15. 09
. 2014 жылы 7г- сынып қазақ тілі
Сабақтың
тақырыбы: Мәтін туралы түсінік.
Мәтіндерге тілдік талдау.
Мақсаты.
Мәтін
туралы алған ой түсініктерін жинақтау, талдау. Мәтін түрлерін
ажырата білу.
А)
дамытушылығы: Оқушы ой-өрісін дамыту, өз
ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру, шығармашылық жұмысқа
баулу.
Ә) Білімділігі: алған білімдерін жинақтау,
білім-біліктерін кеңейту.
Б) Тәрбиелілігі: жан-жақты білімді, парасатты
азамат болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,
слайдтар, карточкалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,
ойланту-іздендіру, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың
жүрісі:
Ұйымдастырылуы:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Менің аты-жөнім
Биғожаева Бибінұр Ақышқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімімін.
- Сыныпта кезекші кім? Кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма
берілді?
Бүгінгі сабағымыз мәтін, мәтіндерге тілдік
талдау.
Мәтін –
айтылған ой-пікірдің белгілі бір шығармашылық жұмыстың біреудің
шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен не ауызша айтылған
түрін айтады. Өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,
олардағы ойлар жинақталып келіп, автордың белгілі бір пікірін,
көзқарасын білдіреді.
Бүгінгі
сабағымыз да өткен сабақтармен байланысты. Сондықтан мәтінмен жұмыс
екі бағытта жүргізіледі. (1-слайд)
Осы
тілдік бірліктердің қызметінің нәтижесінде мәтін құрылады. Сонымен
бірге мәтіндер монологтік, диологтік болып бөлінеді. Сөйлеуде мәтін
сипаттау, баяндау, хабарлау, ойтолғау түрінде қолданылады.
Сөйлеудің мақсатына қарай мәтін бірнеше түрге бөлінеді. Кластер
әдісі. (2-слайд)
1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз
тіркестерін қатыстырып «Отбасы бақыты» тақырыбында мәтін жазыңдар.
Ата-анам, мен өстім, Ақтау қаласы, шуақты күндер, ананың мейірімі.
Сыңғырлаған күлкі, үлгі-өнеге беру, спортпен айналысу, жылы жүзді,
мамандық иесі атану. (3-слайд).
2-тапсырма. 7-жаттығу. Ауызша
орындаймыз.
3-тапсырма. Ахмет ысырыла жол берген
жұртты киіп-жарып, балалардың алдына барды да қалт бөгелді.
Қайсысын алсам екен деп ойлағандай, жетімдерді жағалай шолып шықты
да, ең баста тұрған ағайынды қазақ балаларының қасына келді. Екеуі
бір-біріне тығылып, құшақтасып тұрған, қолдарынан тартып еді,
айырылмады. Ақаң тізесін бүгіп, екеуін бірдей бауырына басты.
Кезек-кезек маңдайларынан сүйді. Сонан соң орнынан көтеріліп,
балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, оң шетте тұрған неміс
баласының қолынан ұстады. (4-слайд)
- Үзінді кімнің
шығармасынынан алынған, тақырып қой? (Таңдау)
- Қандай
мәнде жазылған? (сипаттау)
Қорыту. Сонымен бүгінгі
сабағымызды қорытамыз.
Мәтін

Сөйлем
Сөз
тіркесі
Сөз
Дыбыс
Тіршіліктің дамуы қарапайымнан
күрделіге қарай дамиды. Олай болса байланыссыз, бірліксіз бүтін
пайда болмайды, бірлік болса тірлік болады.
Бүгінгі сабақтан бұрыннан білетінім, білгенім,
білгім келетінін кесте арқылы толтыру.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді жалғастырып
келу.
№ 23 орта мектебі
Сабақ
тақырыбы: Мәтін туралы
түсінік.
Мәтіндерге тілдік
талдау.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
Биғожаева Б.А.
Ақтау қаласы, 2013/14 оқу жылы