Күлімдейді
кең дала.
Өз
Астанам, Өз ордам
Сүйенерім
сен ғана.
Маһди:
Анамыздай
тілеуі ақ,
Отан
бізде біреу-ақ
Ол-біздің
Қазақстан!
Зере:
Егінді
тың жеріміз,
Еркін
қазақ еліміз.
Құрметтейміз
достықты,
Досқа
дайын төріміз.
(слайд
видео) көрсетіледі
Ән:
«Жеңіс
күні»
Ұжымдық
жұмыс балалармен.
Тәрбиеші:
Осымен «Жеңіс күні» атты тәрбие сағаты
аяқталды.
Жеңістен жеңіске жетіп жүре берейік!
Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей
берсін!