Ашық сабақ Ұлыстың ұлы күні- Наурыз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ұлыстың ұлы күні- Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ – бұл ұстаздың өз кәсіби шеберлігін көрсететін, оқушылардың білімін, дағдыларын ашық ортада көрсетуге арналған сабақ түрі. Онда педагог жаңа әдістерді қолданады, оқушылар белсенді қатысады, және сабақ барысында басқа ұстаздар мен қонақтар бақылап, тәжірибе жинай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін:

«Ғажайып әлем бөбекжай

бақшасы»жеке мекемесінің

меңгерушісі Р.Н.Кемпісбай



Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз»



























Дайындаған :Мудуар Г

Кәрім Т







Қарасу 2026 жыл

Тақырыбы:Ұлыстың ұлы күні Наурыз

Мақсаты:Балаларды қазақ халқының ұлттық мерекесі – Наурыз мейрамымен таныстыру,ұлттық салт-дәстүрлерге деген қызығушылықтарын арттыру.Халықтың мәдени мұрасын дәріптей отырып,балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін дамыту,бірлікке, достыққа, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.Сондай-ақ, «Бесікке салу» дәстүрі арқылы халқымыздың тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарын түсіндіру.

Тәрбиеші :Құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз – бұл табиғаттың жаңарып, күн мен түн теңелетін, жер бетіне жылылық пен жақсылық әкелетін ерекше мейрам. Бұл – бірлік пен татулықтың, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Бүгінгі мерекемізде бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетіп,сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп сенеміз.Ендеше, Наурыз мерекесіне арналған кешімізді бастаймыз.

Тәрбиеші: Ән көнілдің ажары ,мерекенің сәні.Келесі кезекте біз Наурыз мерекесінің көнілін көтеретін әсем әнді тамашалаймыз ( Дастархан)

Тақпақтар:

Нұрасыл

Жыл басы -Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды .

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Айзада

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз .

Мерекеге арналсын ,

Бүгінгі жыр әніміз.

Дарын

Уа, ағайын халайық ,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық

Азима

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме .

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Тәрбиеші:Қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін би арқылы сезінуге болады . Балаларымыздың орындауындағы ұлттық би . Назар салыңыздар.

Тақпақтар:

Абдуллах

Көктем келді,балақай

Жасарды жер ,алақай

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әңге салайық.

Рамазан

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша

Табиғатта тамаша.

Тамжылып тұр жараса.

Т.Адина

Наурыз бұл мереке ,

Құтты болсын береке,

Қыдыр ата келсін,

Жақсы тілек әкелсін.

О.Айсұлтан

Наурыз көктем ,Наурыз жыр,

Ана мейрім , шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ , нәзік сыр.



К.Томирис

Наурыз жауын, Наурыз сән,

Әсем әуен ,сазды ән.

Қыз бозбала қыдырған ,

Жасыл желек , көк аспан .

Тәрбиеші:Қазақ халқының бай мәдениетінің бірі – айтыс өнері.Енді балаларымыз сөз өнерін көрсетіп, тапқырлық пен шығармашылықтарын бізге жеткізеді. Назар салыныздар.

Айтыс

Уа ағайын халайық,

Мұнда назар салайық,

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойы бастайық.

А. Адина

Жыл басы - Наурыз мереке ,

Ақ нұрға әлем боянды,

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды

О. Айсұлтан

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Бақыт байлық тілеймін

Бүгін қазақ еліме

Т. Адина

Жылдың басы Наурыз ,

Жердің басы Наурыз,

Мерекеге арналған,

Бүгінгі жыр әніміз.

Рамазан

Тақпақтар:

Омарқожа

Наурыз келді алақай ,

Кел билейік балақай .

Бізде қарап тұрмайық ,

Тойға шашу шашайық.

Тансұлу

Күн күледі аспанда ,

Құстар ұшты далада .

Қош келдің сен, Наурыз,

Бақыт берсін баршаға.

Қ.Айсұлтан

Көктем келді далама,

Жылу берді әлемге.

Наурыз келді шаттықпен.

Қуаныш бар бәрінде.

Рабия

Күн жылынды көктемде

Қар еріді төбеде,

Наурыз келді қуанып ,

Қуаныш бар жүректе.

Ескендір

Наурыз келді жеріме,

Нұр шашылды көгіме.

Көктем келіп қуантты ,

Шаттық толды көңілге.







Тәрбиеші:Құрметті қонақтар, Қазақ халқының салт-дәстүрі – тәрбиенің алтын қазығы.Бүгін біз сіздерге «Бесікке салу» дәстүрін көрсетеміз.

Бұл – сәбиге ақ тілек айтып, амандық пен бақыт тілейтін ерекше рәсім.

Бала бесікке салынып, отбасының мейірімімен қоршалады,

жақсылыққа және ұзақ өмірге жол ашылады. Көрсетілімді тамашалаңыздар!

Тақпақтар:

Раяна

Жылдың басы Әз -Наурыз,

Жаңа жылым ,мереке

Әрбір қазақ үйінде ,

Арта берсін береке.

Нұрислам

Наурыз келді ,жаңа жыл

Жылбасы бұл, жаңа күн.

Күн мен түнім теңеліп,

Күлім қағып әне тұр

А.Адина

Наурыз келді жадырап ,

Табиғатым тіріліп .

Күн мен түн теңесті ,

Айналамыз құбылып .

Абдурахман

Құтты болсын қазағым,

Наурыз жаңа жылың бұл.

Қуанышпен тербесін

Енген жаңа күнің бұл.





Әмина
Қош келіпсің Наурызым,

Нұрға бөлеп елімді

Шаттығынды бере бер,

Қуандырып жерімді.

Тәрбиеші: Тәрбиеші:Балаларымыз енді сахнада екінші әсем биді орындайды.Бұл би Наурыз мерекесінің шаттық сезімін, достық пен бірлікті бейнелейді.Көрсетілімді тамашалаңыздар.

Айша

Наурыз келді ағайын,

Жұлдыздайын жанайық,

Ұлыстың ұлы күнінде

Әсем әнге салайық.

Айдай

Наурыз келді халайық ,

Құтты болсын мереке .

Мерекеде жандана ,

Арта берсін береке.

Томирис

Наурыз келді, жыл басы,

Қуантып бар халықты .

Елдің тойы наурыз той ,

Мерейі үстім данықты.

Данияр

Наурыз келді жеріме ,

Бақыт тілеймін еліме.

Хадиша

Көктем келді далаға ,

Наурыз келді мереке.

Қуаныш бар баршаға .

Медина

Ұлыстың ұлы күнінде

Бақ береке орнасын,

Шаттық келіп жеріме,

Қортынды:

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және балалар.Бүгін біз Наурыз мерекесін атап өтіп, дәстүрімізді еске алдық. Балаларымыздың өнерін тамашалап, көңіліміз көтерілді.Баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын.Бірлік пен бақыт әрдайым сіздермен болсын.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі