400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Үш аю" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Үш аю" ертегісі

Білімділік саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш аю»
Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.
Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, орындық, маскалар, төсек орны, ботқа, ыдыстар, себет, үнтаспа.

Рөлде ойнайтындар:
Ата -
Абдул Азиз
Әже – А
йзере
Маша қыз –
Әлия
Үш аю
Папасы –
Нұрасыл
Мамасы –
Ұлдана
Қызы Мишутка –
Мадина

Жүргізуші: Сәлем балғын балалар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайын көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.

Ертекші: Баяғы бір заманда Маша деген қыз болыпты. Бір күні Маша орманнан бүрлер теріп қайтайын деп әжесінен сұранады.
Әжесі: Жақсы бара ғой, бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін

Маша: Әже деген көп шығар
Менің әжемдей жоқ шығар,
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша
Әжем менің тамаша.
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
Ата үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз
Әжесі: Жақсы бара ғой. Қызым алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Қызы
Ұлдана: Жарайды.
Баянсұлу орманда бүр теріп өлең айтып жүріп, адасып кетеді.
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
А - у - у - у ата, А - у - у - у ата
А - у - у – у әже, А - у - у - у әже қайдасыңдар, маған көмектесіңдер!

Ертекші: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді. Үйшік - үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі, баласын еркелетіп Мишутка деп атайтын.
Баянсұлу: Ашық тұрған есікке кірген
Ұлдана дастарқанда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, ортаншы табақ шешесінікі, ал кішкентай табақ – Мишутканыкі еді. Ұлдана үлкен табақтағы одан кейін ортаншы табақтағы бөкпенді жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкентай табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалдыЕң кішкентай орындық өзіне тұп – тура екен. Ұлдана тербеліп еді, орындық сынып қалды. Ұлданаға арғы бөлмеге кіріп еді онда төсектер бар екен. Ұлдана үлкен төсекке жатып еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Ұлдана дәп дәл келді. Сол төсекке жатқан Ұлдана ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.
Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі
Абдул Азиз: «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің бөкпенімді де татып көріпті»,- деп айғай салды.
Нұрдана: «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», деп шәңк - шәңк етті.
Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:
Абдуллах: «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп.

Әлия: «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.
Мадина: «Менің төсегімде жатқан Баянсұлуды көріп міне жатыр ұстаңдар», деп шәңк - шәңк етті.
Аюлардың даусынан шошып оянған Баянсұлу қорқып кетті.
Ұлдана: Мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар: Жарайды.

Ұлдана: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Дым білмейді масқара
Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешесіңдер ме?
Аюлар: Иә шешеміз.
Ұлдана: Тәті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар
Кіп-кішкентай арадан (аю)
Менімен ойнайсыңдар ма?
Аюлар: Иә ойнаймыз.
Ұлдана: Аю, аю тұршы
Беті қолын жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Әй - әй көйлек киші
Қане мені қушы - деп
Ұлдана қаша жөнеледі.
Аюлар қорбаңдап
Ұлданаға жете алмай қалады. Осылайша Ұлдана аюлардан құтылып, аман есен атасы мен әжесіне келеді.
Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Кімнің үйі екен? Баянсұлу кімнің тамағын жеп қойды? Баянсұлу аюлардан қалай құтылды?
Ертегі не жайында?
Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы.
Осылайша ертегіміз аяқталды.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі