Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ашық сабақ Ұлы Жібек жолы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:
Мектеп директоры:
Н.Орынбекова
15.12.2017ж
Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер |
Мектеп: «Береке» жалпы орта мектебі» |
|||||
Күні: 15.12.2017жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: З.О.Калиева |
|||||
Сынып: 7 «Ә» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||
Сабақ тақырыбы |
Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті? |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау; Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру. |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Ұлы Жібек жолының қолөнер, сауданың дамуына және қалалардың өсуіне әсерін анықтайды; Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардағы маңызын ашады. |
|||||
Жетістік критерийлері |
Қолдану: Жұмыс дәптерлеріне Ұлы Жібек жолындағы Қазақстанның ортағасырлық қалаларын жазады; Шығармашылық дағды: Ортағасырлық қалаларының тұрғындары ретінде тауар-ақша қатынасының болғанын, қолөнер мен құрылыстың дамығанын, қалалардың көркейгенін дәлелдейді; Критерийлері: 1. Өз қаласының архитектурасын суреттейді; 2. Қалаңда сауданың қандай түрлері дамығанын анықтайды; 3. Жергілікті шеберханалар өнімдерінің тізімін жасайды; 4. Ақша түрлерін анықтайды; 5. Қаласында қандай діни мекемелер барын зерттейді. 6. Қаласына шетелдік саяхатшылар, саудагерлер болғанын зерттейді 7. Қалаңда атақты ғұламалар мен білім ордаларын болғанын әңгімелейді |
|||||
Тілдік мақсаттары |
Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... |
|||||
Құндылықтарды арттыру
|
Ашықтық,жауапкершілік - өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну - патриотизм - өз елі үшін мақтаныш - ұлттық сана-сезім - тәуелсіздік |
|||||
Пәнаралық Байланыс |
География, әдебиет, дүние жүзі тарихы |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақ барысында і тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін ұялы телефон кажет... |
|||||
Бастапқы білім |
Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
10 минут
15-минут
10 минут
|
Б Жібек жолының картасын, түрлі-түсті суреттерімен берілген иллюстрациясын көрсетіп, Жібек матасының өндірісі туралы әңгіме құрастыру. Не білетіндерін анықтауға бағытталған сұрақтар қою. Жібек матасы басқа елдерге қалай таралған деп ойлайсыз? Бұл жол неліктен Ұлы Жібек жолы деп аталған? деген сұраққа оқушылардың болжамын сұрау. Т/Ж Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін жібек матаны қалай өндіріп алатыны туралы қысқа мәтін беремін. Б Бейнебаян көрсету. Б «Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» тапсырмасын ұсынып. Қытай елінен Ұлы Жібек жолы арқылы батысқа шыққан бір саяхатшы Қазақстанның ортағасырлық қалалары арқылы саяхат жасайды деп елестетіңіз. Осы елшінің жүріп өткен жолын, басып өткен қалаларын дәптерге жазып, саяхатшы қазақ жерін қалай суреттегені туралы цитата келтіріңдер. Б«Тақырыптың түйінді сөзі» әдісі Берілген қалалардың қайсысы қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолындағы қалаларға жатады? (оқушылар «Сөздер банкісінен» дұрыс қалаларды «Біздің тақырып банкасына» ауыстырады) Сыныпқа орта ғасырларда белгілі болған қаланың атын беріп топқа бөлу. 1- топ - Тараз 2- топ – Отырар Әр топ өз қаласы бойынша қосымша материалдарды, оқулықтардан алынған деректерді, таратпа сурет, иллюстрацияларды зерттейді. Зерттелетін аспектілері: 1. Өз қалаңның архитектурасын суретте; 2. Сенің қалаңда сауданың қандай түрлері дамығанын анықта; 3. Жергілікті шеберханалар өнімдерінің тізімін жаса; 4. Ақша түрлерін анықта; 5. Сенің қалаңда қандай діни мекемелер барын зертте; 6. Сенің қалаңа шетелдік саяхатшылар, саудагерлер келеді ме? 7. Сенің қалаңда қандай атақты ғұламалар, білім ордалары барын білесің бе? Осы сұрақтарға жауаптарыңды презентация немесе макет түрінде суреттеп, қаланның Ұлы Жібек жолындағы маңызын дәлелдеңіздер. Интерпретация Т Әрбір топ жеке қала ретінде өздерін таныстырып, берілген мәселелер бойынша зерттеу нәтижелерін макет немесе плакат түрінде қорғайды. Б Сынып «Ұлы Жібек жолында қай қала ең маңызды рол атқарды?» екенін анықтайды, топтар келтірген дәлелдерді бағалап, дауысқа салып шешеді. (топтық бағалау) Б Өзін – өзі бағалау. Критерийлері: 1.Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан территориясына орналасқан қалалар, олардың атқарған қызметі. 2. Жібек матасын өндіру технологиясы. 3. Шетелдік саяхатшылар. 4.Ұлы Жібек жолының қазақ елі үшін маңызы. |
www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы. 7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж. Ұлы жібек жолының тармақтары туралы http://www.abai.kz/content/ makhmyd- kashkari-zhene-diuan-lygat-it-t-rikҚұрманғазы
Садықбеков,
|
||||
Сабақтың соңы 5 минут
|
Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек» Үйге тапсырма: «Ұлы Жібек жолының қазақ елі үшін маңызы» - тақырыбына ой – түйін жазу (60-70 сөз) |
|
||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||
Берілген тапсырмаларды талдап, бағалау. |
Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, ал сабақ аяқталғанда сол мақсатқа жеткендігін анықтау. |
АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жұмыс істей алады. |
||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
Сабақ барысында жүзеге асырылған ОМ нақты ашылды. Оқушылардың ой-өрісі пікірлерін керібайланыс арқылы сабақтағы қол жетімді тапсырмалардың орындалғанын және келесі сабақ жоспарын түзгенде мәтінмен дереккөздердің көп беруге оны талдау арқылы сыныптық жұмыстардың деңгейін бақылауды жоспарлап алдым. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек
Ауытқулар олар тек білгендерін ұзақ мәлімдеуі. Себебі тұжырым жасауы ұзақ, және оқушыны айтылым үстінде үзіп тастау мүмкін емес. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар саяси картада болған өзгерістерді анықтады және кескін картаға түсірді. 2: Оқушылар берілген деректерден барынша ақпарат алып, оны талдап, қорытынды шығарып дәйекті дәлелдер келтірді Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: оқушылардың белсенділігі 2: материалдардың сапалылығы Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Берілген тапсырмаларды оқушының түсінісіп жасағаны, топ және жұп жұмыстары, жеке жұмыстар жетістіктерге және бірін бірі оқыту арқылы толықтырып отыруы жақсы болды, кемшіліктері уақытты үнемдей алмауымыз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: П.Ботабекова
Тексердім:
«Береке» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Ұлы Жібек жолы
Пән мұғалімі: З.Калиева