жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Үш бақытым" 3 сынып
Мекеменің аты: М.Әуезов атындағы № 42 орта білім беретін мектеп
Аты-жөні: Асанова Бакыт Крыкбесовна
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі: 31 жыл
Санаты: Жоғары
Пән: Бастауыш сынып
Тақырыбы: М.Мақатаев. Үш бақытым
Сынып 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев. Үш бақытым.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңінің идеясын түсіне
білуге жағдай
жасау.
Дамытушылық: Ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу
тілін дамыту.
Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айта алатын шәкірт дайындау.
Тәрбиелік:
Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
ұстанымы:
«Қазақ тілін білген адам
Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген
адам, еліне, жеріне адал, табиғатына жанашыр бола алады.»
Ғ.Мүсірепов.
Табыс критерилері: ойын еркін жеткізеді, тақырыпты меңгереді, өзін-өзі, сыныптастарын бағалайды (стандарт)
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс, ақынның портреті, буклеттер т. б. суреттер, маркер, А-4 қағазы,
смайликтер, түрлі-түсті қағаздар.
|
Ойлау деңгейі |
Сабақ барысы |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Білу |
ОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ТжДО, АКТ |
3 мин. |
Жақсы тілек тілеп, көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық. (оқушыларға бағалау парақшалары таратылынады) Үй тапсырмасын тест арқылы тексеремін. Интербелсенді тақтадағы жауаптарын салыстырады. Жауаптары:
|
Оқушылар бір-біріне өз тілектерін айтады. Тест: 1.Туған жердің нәрі не? А)гүл, Ә)көл Б)шөп 2.Туған жердің ризығы не? А)балық Ә)гүл Б)топырақ 3.Туған жердің көркі не? А)тас Ә)аққу Б)қала 4.Туған жермен мәндес сөз. А)астана Ә)атамекен Б)тоғай Дұрыс орындаған балалар парақшаларына тиісті ұпайларын қояды. |
|
Түсіну |
ОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСО, ОБжК, АКТ. |
10 мин. |
Сонымен балалар, біз қазір қай тарауды бастадық? Яғни, бұл тараудан
біз өз еліміздің тарихы, табиғаты, ақын-жазушылардың еліне деген
сүйіспеншілікпен жазған шығармаларымен танысамыз. |
«Туған елім – туған жерім» Тарауда өз елінің тарихын, мәдениетін, ақын-жазушылардың еліне арналған шығармаларымен танысатындарын айтып өтеді. |
|
Қолдану |
ОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ТжДО, ОЖЕСО. |
10 мин. |
Бүгін, біз осындай
Отанын, елін, халқын, тілін жырлаған ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың
«Үш бақытым» өлеңімен танысамыз. |
Оқушылар орындап келген тапсырмаларын оқып береді. Топпен талқылап «бақыт» сөзіне топтастыру жасап, өз жұмыстарын қорғайды.
туған жер мектеп Әр топ өзінің жазғандарын шығып оқиды. (парақшаға бағаланады, топта барлық бала жұмыс істесе 6 ұпай қояды) |
|
Талдау |
ОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ТжДО, ОЖЕСО. |
10 мин. |
Жақсы. Енді М.Мақатаев «бақыт» дегенді қалай түсінетінін оның өлеңінен оқып танысайық. Өзім өлеңді мәнерлеп
оқып беремін. 1 шумақтағы ақынның бақыты кім? Халқы туралы не деген? 2 шумақта ше? Түңілмедім дегенді қалай түсінесіңдер? 3 шумақтағы бақыты? Отан деген не? |
Оқушылар мәнерлеп, тізбектеп оқиды. Әр топ ақынның «бақыт» сөзіне талдау жасайды. 1 топ. Халық-ол бірінші бақыт. Себебі халық болған жерде жақсылық, достық, бірлік болады. 2 топ. Тіл-ол екінші бақыты. Өйткені тіл әр халықтың негізі. Тіл бар жерде халық бар деген сөз. 3 топ. Отан-ол үшінші бақыты. Себебі Отан ол әр халықтың мекені Әр топ өзінің жазғандарын шығып оқиды. (парақшаға бағаланады, топта барлық бала жұмыс істесе 6 ұпай қояды) |
|
Жинақтау |
ОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСО, ОБжК. |
5 мин. |
Үйге тапсырма жазады. Өлеңді мәнерлеп жаттау. Ал, балалар, бүгінгі
сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау
жасайық Топқа тапсырма. Өлеңнің идеясы 2. Поэзия минуты.
Ойын «Жалғасын тап». Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді. |
Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазып алады. М.Мақатаев «Үш бақытым» Өлең 3 1-шумақ: Қымбаттырақ
алтыннан, алтын кен. Ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шекесіз махаббаты айтылады. (самғаймын) |
|
Бағалау |
ОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСО, ОБжК. |
2 мин. |
Бағалау парақшадағы ұпайлары бойынша бағаланады.
|
Әр оқушы өз жауабын дәлелдейді. Ұпай саны. 21 ұпай –«5» 20 ұпай – «4» 19 ұпай –«3» Сабақтың қаншалықты ұнағанын смайликтерге жапсырады |


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген