400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ұлы Жібек Жолы 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру аясында Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлерімен оқушылардың таным түсінігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Оңтүстік Қазақстан өңірінің киелі жерлері


Мектеп: Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі:Анетбекова З.А.

СЫНЫП:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында ,Оңтүстік Қазақстан өңірінің киелі жерлері Қазығұрт,Отырар,Түркістан қалаларына жасаған саяхаттарын оқушылар қорытындылап,зерделейді.

Сабақ мақсаттары













Барлық оқушылар:

Қазақстанның ежелгі қалалары Отырар,Түркістан, ондағы орта ғасырларда салынып, біздің заманымызға жеткен тамаша сәулет өнері ескерткіштері Арыстанбап ,Ахмед Иасауи кесенесінің салынуы, Қазығұрт өлкесінің

аңыз-әңгімелерінің тарихы жайлы мағлұматтар бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылардың осы сабаққа дейінгі Қазығұрт,Түркістан, Отырар қалалары туралы білімдерін пайдалана отырып, басқа да жаңа мағлұматтар жинап ,ізденімпаздық қабілеттерін дамытады.

Кейбір оқушылар:

Ізденімпаз-зерттеушілік жұмыспен айналысып,тарихи құнды мәліметтерді жинақтап, өз елі мен жерін мақтаныш етіп ,өткен тарихын саралайды.

Бағалау критерийі





Бағалау критерийі мен дағды

Дескрипторлар

Қолдану: Өлкеміздің тарихи киелі орындарының құнды мәліметтерінөз өмірлерінде қолдана алады.

Талдау :

Ізденімпаз-зерттеушілік жұмыспен айналысып,тарихи құнды мәліметтерді жинақтап, өз елі мен жерін мақтаныш етіп талдай алады

Сыни тұрғыдан ойлау:

Оңтүстік Қазақстан өңірінің киелі жерлері Қазығұрт,Отырар,Түркістан

қалаларының тарихын сахналық қойылым түрінде көрсете алады.

Оңтүстік Қазақстан өңірінің киелі жерлері Қазығұрт,Отырар,Түркістан қалаларының тарихын сипаттайды.

сәулет өнері ескерткіштері Арыстанбап ,Ахмед Иасауи кесенесінің салынуы, Қазығұрт өлкесінің

аңыз-әңгімелерінің тарихы жайлы мағлұматтар бере алады.

Әр топ рольдік ойынды шеберлікпен көрсетуі тиіс.

Қойылымның мағынасына мән беріледі.


Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

1.Қожа Ахмед Иасауи кесенесі

2.Әмір Темірдің көрегендігі

3. « Мәдинеде – Мұхамед, Түркістанда Қожа Ахмед» деген сөз

4. Арыстан баб кесенесі

5. Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала.

6. Қазығұрттың басында кеме қалған,

Болмаса ол әулие неге қалған.

Құндылықтарға бағытталған тәсіл:

Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына, еліне,жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланысы: әдебиет,тарих

Алдыңғы тақырып

Қайталау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару,сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу. Оқушыларды түрлі түсті кеспе қағаздарды тарату арқылы топқа бөлемін. Топ ішінде топ басшысын сайлауын айтады. Оқушылар түрлі түстер арқылы топқа бөлінеді және топ ішінде өзара рөлдерге бөлініп, алдын - ала тапсырмалар беріліп, зерттеу нысаналары белгіленді.

І-топ «Түркістан»

ІІ-топ «Отырар»

ІІІ-топ «Қазығұрт»

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім сөзі:- Жаңа сабағымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы тұрмын:

"Біз өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз"(Интерактив тақтадан оқу)

- Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салады?

(тарихымыз бен болашағымыз)

- Ал тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?

(тарихи тұлғалар, ескерткіштер, ежелгі қалалар)

- Қандай ежелгі қалаларды білесіңдер?

(Отырар, Тараз, Түркістан)

- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан өңірінің киелі жерлері».Сабақ саяхат-ізденушілік бағытта өткізіледі.

Әрбір өткен қас-қағым сәт пен тұтас дәуірлер келер кемел болашақтың кескін-келбетін айшықтайтын, бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құбылыс. Адамзат баласы өз өткенінен үйренеді, сол арқылы ертеңін болжайды, бүгінін таразылайды.

Оқулық

Қазақстанның физикалық картасы

Атлас

Кескін карта

Ортасы

ІІ. Үй тапсырмасы

Гид: Сәлемесіздерме ,қонақтар.Біздің шырайлы оңтүстігімізге қош келіпсіздер.Бүгінгі біздің қонақтар,тарихи отандастарымыз:

АҚШ азаматы -

Ұлыбритания азаматшасы-

Түркиядан келген азаматшасы-

Саяхатымызды бірінші Қазығұрт тауынан бастайық. Адамзат өркениетінің тұңғыш дүмпуі, алғашқы қанат серпіні жасалған Азия даласы, оның ішінде түркі атаулының қара шаңырағы – қазақ байтағы қасиетті, әулиелі Қазығұрт.

Қазығұрт тауы жөніндегі ең көне мәлімет әйгілі Нұх пайғамбардың кемесінің әлемді топан су басқанда бір таудың басына қайырлап, аман қалуы туралы аңызда айтылады. Бұл жөніндегі жыр қазақ арасына кең тараған, көне дүние. Осы ұзақ жырдың ең болмаса алғашқы екі жолын,

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Болмаса ол әулие неге қалған,-

деген сөздерді есітпеген қазақ азаматы кемде-кем шығар.Нұх пайғамбардың кемесінің Қазығұртқа қайырлағаннан кейінгі уақиғасы қазақ аңыздары бойынша былай өрбиді.

І-топ «Қазығұрт» үй тапсырмасы бойынша сахналақ көрініс көрсетеді. «Нұқ Пайғамбар және топан су»

Гид: Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады.Осыған байланысты Отырар қаласы туралы сахналық көріністі тамашалайық.

ІІ-топ «Отырар»үй тапсырмасы бойынша сахналық көрсетеді.

Гид.Түркістан - өте көне қала. Оған 1500 жыл болды. Ежелгі аттар Шабғар, Йасы. Мұнда кітапхана, ас бөлмесі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жақындадық. тамашалайық.Бұл өте үлкен кесене., тағы басқа бөлмелер бар. Бұл кесенені шебер адамдар тұрғызған. Түркістан «Екінші Мекке» деп аталады.

ІІІ-топ «Түркістан»үй тапсырмасы бойынша сахналық көрсетеді.

Мұғалім:Оқушыларға шапалақтап рақмет айтып,сабақты ары қарай жалғастырамын

Сұрақ бізден жауап сізден» бойынша шетелдік қонақтардың сіздерге қояр сұрақтары бар:

ІІІ. «Кубизм» стратегиясы. Әр топ текшені тастағанда бетінде жазылған тапсырманы орындайды.


  1. Дәлелде Пайғамбар кемесінің Қазығұртта тоқтағанына сол өңірдегі нақты дәлелдер.

  2. Неге Қиратушы Шыңғысхан Отырарды неге жойып жіберді?

  3. Түсіндір Яссауидің құнды шығармасы (Диуани Хикмет)

  4. Қашан Отырар қаласының гүлденіп, ірі қалаға айналуына қандай жағдай әсер етті?

IV. "Бес жолды өлең"стратегиясы.Әр топ өз топтарының атына өлең құрастырады.

1. зат есім ( сөз)

2. сын есім (2сөз)

3. етістік(3 сөз)

4. сөйлем(4 сөз)

5. Зат есімге мәндес сөз


Слайд4

Аяқталуы










Дескриптор

V. Қорытынды.

Мұғалім: «Қазақстанды жаңа ғасырға білімді жастар бастап барады»

Н. Ә. Назарбаев.

Дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Осыған орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Бізге керегі - шын дарындылар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»- деп жеткіншектер болашағына үлкен мән бергенді. Баланы дарынды, бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді.

Рефлексия

Қолдану: Өлкеміздің тарихи киелі орындарының құнды мәліметтерді сабақта қолдана адыңдарма?

Талдау :

Өз өңіріңнің тарихи байлығын мақтанышпен жеткізе алдыңба?

Сыни тұрғыдан ойлау:

Оңтүстік Қазақстан өңірінің киелі жерлері Қазығұрт,Отырар,Түркістан

қалалары тарихын көрсеткен сахналық қойылымның қандай сәті ұнады?

Үйге тапсырма: «Сайрамда бар сансыз бап»тақырыбына эссе жазып келу.



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

1. «Қазығұрт» сөзінен көп сөз шығару.

2. Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер айтады.

3. «Қай сөздерді жоғалттым?» (Бір шумақ өлеңде көп нүктенің орнына лайықты сөзін тауып қояды.

Жазайын . . . . жүйелі, (өлең)

. . . . . . . . мәңгі киелі. (Қазығұрт)

Нұқ Пайғамбар . . . . . . ., (кемесін)

Қастерлеп халқым . . . . . . (жүреді)

Формативті бағалау

Критерийалды бағалау

Тарих және әдебиет пәндерімен байланыс жасалынды.Оңтүсік Қазақстан өлкесінің киелі орындары туралы ақпарат алынды.Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау барысында топтық, жеке жұмысты кезектеп отыру.

АКТ-ны санпин нормасына сай қолдандым

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?















Түркістан тарихы жайлы қызықты 5 дерек

Түркістан қаласы (Ясы) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол Орта Азия бойынша сақталған көне қалалардың бірі. Өзінің сан ғасырлық тарихында Түркістан түрлі мемлекеттер құрамында болды. Бірнеше рет қала іргесі сөгіліп, бірнеше рет қайта түледі. Түркістанға 1500 жыл   Қала ежелде Ясы деп аталып, оның төңірегі VII-XII ғасырларда Шауғар өңірі ретінде тарихта қалған. Шауғар саяси-экономикалық орталық болды. Кейбір деректер бойынша Ясы ежелгі Шауғардың жанындағы қала болған, ал келесі бір пікір бойынша ол Шауғардың қала-серігі болған. ХІІ ғасырда мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленді. Ясауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылады. Мазар мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды.  Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір болатын. Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды XVІ ғасырдың соңында Сырдарияның бойындағы қала Сығанақ өзінің бұрынғы маңызын жоғалта бастады. Ал, Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналған болатын. 1598-1628 жылдары Есім хан Ясыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы етті. Қазақ хандары  XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрды. 1694 жылдың шілдесінде Түркістанға Ресейден елшілер келді Қаланы басқарып тұрған Тәуке хан елшілердің іс-әрекетін ұнатпады. Өйткені, қабылдау рәсімі кезінде елшілер ханның бас киімін шешуін талап етеді. Ресейде патшаның бұйрығын тек қана бас киімді шешіп отырып тыңдау тәртібі бар-тын. Алайда, Тәуке «қазақтар тіпті намаз оқығанда да басындағысын шешпейді» деген уәж айтып, елшілерлдің айтқанын орындамаған. Түркістанда хандар, батырлар мен билер жерленген Тарихи-мәдени «Әзірет султан» қорық-мұражайының территориясында 164 атақты тұлғалар жерленген. Олар әртүрлі заманда өмір сүрген күллі қазақ халқының игі жақсылары. Кесенеде қазақтың Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан,   Есім хан, Хақназар хан, Тауке хан, Шығай хан, Жәңгір хан, Қанжығалы Бөгенбай, тобықты Мамай, қоңырат Сырғақ жатыр.
Қазығұрт тарихы


Бұл сонау көне заманнан келе жатқан жыр жолдары. Ал Қазығұрт тауы – біздің көне дәуіріміздің алып ескерткіштерінің бірі іспетті. Жалпы қазақ даласының тарихы ұшан-теңіз. Оны біріміз білсек, біріміз білмей келдік. Әйтеуір абырой болғанда, соңғы кездері сол мүлдем жоғалтып ала жаздаған асыл қазынамызды біртіндеп болса да түгендей бастаған сияқтымыз, ең болмағанда іздеу сала бастадық.

Қазақтың Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Жетісуға дейін жайылып жатқан кең даласында талай-талай тарихи орындар бар. Тек қана Ұлытау мен Қаратаудағы, Қозыбасы мен Аңырақайдағы, Ерейментау мен Маңғыстаудағы тарихи орындардың өзі неге тұрады. Осылардың бәрінің тарихын бір ізге түсіріп, жүйелей келсең бүкіл қазақ даласының да, қазақ халқының да тарихы жарқырап шыға келеді емес пе.

Осындай қаситті орынның бірі Қазығұрт тауы. Оның қасиеттілігін, ел тарихындағы орнын дәл бүгін жеке-даралап айтып жатудың қажеті бола қоймас. Өйткені, Қазығұрт жөніндегі аңыз-әңгімелер халық арасында кең тараған.

Дегенмен, Қазығұрттың аты аталған оның жалғыз өзі ғана емес аумағындағы тарихи аймақтарды еске бір салып кеткен жөн секілді. Іргесінде жатқан Қарт Сайрам (Көптеген тарихы еңбектерде нақ осылай «Кәрі Сайрам» деп жазылды) мен оның солтүстік-шығысына қарай жалғасып кеткен Манкент пен Майлыкент, Түркібасы мен Тараз жатса, батысында Ордабасы мен Қараспан, Отырар мен Түркістан жатыр. Оңтүстігіне қарай Тұрбат асуы арқылы өткен «Жібек жолы» Қытай жылнамашыларының жазып кеткеніндей Темірқақпадан өтіп Ташкент, Самарқанд, Хиуа, Бұқараға жол тартады.

Қазығұрт маңы бір кездегі Түрік қағанаты құрылғанда Батыс орданың орныққан жері, «Қорқыт ата» мен «Оғызнамада» жырға қосылып, Тәуке хан мен Төле бидің жайлауы болған тау. Бәйдібектің шоқысы Қазығұрттың оңтүстігінде, «Орда қонған» деп аталатын мекені Шығыс сілемінде болса, сол бабамыздың бейіті солтүстігінде жатыр.

Ал шығысындағы Батыс Тянь-Шань тауларының етегі саналатын тізбек таулар Өгем, Қаржан, Шымған қыраттары мен табиғаттың тамаша тартулары Ақсу-Жабағалы, Шатқал, Шарбақ қорықтары өз алдынабір төбе. Міне осы табиғат байлықтарын аман сақтап, келесі ұрпақтың иелігіне тапсыру мқсатында бастама көтерген Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан елбасыларының ниеттері қабыл болып, өткен жылдың соңында Батыс Тянь-Шань табиғи аймағын сақтап қалу жөнінде шешім қабылданып, оған Халықаралық даму банкі қаржы бөлетін болды.

Қасиетті Қазығұрт тауы дәл осы аймақтың орта белінде тұр.

Міне, біздің ұсынысымыз да осыған байланысты. Ендігі ашылатын жаңа мемориалдың бірі осы Қазығұрт тауында орнатылуы тиіс...


Қазығұрт тауы жөніндегі ең көне мәлімет әйгілі Нұх пайғамбардың кемесінің әлемді топан су басқанда бір таудың басына қайырлап, аман қалуы туралы аңызда айтылады. Бұл жөніндегі жыр қазақ арасына кең тараған, көне дүние. Осы ұзақ жырдың ең болмаса алғашқы екі жолын,

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Болмаса ол әулие неге қалған,-

деген сөздерді есітпеген қазақ азаматы кемде-кем шығар.

Нұх пайғамбардың кемесінің Қазығұртқа қайырлағаннан кейінгі уақиғасы қазақ аңыздары бойынша былай өрбиді.

Кеме тоқтаған соң Нұх пайғамбар қасындағы серіктестерімен жерге түсіп, өздерімен бірге аман сақтап қалған хайуандар мен жануарларды өріске жіберіп, алып келген тұқымдарын жерге сеуіп, жаңа өмірді бастайды. Бұл енді рухани арылудан (тазарудан) кейінгі жаңа өмір. Осы өмірдің өркендеуі туралы халық арасында сақталып қалған талай-талай жырлар бар. Белгілі жазушы Ш.Мұтаза өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде жазған мақаласында Нұх пайғамбардың кемесі қайырлады-ау деген өзге атулар туралы поэма бары-жоғын білмейтінің, ал Қазығұрт туралы поэма бар екенін айтады. Рас, өзге таулар туралы полэма (халық жаратқан көне туынды мағынасында) бары-жоғы бізге де белгісіз, тек Арараттың арғы-бергі бетіне барып жүргенде ешкімнен есіте қоймадық, ал Синай тауына байланысты эпос бола қойса оны еврей ағайындар әлдеқашан-ақ бүкіл әлемге таратып үлгіретін еді.

Қазығұрт тауы туралы жыр (Шәкеннің сөзімен алып отырмыз) біреу емес екеу. Оның екеуі де ешжақтан келген емес нақ осы таудың өз баурайында өмірге келген. Өйіткені, олар қанша балталасаң да Қазығұрттан бөліп әкете алмайсың. Соның бірі төрт түлік туралы. Әрі ол ешқандай діни немесе қияли, қоспасы жоқ таза халықтақ ағымдағы өмірдің өз талабымен, өмірдің өзіне бағышталған туынды. Бұл жырда қоғамдық дамудың нышаны жатыр, қазақ дүниетанымның негізгі темірқазығы қалған.

Ал Қазығұртқа байланысты екінші жыр-таулар соғысы. Бұл тіптен де Қазығұрттың өзіне ғана тән дүние. Оның үстіне оның өмірге келуінің өзі де заңды құбылыс. Өйткені, Қазығұрт батыс Тянь-Шань тауларының батысында жекеленіп жатқан тау. Шығысында төбесінен қар кетсе де мұз кетпейтінҚаржан мен Өгем тауларының шыңдары желкесінен қарап тұр. Нұх пайғамбардың кемесі осы шыңдардың біріне де тоқтамай неге аласа ғана тауға тоқтайды деген заңды сұрақ туатыны айдан анық. Себебі Қазығұртты әлгі шыңдардан Өгем қойнауы ғана бөліп тұр. Міне, дана халық мұның да жауабын тауып, үйлестіре қойған. Бұл туралы да жыр бар.

Нұх пайғамбардың кемесі «енді біздің төбемізге тоқтайды» деп көкіректерін керіп, масаттанып тұрған биік шыңдарға тоқтамай Қазығұртқа келіп тоқтаған әлгі алып таулар Қазығұртқа қарсы соғыс жарияламақ болыпты. Осыны есіткен Қазығұрт бар әлемге жар салып

Ордабасы ұлыма айт,

Қызылсеңгір қызыма айт,-деп бастаған өлеңінде Қазығұрт тауының кең далада нақ өзі сияқты жекеленіп тұрған таулардың бәрінің атын атап барып, ең соңында «Қыңыраққа бар да қайт»,- деп бітіріп жеті тауға елші жұмсайды. Осыны есіткен әлгі соғысқұмар таулар тез-ақ ниеттерін қайта қояды. Ал Қазығұрттың осы көмекке шақырған ұл-қыздары мен бауырлары атанған таулардың бәрі аласа таулар. Мысалы, қазір Ордабасы тауын білмейтін адам жоқ біздің елімізде. Тіптен біздің еліміз түгілі көрші елдердің президенттері де келіп, тағзым етіп кеткен қасиетті орын. Ал Маңсары тауын жергілікті тұрғындар осы күнге дейін «Маңсар әулие» деп құрмет тұтады. Сол жердің бір қасиетті сыры бар деп жаңбырлы-бұлтты күндері қасына көп жолай да қоймайды. Тіптен, соңғы жылдары бір жаңбырлы күні сол таудың бауырына өрмелемек болған әскерилердің машинасының таңғажайып оқиғаға ұшырағанын әлі айтып жүреді. Осылардың ішінде шеткірек жатқаны-Қынырақ. Әлгі жырдың бір нұсқасында «Қыңыраққа бар да қайт» деп айтылса екінші нұсқасына «қайтарында Қыңыраққа бар да қайт» деп айтылады. Аңыз бойынша өз аты ең соңында айтылғандықтан, әрі көзге ілмегендей болып «бар да қайт» дегеніне шамданып Қыңырақ қыңырайып, шеткірекке барып орналасыпты дейді.














Тәрбие сағатының мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларды Қазығұрт өлкесінің

аңыз-әңгімелерімен, тарихымен, табиғатымен, біртуар перзенттерімен, олардың еңбектерімен таныстыру;

ә) Дамытушылық: Сөздік қорын, тіл мәдениетін дамыту, ойын нақты жеткізуге талпындыру, дүниетанымын кеңейту;

б) Тәрбиелік: Туған жерін, елін сүюге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Түрі: Әдеби-тарихи кеш.


Әдісі: Топтық жұмыс.


Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Қазығұрт тауының суреті, Қазығұрт

ауданының физикалық картасы, кітап көрмесі, бүктеме, Қазығұрт тауының макеті, киіз үй, кеме, көк мата, гүлдер, ағаштан жасалған табақ, ожау, кесе, гүлдер, шарлар, слайдтар.


Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, бейнетаспа, фотоаппарат.


Тәрбие сағатының барысы:

І. Кіріспе

1. ҚР-ның әнұраны

2. Ұйымдастыру кезеңі

3. Тәрбиеші сөзі

4. «Нұқ Пайғамбар және топан су» (Қазығұрт тауы туралы сахналық қойылым)

5. Топтармен таныстыру

ІІ. Бірінші бөлім

1. «Толғауы тоқсан текті тау». (Тарихшылар сөйлейді)

2. «Сан түрлі бояумен құбылған Қазығұрт». (Жаратылыстанушылар сөйлейді)

3. «Кубизм» стратегиясы.

4. «Жері майса, елі жайсаң Қазығұрт». (Әдебиетшілер сөйлейді)

5. «Қазығұрттың тау тұлғалы перзенттері». (Ізденімпаз-зерттеушілер сөйлейді)

ІІІ. Екінші бөлім

1. «Тарихшылар» тобы → Қазығұрттың тарихын өзге елдерге таныту

мақсатында жоба ұсынады.

2. «Жаратылыстанушылар» тобы → Қазығұрттың табиғатын қорғау

мақсатында жоба ұсынады.

3. «Әдебиетшілер» тобы → Қазығұрт туралы өлең шығарады.

4. «Ізденімпаз-зерттеушілер» тобы → «Қазығұрт болашағы – балалар көзімен» атты тақырыпта сурет салады.

5. Қонақтарға сөз беріледі.

ІV. Қорытынды

1. «Қазығұрт – киелі бесік»


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін 5 «а» сыныбында «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған?...» атты әдеби – тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бізге қонаққа Қазығұрт елді мекенінің тұрғыны, әнші әрі сазгер, «Темірбаевтар» жанұялық ансамбльдің жетекшісі Райымқұл ағамыз бен әнші Бекмұратова Қатира әпкеміз келіп отыр. Сыныбымызда тарихшылар, жаратылыстанушылар, әдебиетшілер және ізденімпаз-зерттеушілер топтары жұмыс істейді.

Әрбір өткен қас-қағым сәт пен тұтас дәуірлер келер кемел болашақтың кескін-келбетін айшықтайтын, бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құбылыс. Адамзат баласы өз өткенінен үйренеді, сол арқылы ертеңін болжайды, бүгінін таразылайды. Адамзат өркениетінің тұңғыш дүмпуі, алғашқы қанат серпіні жасалған Азия даласы, оның ішінде түркі атаулының қара шаңырағы – қазақ байтағы қасиетті, әулиелі Қазығұрт.

Қазығұрт өңірі – қазақ халқының сонау көне дәуірлерінен бастап бүгінгі болмысына шейін білеу-білеу із қалдырған өлке. «Нұқ пайғамбардың кемесі тауға қайырлап, содан былай жаңа өмір басталады» дейтін аңыз-болжамға бас идірген жер. Яғни, Қазығұрт тауы жаңа өркениеттің, жаңа өмірдің, жаңа болмыстың бастауы немесе сол замандардан бері тоқтаусыз ағып жатқан өмір-өзеннің көз бұлағы.


«Нұқ Пайғамбар және топан су» (Қазығұрт тауы туралы сахналық қойылым)


«Толғауы тоқсан текті тау». «Тарихшылар» тобы Қазығұрт ауданының тарихы жайында сөз қозғайды.


Қазығұрт ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 4,5 мың шаршы км. Тұрғыны 101 мың адам. Ауданы 61 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Қазығұрт ауылы. Жер-су атауының мифтік түсінігіне қарағанда «Қазығұрт» атауының ең ежелгі (прототүркілік) нұсқасы – «Қаңғұқ-урт» болған.


2-оқушы: Қазығұрт өңірі бұрын-соңды көп зерттелмеген аймақ. Бұл өңірде адамдар сонау тас дәуірінен бастап өмір сүріп, елі, жері үшін дұшпандармен шайқасып келгендігі жөнінде қызықты оқиғалар өте мол. Және қаншама ғасырлар өтсе де Қазығұрт туралы хикая бәсеңсіп көрген емес. ХІ ғасырда жазылған тарихшы әл-Бухаридің «Абдулланама» кітабында: «Келес өңірі, Қазығұрт баурайы – гүл жайнаған бау-бақшалы, көк майса жер», - деп суреттеледі.


3-оқушы: Сонау ерте дәуірден бері төбесіне топан суда Нұқ пайғамбардың кемесі қайырлап, жаңа өмір мен жемісті тіршілік осы жерден басталыпты деген аңыз-әңгімелердің тамыры тіптен тереңге кетеді. Тарихтың атасы атанған Герадоттан бастап, көне дүние ғалымдары, саяхатшылар өз еңбектерінде бұл өлке туралы сүбелі-сүбелі із қалдырған.


4-оқушы: Жазушы Сәуірбек Бақбергенов Басында Қазығұрттың... атты еңбегінде аңыздағы Майқы би, Қорқыт ата, Асан Қайғы, Аяз би және Әбу-Насыр-Әл-Фараби сияқты ел қамын ойлаған, сол үшін бар саналы ғұмырын арнаған ардақты азаматтардың Қазығұртта тұрғанын немесе ұзақ сапарға шығар алдында киелі тауға келіп, тәу етіп, бас игенін жазады. Тәуке хан мен Абылай хан да, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер де Қазығұрттың бал ауасын жұтып, дәмін татып, талай аялдаған. Абылай хан осы тау айналасында соғысқан. Айбарымен әлемге әйгілі Батыс Түркі қағанатының табан тіреген жері де осы өлке.


5-оқушы: Пайғамбар кемесінің Қазығұртта тоқтағанына сол өңірдегі жер атаулары да нақты дәлел бола алады. «Пайғамбар тоқтаған», «Пайғамбар саусағы», «Нұқ пайғамбардың мешіті», «Кеме қалған» тағы басқа әулиелі жерлер. Бұл жердегі тас мүсіндерді көргенде таң қалмасқа шараң жоқ. Өйткені, мұнда адамзат баласы сонау көне дәуірдегі Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата деп атап кеткен түліктердің бәріне ұқсас мүсіндер бар. Солардың арасында «Пайғамбардың ошағы», «Пайғамбардың жайнамазы», «Дастарқан» деген тастар да бар.


«Сан түрлі бояумен құбылған Қазығұрт». «Жаратылыстанушылар» тобы Қазығұрт өлкесінің табиғатына сипаттама береді.


1-оқушы: Қазығұрт тауы – Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 км-дей қашықтықта орналасқан. Қазығұрт жотасы 800-1700м созылып жатыр. Ортаңғы биіктеу бөлігінің ұзындығы 22км, ені 10км. Таудың ең биік нүктесі жотаның шығыс бөлігінде теңіз деңгейінен 1768м. Жер құрылымы жағынан палеозойлық қатпарлыққа жатады. Геологиялық жыныстарының көпшілігі әктастардан тұрады. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған.


2-оқушы: Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200м биікте орналасқан. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400мм, тауда 500-700мм. Қазығұрт тауының солтүстік баурайы жаз айларында жылдың төрт бірдей мезгілінің табиғатын бейнелейді. Мәселен, таудың ең биік шың жағы – қыс, одан төменірегі – көктем, бел ортасы – жаз, етегі күз айларының табиғат көріністерін көз алдыңа келтіреді.


3-оқушы: Келес өзені бастау алатын оңтүстік-шығыс беткейі жарқабақты келген. Аудан жерінен Өгем, Қаржансай, Мұғалысай т.б. өзендері де ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша өседі. Жотаның жонды-қырқалы келген бөлігінде бидайық, наргия, еркешөп, қоңырбас, қияқ, бөтеге, боз өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі. Ірі елді мекендері: Қазығұрт, Қақпақ, Қаржан, Шарапхана, Рабат, Тұрбат, Қызылқия, Шарбұлақ т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар.


4-оқушы: Қазығұртты ежелгі табиғат тылсымдарының ғажайып куәгері деуге болады. Қазығұрттың биігінде ғалымдардың зерттеуі бойынша энергия ағыны мен ерекше аура байқалатыны анықталды. Таулы ауылдар берекеге толы жер, таза ауа, тұнық өзендер, жанға жағымды домбыра үні, бұрқыраған қымыз иісі – мұның барлығы біздің үйіміз. Бұлар біздің ешқашан жоғалмас мәңгілік салт-дәстүріміздің бесігі.


5-оқушы: Қазығұрт өңірінде бірі сонау көне заманға барып жымдасса, енді бірі келешек ұрпаққа үлгі болып, өткенді ойға салып, келешекке өсиет болып жатқан тарихи орындар мен ел назарына қасиетті жер боп ілінген мекендер көп. Олар: «Исмайыл ата», «Қазығұрт ата шоқысы», «Қазығұрт қорасы», «НКВД белгісі», «Тесік тас», «Тамшы бастау», «Сырғыма су тас», «Ақбура әулие», «Ғайып ерен қырық шілтен», «Алып үңгір», «Көз ата», «Қырық қыз» т.б. Сондықтан ел ішіне тарап кеткен мынадай сөздер бар: ... Шілтер ата – имандылық шырағы ғой,

Ақбура – ізгіліктің бұлағы ғой,

Қазығұрт - әулиелер тұрағы ғой!


«Кубизм» стратегиясы. Әр топ текшені тастағанда бетінде жазылған тапсырманы орындайды.


1. «Қазығұрт» сөзінен көп сөз шығару.

2. Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер айтады.

3. «Қай сөздерді жоғалттым?» (Бір шумақ өлеңде көп нүктенің орнына лайықты сөзін тауып қояды.

Жазайын . . . . жүйелі, (өлең)

. . . . . . . . мәңгі киелі. (Қазығұрт)

Нұқ Пайғамбар . . . . . . ., (кемесін)

Қастерлеп халқым . . . . . . (жүреді)

4. Мақал-мәтелдердегі суреттердің орнындағы қажетті сөздерді табады.

1) Отансыз адам – ормансыз (құс)

2) Туған жердің (күн) де ыстық, (ай) де ыстық.

3) Отан (от) да ыстық.

5. Алақай! Қуанышты сәт!

6. Сөзжұмбақ шешу.

1.Жылқының сүтінен жасалатын тағам. (Қымыз)

2.«Қазығұрт» кітабының авторы кім? (Қ.Тұрсынқұлов)

3.Қазығұрт ауданының ірі елді мекені. (Қызылқия)

4.Табиғатты зерттейтін ғылым. (Жаратылыстану)

5.Қара жамбас Қазығұрт өлеңінің авторы кім? (Асан Қайғы)

6.Ысмайыл ата кесенесі қай жерде орналасқан? (Тұрбат)

7.Қазығұрт бөктерінде өсетін ағаш. (Шырша)

8.Қазығұрт тауын мекендейтін жануар. (Таутеке)

5



4


2 8

3 7


6

1


«Жері майса, елі жайсаң Қазығұрт». «Әдебиетшілер» тобы Қазығұрт тауының аңыздары жайлы сыр шертеді.


Асан Қайғының Қазығұртқа арнаған өлеңі.

1-оқушы: Қара жамбас Қазығұрт,

Қазаққа біткен нармысың?

Екі Келес, бір Талас

Қазаққа біткен армысың?

Жемісі көп, жері көп,

Жер төресі мұнда екен!

Жігіті көп, ері көп,

Ел төресі мұнда екен!

Екі Келес, бір Талас

Бал татыған жерің-ай!

Ағайының аралас,

Тату екен елің-ай!


2-оқушы: Сулы Келес, құр Келес,

Майлы құйқа көк белес.

Көргенде көзге жас келді,

Көңілге салдың көп елес.

Бал татыған суың-ай,

Қалың қамыс нуың-ай!

Көзімді қадап көп тұрдым,

Көңілдің жықтың туын-ай!


3-оқушы: Желмаяға өңгеріп

Ала кетсем деп едім.

Сырға құйған сағаңа

Соға кетсем деп едім.

Бөктеріме сыймадың,

Сонда да сені қимадым.

«Қап, дүние, қайран!» - деп

Маямды санға ұрғаным.


4-оқушы: «Қазығұрт тауы» аңыз ертегісі

Халық арасында Қазығұрт хақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда, Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі. Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт тауы аман қалған екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұқ пайғамбардың кемесінің орны дейді. Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек. Ол – үңгірдің үстіне ағаш шаншып қойған Қазығұрт атаның моласы. Басқа жерлерді бұлт басса да, Қазығұрттың басын бұлт шалмайды екен. Егерде Қазығұртты бұлт шөгіп, көрінбей қалса, қариялар Қазығұрт қарасын киді деп, әйелдер күнпарасын киеді. Жұрттың бәрі даладағы нәрселерін үйге қояды. Қазығұрттың басын жапқан бұлт жаумай кетпесін деп, қазақтардың бұрынғы замандағы ақындары Нұқ пайғамбардың кемесінен қалған жануарлар туралы мынаны айтады екен:


5-оқушы: Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсылқара жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Қыршаңқы тай үстінде жатып қалып,

Қамбар ата жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Тышқақ тана үстінде жатып қалып,

Зеңгі баба жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Қотыр тоқты үстінде жатып қалып,

Шопан ата жануар содан қалған...


6-оқушы: Осындай ырыммен түрлі жануарлардың атын келтіреді екен. «Қазығұрттың басында көп әулие, мінсең аттай желеді айыр түйе» деген мақал да бар. Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған. Оның себебі, басқа таулардың бәрін топан су басып кеткенде, Қазығұртты су баспаған. Басқа таулар намыс қылып Қазығұртпен ұрысамыз деп келген. Бәрінің үлкені Ордабасы деген тау Бадам суының Қазығұртқа қараған күнбатыс жағында болған.

- Ордабасы балама айт,

Қызыл сеңдей қызыма айт,

Еншілес інім Қаңғыраққа айт!

Сізден арғы қараққа айт! – деген даусын естіп, қалғандары бір-біріне солай айқайлаған, - дейді. Барлық таулар келсе, біздер көп болып кетеміз, ұрыс қылмай-ақ қоялық деседі. Әдейі әуре болып келген соң, тым болмаса қылышты бір сілтеп қалайық деп қылышты сілтегенгде, Қазығұрттың басы айрылып қалыпты. Сөйтіп Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған себебі осыдан екен, - дейді қариялар.


«Қазығұрттың тау тұлғалы перзенттері». «Ізденімпаз-зерттеушілер» тобы Қазығұрттың бір туар тұлғалары жайында мағлұмат береді.


1-оқушы: Сабыр Рақымов 1902 жылы Қазығұрт бауырында дүниеге келген. Сабыр жастайынан әке-шешесінен айырылып, өмір тауқыметін көріп өсті. Жиырма жасында әскер қатарына шақырылып, содан кейінгі бүкіл өмірі әскери сапта өтті. Қол басқарудың теориялық әліппесін Бакудің әскери мектебінде ашқан. С.Рақымов ең жоғары деңгейдегі білімін Мәскеуде, Бас штабтың К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясында игерді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары еді. 1945 жылы Солтүстік Кавказдағы, Польшадағы ауыр әскери операцияларды шебер ұйымдастырған генерал-майор С.Рақымов соғыс аяқталуға үш айға жетер-жетпес уақыт қалғанда бақылау пунктіне түскен жарылыстан мерт болды.


2-оқушы: Қарақозы Әбдалиев 1908 жылы Қарақия ауылында, қатардағы шаруаның отбасында өмірге келген. «Талдыбұлақ» ұжымшарында есепші, Ленгер аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға аттанып, 1943 жылы гвардия аға лейтенанты шенінде взвод командирі дәрежесінде Мелитополь қаласын азат ету шайқасына қатысып, осында ерлік көрсетіп, мерт болды. Осы ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Қазір Рабат ауылындағы мен Мақтаарал ауданы Абай ауылындағы орта мектептер батыр есіміне ие. Екі жерде де ескерткіш орнатылған. Қарақозы кезінде көптеген өлеңдер жазған, бірақ олар кітап болып жарық көрмеген.


3-оқушы: Әділ Сасбұқаев 1922 жылы Төбеқұдық ауылында өмірге келген. Арыс қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, 1939 жылы Қазығұрт кентіндегі орта мектепті бітірген. Еңбек жолын сотта хатшы болып бастаған. Ұлы Отан соғысына ішкі істер әскерлері қатарында қатысып, ракеталық бөлімінде Қырым мен Украинаны, Польша мен Чехословакияны азат етуге қатысқан. Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметімен аяқтаған. Ұлы суреткер М.Әуезовтың «Өскен өркен» романына деректер жинаған кезінде көп қолғабыс жасаған. Әділ ағаның өзі туралы жазушы Жұмабек Еділбаев «Буырқанған бұлақтар» атты повесть жазған. 2005 жылы дүниеден өткен.


4-оқушы: Қалаубек Тұрсынқұлов 1934 жылы Қазығұрт ауданы Шарболат ауылында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын Қазығұрт аудандық орта мектепте мұғалім қызметімен бастап, Қазақстан ЛКСМ облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарған. Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Көптеген әңгімелер, повестьтер, пьесалардың авторы. 2009 жылы «Қазығұрт» қолжазбасын баспаға тапсырып үлгереді де, ұзақ жылғы аурудан айыға алмай, өмірден өтеді.


5-оқушы: Құлмат Өмірәлиев 1930 жылы Үшбұлақ ауылында өмірге келген. Тіл білімінің маманы. Шымкент мұғалімдер институтын, Алматыдағы педагогикалық институтты бітірген. Еңбек жолын мектепте ұстаздық етуден, журналистика салаларында, аспирантураны бітірген соң біржола ғылыми жұмыстармен айналысқан. «Қазақ тілі тарихының грамматикасы», «Қазақ совет поэзиясы», «ХV-ХІХ ғғ. қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі», «Дулат Бабатайұлы», «Абай афоризмі» еңбектерін жазып және «Оғызнаманы» аударып, көптеген талдаулар жасаған. Қазақ тарихын зерттеп, Қазығұрт аймағының топонимикасы жөнінде құнды еңбектер қалдырған. 1985 жылы өмірден өткен.


«Тарихшылар» тобы Қазығұрттың тарихын өзге елдерге таныту мақсатында жоба ұсынады.


«Жаратылыстанушылар» тобы Қазығұрттың табиғатын қорғау мақсатында жоба ұсынады.


«Әдебиетшілер» тобы Қазығұрт туралы өздері жазған өлеңдерін оқиды.


«Ізденімпаз-зерттеушілер» тобы «Қазығұрт болашағы – балалар көзімен» атты тақырыпта сурет салады.


Қонақтарға сөз беріледі.


«Қазығұрт – киелі бесік».


Тәрбиеші: Қазығұрт - атын әлемге танытқан мемлекеттің негізін қалап отырған, әлемдік өркениетте өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі мен таным-тағылымы бар халықты талбесікте тербетіп, атқа қондырған ұлтымыздың ақ отауын тігіп кеткен алтын аймақ. Сондықтанда оны заманымыздың заңғар жазушысы Шерхан Мұртаза «Қазығұрт – киелі бесік» деп атаған. Сабағымызды аяқтай отырып, Аманбек Ақаевтың «Қазығұрт» атты өлеңінен оқып берейін.


«Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?»

Кеудесіне тұңғиық сыр жасырып,

Қанша ғасыр өтіпті-ау, дүние жалған!...

Араладым талай жер, талай жұртты,

Елі құтты, жайнаған жері құтты.

Сағынамын, көруге асығамын,

Қазағымның киесі Қазығұртты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі