400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ұмыту және оның түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұмыту және оның түрлері,процестері жайлы мәліметтер беріп, сол жайлы есте сақтау қабілеттерін арттыру, оқушылардың бойындағы сөз-логикалық есті жан-жақты дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Психология

Сабақтың тақырыбы: Ұмыту және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ұмыту және оның түрлері,процестері жайлы мәліметтер беріп, сол жайлы білімдерін кеңейту

Б) Тәрбиелік: есте сақтау қабілеттерін арттыру

В) Дамытушылық: оқушылардың бойындағы сөз-логикалық есті жан-жақты дамыту

Көрнекілігі:А4 қағазы,текшелер ,плакат.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Түгелдеу

Сабаққа дайындықтарын текс

Тренинг «Көңіл - күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның соңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

Жаңа сабақ

Ұмыту (ұмытушылық). Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық басым болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мысалы, әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырып: "Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам, — деп таңырқапты. Ұмыту ес үрдісі ретінде бұрынғы әсерлерді және оларды қайта бейнелеу мүмкіндіктерін жоғалтумен байланысты. Адамның ішіп жүрген кезінде ұмытқандары бір кезде жаңғырып, еске түсуі мүмкін. Уақытша ұмытуды сақтық тежелуді атайды. Ұмыту — жүйкедегі тежелу үрдісінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметтері бөгет болса, ретроактивтік тежелу дейді.Мысалы, мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн. Ұмытуды алғаш рет Г. Эббингауз зерттеп (1885), мағынасыз вербалдық материалдың жадта сақталуының уақытқа тәуелділігін эксперименттік тұрғыда анықтады. Бұдан кейінгі зерттеулер ұмыту қарқынының есте сақталатын материалдың көлеміне, оның мазмұны мен ұғынылу дәрежесіне, есте сақталатын және интерференттелетін материалдың ұқсастығына, есте сақталатын материалдың мәнділік дәрежесі мен оның субъектісінің қарекетіне қамтылатындығына және т.б. байланысты. Қайсыбір материалды еске түсірудің мүмкін еместігі оның мүлдем ұмытылғандығын білдірмейді: материалдың нақты нысаны ұмытылады, бірақ оның субъект үшін мәнді мазмұны сапалық өзгерістерге ұшырап, субъектінің тәжірибесіне қосылады. Интерференциялық теорияларға сәйкес, ұмыту проактивтік және ретроактивтік интерференцияның ықпалымен жад ізінің өшірілуінің салдары болып табылады. Р. Аткинсон бойынша ұзақ мерзімдік жад мәңгі, ал ұмыту былайша болады: еске түсірудің кілті сынама ақпарат болып табылады, осының арқасында ұзақ мерзімдік жадтың қоймасында тиісті іздеу жинағының белсенділігі күшейеді: сынама ақпараттың лайықты таңдалмауы және одан кейінгі сәтсіз қайта жаңғырту ұмытуға әкеп соғады. Бірақ бұл теория да осал, өйткені ұмытудың барлық феномендерін түсіндірмейді. Қазіргі уақытта жадтың ұмыту феноменін түсіндіретін психологиялық теориясының жасалу келешегі дәстүрлі іздер доктринасымен байланысты емес, жад туралы осы сөздің өз мағынасындағы іс-әрекет ретіндегі түсінікпен байланысты.

Жаңа сабақты бекіту

Адамның есте сақтау қабілеті тұрақты бола бермейді. Уақыт өте келе нашарлап, ұмытшақтыққа әкеліп соқтыруы да мүмкін. Ол үшін есте сақтау қабілетін тұрақтандыратын түрлі әдіс-тәсілдер мен қарапайым қағидаларды ұстанған дұрыс. Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы пайдалы кеңестер жетерлік. Дегенмен жақында ғалымдар есте сақтауды жақсартудың тағы бірнеше жолдары бар екенін мәлімдеді. Сурет салу Бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Ғалымдардың айтуынша, суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес. «Бастысы – сурет ойды тынықтырады» - дейді. Ойдың тынығуы – есте сақтау қабілетін жоғарылатады.

Көзге арналған жаттығулар Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны да ғалымдар дәлелдеген. Сондай-ақ көзді жұмып, өткенді еске түсіру де пайдалы екен.





Ой жаттығулары Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін түрлі жаттығулар жасап тұрған дұрыс. Әсіресе, сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру – миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады.

Жалаң аяқ жүгіру Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады екен. Ғалымдардың айтуы бойынша, жалаң аяқ жүгірген адам аяғын жарақаттап алмас үшін айналасына барлай қарап жүгіреді. Мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есте сақтауды жақсартуға көмектеседі екен.

Жазу Бүгінде қолмен жазу қалып барады. Көбіміз пернетақта көмегімен жұмыс жасап жүрміз. Дегенмен есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін бір ауық қолыңызға қалам алып, жазу жазып та тұрыңыз. Мұның да көп көмегі бары анық.

Салмағы ауыр заттарды көтеру Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр кір тастарын көтеру де есте сақтауды 20 %-ға жақсартады екен.

Биікке өрмелеу «Шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы» - дейді ғалымдар. Себебі тепе-теңдікті сақтау арқылы жад жұмысы жақсара түседі екен. Бір сөзбен айтқанда, миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз де жақсара түсетін болады.

Қорытынды

-Балалар,бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Және несімен?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі