|
Күні:14.02.2018
Сабақтың
тақырыбы:
Ерте, ерте,
ертеде.
Ұр, тоқпақ.
(Ертегі)
Сынып: 2 «А»
|
Мектебі: №4
ЖББОМ
Мұғалімнің
аты-жөні:Жасарова С.А
Қатысқан оқушылар
саны:
Қатыспаған оқушылар
саны:
|
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаттары
|
2.1.4.1 - сөйлеу
барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды
қолдану
2.2.2.1 - мұғалім
көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын
шығармадан таба білу
2.3.3.1 - шығармашылық
жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, фотосуреттер
арқылы ұсыну
|
|
Сабақ
нәтижесі:
|
Оқушылардың
барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша
тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап
береді.
Оқушылардың
көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе
орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша
үлестірме ресурстармен жұмыс
жасайды.
Оқушылардың
кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша
тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен
дәлелдер келтіре алады.
|
|
Бағалау
критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық
тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын
өзіне аудара алады.
|
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу,
түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Рефлексия.
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Музыка, қазақ
тілі.
|
|
Сабақтың
жоспары
|
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы
:
|
Ресурстар
|
|
Басталуы
5
минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі 2 минут
Сәлемдесу:.
Жарқырап күн де
ашылды,
Күн нұры түгел
шашылды.
Қайырлы күн,
қонақтар,
Біз әдепті
баламыз.
Қайырлы күн,
ұстазым,
Біз көңілді
боламыз.
Психологиялық
ахуал қалыптастыру:
«Өзімді таныстыру
әдісі» тренинг
Оқушылар біз
бір-бірімізбен танысу үшін, өз есімдеріңізді атап, есімдеріңізге
байланысты өздеріңіздің өміріңізде маңызы бар үш негізгі рөлін
атайсыздар. Мысалы: Мен Салтанат үнемі көңіл күйі жоғары
болсын,әдемі болсын деп солай атаған
т.б
Қызығушылығын ояту.
Сөзжұмбақ арқылы жаңа
сабақты ашу. 3
минут
1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазған
ақын?Құнанбаев
2. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңін кім
жазды? Алтынсарин
3. Халық ауыз әдебиетінің бір
түрі? Ертегілер
4. Шөп оратын
құрал? Орақ
5. Аяғы біреу,қолы
жоқ.
Шиыр-шиыр жолы
көп,
Өзі сөйлей
білмейді.
Салған ізі
сөйлейді
Қалам
6. Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың
болса,аттама.
Кітап
7. Ел ордамыз қалай
аталады?
Астана
8. Аңқау арыстан ертегісіндегі
кейіпкер?
Қасқыр
|
Сәлемдесу
«Өзімді таныстыру» әдісі,
тренинг.
|
|
Жаңа
білім
10
минут
|
Білу және
түсіну
Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі
өтетін жаңа тақырыбымыз: «Ұр
тоқпақ»
«Жариялау» әдісі арқылы
ертегілер туралы түсінік беру. Бейнетаспадан «Ұр тоқпақ» ертегісін
көрсету.
Қолдану.
Синтез
«Ойлан-жұптас-бөліс»
әдісі.
Оқушыларға тапсырма беру.
Оқулықтағы тақырыпты қағазға жазып, бөліктерге бөліп, топтарға
тарқату. Оқушылар тақырыпты оқып танысады.Негізгі ойды өз түсінігі
мен айтады, ат қояды.Түсінгендері бойынша сахналық көрініс
көрсету.
Автор: Қаз: Қойшы
бала:
Шал:
Тұзақ:
Кемпір:
Түйеші:
Дәптермен жұмыс.
Сызбаны жалғастыр.
Ертегілер 3 - топқа
бөлінеді.
1. Хайуанаттар
туралы ертегілер
2. Қиял – ғажайып
ертегілер
3. Шыншыл
ертегілер
|
бейнетаспа
Оқулық,
мәтіндер,
қағаздар.
|
|
Ортасы
10
минут
|
Оқулық, қабырғаға
ілінген ватмандар, түрлі-түсті
маркерлер
|
|
Сергіту
сәті
3
минут
|
Сергіту
сәті "Ертегілер"
|
видеожазба
|
|
Аяқталуы
Сабақты
бекіту
5
минут
|
1.
Балалар біз бүгін қандай ертегімен
таныстық?
2.
Неліктен Қазбайдан әкелген қазанда еш нәрсе піспей
қалды?
3.
Балалардың іс-әрекетіне өз
көзқарасың?
4.
39-беттегі ертегіге берілген сурет қандай оқиғаға
сәйкес?
5. «Ұр
тоқпақ» ертегісі қай топқа жатады?
|
«Ойлан – жұптас –
бөліс» әдісі
|
|
Бағалау.
3
минут
Кері
байланыс
4
минут
|
Бағалау жұлдызшалар
-5,төртбұрыштар - 4, үшбұрыштар
-3.
«Өрмекші торы»
арқылы
Оқушылар шеңберге тұрып,
төмендегі сұрақтарға жауап
береді.
-
Сабақ барысында
көңіл-күйіңіз қандай болды?
Неліктен?
-
Бүгін не білдіңіз?
Сіз үшін не жаңалық болды?
-
Сабаққа қатысуыңызды
қалай бағалайсыз?
-
Сабақта қандай
қиындықтар туындады?
-
Сабақ аяқталғанда
көңіл-күйіңіз қандай?
Неліктен?
|
«Өрмекші
торы»
|
|
Үйге тапсырма:
оқу, дәптермен жұмыс.
|