400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үндістан мемлекеті 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп бітіруші түлектерге арналған, ұбт да көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Үндістан

Сыныбы: 11-сынып

Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушылар қазіргі заманғы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық географиясымен танысады.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Үндістанның географиялық орнын, мемлекеттік құрылымын біледі.

Үндістан халқының өзіндік ерекшеліктері туралы айта алады.

Үндістан өнеркәсібі, сыртқы экономикалық байланыстарына баға бере алады.

Ресурстар: оқулық, флипчарт, слаид, дүниежүзінің саяси картасы.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология, химия.

Алдыңғы оқу: Қытай Халық Республикасы.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі (2минут)

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру

Шаттық шеңберін құрып, өз ойларын, тілектерін айтады.

Сыныпты географтар, саясаттанушылар және экономистер деген үш жұпқа біріктіру.

Үй тапсырмасын сұрау. (11 минут)

I-деңгей Зымыран сұрақтар (Әр жауап 1ұпай )

1.Қытайдың басқару формасы.

2.Қытай мемлекетімен шектесетін елдер

3.Қытайдың ұлттық валютасы.

4.Қытайдың сауда серіктестері кімдер?

5.Қытайдың мал шаруашылығының негізгі саласы.

II-деңгей Сөздер қоржыны Берілген сөздерден сөйлем құрайды. (Әр жауап 2 ұпай )

  1. Қытай, ресми атауы, Пекин, 9,6 млн.км, 1,3 млрд, 22117 км

  2. 22 провинция, 5 автономиялық, 3 қала

  3. Көпұлтты, 56 ұлт, 2/3 сі, конфуцийлік, ислам


Жаңа сабақ (12 минут) Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.

Жұптарға өз атауларына сәйкес суреттер мен тірек сөздер беріледі





Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, суреттер мен тірек сөздерді қолданып, жаңа сабақтың мазмұнын ашады.


Сабақты бекіту (12 минут)

1-деңгей. Географиялық диктант әрбір дұрыс жауап ( 1ұпай).

Үндістан ... орналасқан мемлекет. Оның жер көлемі ... 1947ж ... тәуелсіздігін алды. Шығысында ..., солтүстігінде ..., Қытаймен, батысында......... шектеседі. Азияның жетекші дамушы елі. Халқы ... адам. Халқы ... тілде сөйлейді. Ең ірі қалалары.... Өнеркәсіптің маңызды салалары: ..., ..., ..., .... Халықтың көп бөлігі ... мен темір жолда қызмет атқарады. Ауылшаруашылығында ..., ..., ..., ..., өсіреді. Негізгі сауда серіктестері: ..., ..., ....


2-деңгей. Ой қорыту әрбір дұрыс жауап 1 ұпай

Үндістан қандай мемлекет? Үндістан жайлы айтылмаған мәліметтер.

Айтылған жауап қайталанбауы қажет.










Қосымша тапсырма

3- деңгей

Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Үндістанның халқын түсіндіру.



Халық саны

Халқы 1095 млн адам. Тұрғындарының өмір жасының ұзақтығы ерлерде-58 жас, әйелдерде-60 жас.

Ұлттық құрамы

Елдің көпшілігі (72%) үнді-арийлер (300-ден аса этностық топтар), дравидтер халықтың 25%-ын, монғол тектестер 3%-ын құрайды. Елде барлығы 500-ден аса ұлттар мен тайпалар мекендейді.

Тығыздығы

1 км2-ге 290 адамнан келеді. Діні индуизм, ислам, христиан, сикха, будда тараған.

Тілдік құрамы

Мемлекеттік тілі-хинди және ағылшын тілдері, сонымен қатар 14 тіл (бенгал, тамиль, телугу т.б.) елдегі түрлі штаттарда ресми тіл ретінде қолданылады..



Үйге тапсырма (ә минут)

Үндістан тақырыбын оқу.

Үндістан экспорты және Үндістан импорты кластер құрастыру

Бағалау (3минут)

Оқушылардың жинаған ұпайларын санап, бағаны жариялау

Бағалау шкаласы:

10-8 ұпай - «5»

7-5 ұпай - «4»

4-2 ұпай- «3»

Кері байланыс (2минут)

Блоб көпірі арқылы өздерінің күтілетін нәтижеге қол жеткізгендерін не нәтижеге жетпегендерін бағалайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі