жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ұлы Отан соғысы" 9 сынып
|
Пәні |
Қазақстан тарихы |
|
|
Сынып |
9 «А» |
|
|
Күні |
20.12.17 ж. |
|
|
Тақырыбы |
§ 25-26 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында |
|
|
Мақсаты |
|
|
|
Құндылықтарды дарыту |
- патриотизм - өз елі үшін мақтаныш - сүйіспеншілік |
|
|
Күтілетін нәтиже |
- Ұлы Отан соғысының басталуының себептерін фактілер мен оқиғаларды сәйкестендіру арқылы біледі; -Ұлы Отан соғысы мен екінші дүниежүзілік соғысты Венн диаграммасы арқылы салыстырады; - Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құруын талдайды; - Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерлігін, батырлығын тарихи құжат арқылы бағалайды. |
|
|
Міндеті |
1. Тақырыпты ашу үшін оқушыны ынталандыру сұрақтарын қою. 2.Тапсырмаларды орындауға бағыт-бағдар беру. 3.Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ арқылы анықтау; 4.Әр оқушының өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту; 5.Оқушылардың АКТ-мен жұмыс жасау шығармашылығын жетілдіру. |
|
|
Түйінді идея |
Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Топпен жұмыс жасауға және ортақ пікір туғызуға, өзгенің іс-әрекетіне баға беруге үйрену. |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниежүзі тарихы, география, әдебиет |
|
|
Сабақтың типі |
Жаңа білімдерді меңгеріп, бастапқы бекіту сабағы. |
|
|
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ |
|
|
Жеті модульдің қамтылуы |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, АКТ-ны пайдалану. |
|
|
Дереккөздер мен құрал-жабдықтар |
1.Б.Ғ.Аяған, М.Ж.Шәймерденова.Қазақстан тарихы. Алматы: Атамұра, 2013 ж. 2.М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев. Қазақстан тарихы. Алматы: Мектеп, 2013 ж. 3.К.Нүрпейіс, І. Қозыбаев, Қ.Жүкешев. Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Алматы: Мектеп, 2013 ж. |
|
|
Әдіс-тәсілдер |
«Маңызды сұрақтар», «Венн диаграммасы», «SWOT» талдау, «Биопоэма», «Шеңбер әдісі », «Ой шақыру» стратегиясы |
|
|
|
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
|
Топтарға бөлу (1,2,3,4 сандары арқылы бөлемін) |
1-4 сандарын таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді |
|
Үй тапсырмасы Білу, түсіну |
«Маңызды сұрақтар» (Жеке жұмыс) 1. «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қашан қабылданды? 2. «Сауатсыздықты жою туралы Декретке» Халық Комиссарлары Кеңесі қашан қол қойды? 3. Жалпыға міндетті бастауыш білім беру қай жылы енгізілді? 4.Жалпыға міндетті жетіжылдық білім беру қашан енгізілді? 5. Қазақ тіліндегі алғашқы мектеп оқулықтарын кімдер жазды? 6.Қазақ мемлекеттік педагогикалық институт қашан ашылды? 7. 1929 жылы қандай оқу орны ашылды? 8. Қазақ ауылшаруашылық институты қашан ашылды? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. 1.1918 жылы 2.1919 жылы 3.1930 жылы 4.1931 жылы 5.Қазақ әліпбиін А.Байтұрсынов, алгебраны Қ.Сәтбаев, географияны Ә.Бөкейханов, Қазақстан тарихын С.Асфендияров құрастырды. 6.1928 жылы (1935 ж. Абай есімі берілді, қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) 7. Алматы мал-дәрігерлік институты 8. 1930 жылы |
|
Сабақтың басы «Ой шақыру» Қолдану, талдау
Сабақтың ортасы Жинақтау, бағалау |
«Ой шақыру » стратегиясы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу 1-тапсырма (жұптық жұмыс) Электронды оқулықпен жұмыс (бейнематериал)
2-тапсырма (топтық жұмыс) 1-топ: Ұлы Отан соғысының басталуы Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысын Венн диаграммасы арқылы салыстыру 2-топ: Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру (SWOT талдау) Прагматизм (өзіміздің ұлттық және жеке байлығымызды нақты білу, оны үнемді пайдалану, соған сәйкес болашағымызды жоспарлай алу. )
3-топ: Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі «Шеңбер» әдісі ( Кім ? Не ? Қайда?
Қашан? Неліктен
(Қайда?) (Қашан?) (Неліктен?) 4-топ Қазақстандық Кеңес одағының батырлары (Биопоэма жазады)
Бағалау. Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды. Қалған оқушылар құрастырылған критерийлер арқылы бағалайды. Критерийлер: -тақырыптың ашылуы; -дәлелдер келтіруі; -ойын нақты жеткізуі. 3-тапсырма Тарихи құжатпен жұмыс
1.Құжат қалай аталады? 2.Бұл құжатта не немесе кім туралы айтылған? 3. Құжатта қай кезең сипатталады? Дәлел келтіріңіз 4.Бұл құжаттың тарихи маңыздылығы неде? 4-тапсырма Сәйкестендіру тесті Кеңес Одағының батырларын, олардың ерліктерін сәйкестендіреді
|
«Ой шақыру » стратегиясы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады 2.Оқушылар сұрақтарға жауап береді - 22 маусым 1941 жыл -1 млн 200 мың -Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов - «Барбаросса» жоспары Тақырып бойынша мағлұмат іздейді , негізгісін анықтайды, топтық жұмыста тобымен жауаптарын салыстырады, әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, келісімге келуге ұмтылады, бірге ойланады. Ұлы Отан соғысының басталуы Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысын Венн диаграммасы арқылы салыстырады
Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру бойынша SWOT талдау жасайды
Қазақстандықтардың майдандағы ерлігін шеңбер әдісі бойынша талдайды
Қазақстандық Кеңес одағының батырлары туралы биопоэма жазады
3-тапсырма (құжатты талдау) Дәлелдер келтіру арқылы сұрақтарға нақты жауап беру
|
|
Сабақтың соңы Үйге тапсырма |
§ 25 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында оқу «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық партизандар» тақырыбына эссе жазу |
§ 25 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында оқу «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық партизандар» тақырыбына эссе жазу |
|
Кері байланыс |
«Екі жұлдыз, бір тілек» |
Рефлексия жазады |
|
Бағалау |
Бағалау парағы |
Өздерін бағалауы қалыптасады |





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген