15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Үш бақытым" М. Мақатаев 4 сынып
|
Берілген уақыт |
Пәні: әдебиеттік оқу |
Мерзімі: |
Сыныбы: 4 |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
М.Мақатаев «Үш бақытым» |
||||
|
Сабақтың реті: |
4-сабақ |
||||
|
Жалпы сабақтың мақсаты: |
М. Мақатаевтың «Үш бақтым» өлеңінің идеясын түсінеді. Өз ойлары мен пікірлерін жеткізе отырып, әдеби тілде сөйлеу дағдылары мен сөздік қорлары дамиды. Бір-бірін тыңдауға, сыйлауға, бағалауға және ұжымда, шағын топта жұмыс жасауды үйренеді. |
||||
|
Оқу нәтижелері: |
-М. Мақатаевтың «Үш бақтым» өлеңінің идеясын түсінеді; -ойларын еркін жеткізе алады; -төменгі дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап бере алады -бір-біріне сыйластық көзқараспен қарайды; -шығармашылық тұрғыда бірлесіп жұмыс жасай алады; -өзін және құрдастарын бағалай алады; - ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді. |
||||
|
Түйінді идеялар: |
Отан, тіл, халық туралы т.сііктері кеңейеді |
||||
|
Сабақтың типі: |
Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері |
||||
|
Сабақты ұйымдастыру түрі: |
Тренинг |
||||
|
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
Биологиялық қажеттілік, көңілді смайлдар, ойқозғау, ойлан-бірік-бөліс, плюс-минус-қызықты, парталас көршіне бір сөз таңда, тізбекті үзіп аламағ форум, өздерін тексеру парағы, білім теңізне кемеңді жібер |
||||
|
Жұмыс түрлері: |
Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
||||
|
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: |
Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, суреттер |
||||
|
І Қызығушылығын оятукезеңі: |
|||||
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||||
|
1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын биологиялық қажеттіліктерін бірі шырын ішу арқылы бір-біріне өз отанымен қалай мақтанатынын айтқызу |
Оқушылар шырындарын ішіп тұрып бір-біріне отандарымен қалай мақтанатындарын айтады. |
|||
|
1 мин |
2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Шырын ішкен стақандарының түстері бойынша 3 топқа бөлініп отыруларына жағдай жасау |
Оқушылар стақандардың түсі бойынша 3 топқа бөлініп отырады. Топ мүшелерінің рөлдерін бөліп алады. |
|||
|
|
3-әрекет: Жеке жұмыс: Көңілді смайлдер әдісі бойынша көңіл-күйлерін білу |
Оқушылар алдарында жатқан смайлдар арқылы дәл осы уақыттағы көңіл-күйлерін білдіреді. |
|||
|
5 мин |
4-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Ой қозғау» әдісі бойынша бақыт дегенді қалай түсінесіңдер? жауап алу |
Оқушылар өздері қаншалықты түсінетіндері туралы жауаптар береді |
|||
|
5-әрекет. Топтық жұмыс: Ойлан, бірік, бөліс әдісі бойынша Шар ішіндегі тапсырма бойынша постер әзірлеуді тапсыру. Отан, тіл, халық дегенімізді қалай түсініп, елестете аласыңдар? Ойларыңды постерге түсіріңдер |
Әр оқушы жеке, жұбымен, тобымен ойланып, ойларын сурет, сызба арқылы постерге түсіреді. Жариялайды. |
||||
|
|
6-әрекет: Ұжымдық жұмыс: «Плюс-минус-қызықты» әдісі бойынша бір-бірінің постерін бағалатуға ұсыныс білдіру |
"плюс" – ұнаған ақпарат туралы айтады. «минус» – ұнамағанын, түсінбегенін, ақпараттың керек емес екендігі айтылады. «қызықты» – әуесқой деректерді мақұлдайды, білгісі келіп сұрақтар қояды. |
|||
|
|
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
||||
|
15 мин |
7-әрекет: Жеке, топтық жұмыс: Күту уақыты әдісі бойынша Оқулықтың 66-бетіндегі «Үш бақытым» өлеңін оқып шығып өздерінің ойларымен салыстыра отырып, идеясын табуды тапсыру |
Оқушылар өлең мазмұнымен жеке оқып танысады. Топтарында талқылап, өлеңнің негізгі идеясын табады. Жариялайды |
|||
|
|
8-әрекет: Жеке, топтық жұмыс: Парталас көршіңе бір сөз таңда әдісі бойынша «Сен жарайсың; Сенің айтқан идеяң маған ұнады; Сенің мүмкіндігің одан да зор» сөздерін пайдалану арқылы құрдастарын бағалату |
Оқушылар «Сен жарайсың; Сенің айтқан идеяң маған ұнады; Сенің мүмкіндігің одан да зор» сөздерін пайдаланып құрдастарының жұмыстарына баға береді |
|||
|
|
9-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Өлеңнің авторы М.Мақатаев екенін айту. Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіріп өту |
Оқушылар тыңдайды. Сұрақтар қояды, пікірлерін айтады |
|||
|
|
ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
||||
|
10 мин |
8-әрекет: Ұжымдық жұмыс: «Тізбекті үзіп алма» әдісі бойынша отан, тіл, халық туралы мақал-мәтелдер айтуларына ұсыныс білідіру |
Оқушылар мақал-мәтелдер айтады |
|||
|
2 мин |
9-әрекет: Жеке жұмыс: Көңілді смайлдер әдісі бойынша көңіл-күйлерін білу |
Оқушылар алдарында жатқан смайлдар арқылы дәл осы уақыттағы көңіл-күйлерін білдіреді. |
|||
|
3 мин |
10-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Форум әдісі бойынша бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын білдіреді |
Барлық оқушылар түйінді ойларын айтады. |
|||
|
11-әрекет: Жеке жұмыс: Оқушылардың өзін бағалау парағы бойынша өздерін-өздері бағалауларын ұйымдастыру |
Оқушылар өздерін бағалайды. |
||||
|
12-әрекет: Жеке жұмыс: Білім теңізіне кемеңді жібер әдісі бойынша кері байланыс орнату |
Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемелерін теңіз ортасына жібереді, түсінбегендер кемелерін теңіздің шетіне орналастырады. |
||||
|
|
Мұғалім |
Кожамкулова Айжан Жанболатовна |
|||
|
|
Тренері |
Есентаева Айжан Ыдырысқызы |
|||
«Өзін-өзі тексеру парағы»
Сабақтың аяғына дейін жүргізіледі.
Оқушының атыі_____________________________
|
Тапсырманың түрі |
Белгісі |
|
Постер дайындау |
|
|
«Плюс-минус-қызықты» әдісі бойынша бір-бірінің постерін бағалау |
|
|
«Үш бақытым» өлеңін оқып, идеясын табу |
|
|
Парталас көршіңе бір сөз таңда әдііс бойынша бір-бірінің постерін бағалау |
|
|
Мақал-мәтел айту |
|
|
Тақырып бойынша түйінді ойын айта алуы |
|
|
Әлі нені дамыту қажет? |
|
|
Маған ұнады |
|
|
Маған қиын болып көрінді |
|
Белгі бағанасына қойылатын белгілер:
* тапсырманы жоғары деңгейде орындадым
+ тапсырманы орта деңгейде орындадым
-тапсырманы орындай алмадым
|
Баға |
Дескрипторлар |
|
3 |
«Үш бақытым» өлеңінің мазмұнын біледі. Тапсырмаларды толық орындай алмайды. Ойын ашық, еркін жеткізе алмайды. |
|
4 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын айта алады. Тапсырмаларды орындай алады. Сұрақтар қоя алады. Белсенділік танытып отырады. Өзін және достарын бағалай алады. |
|
5 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын толық түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын еркін жеткізе алады. Дәлелді пікірлер ұсына алады. Өзге де мысалдар келтіре алады.Өзін және басқа оқушыларды бағалай алады. Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындайды. Ашық сұрақтар қояды, оған толық жауап бере алады. |
|
Баға |
Дескрипторлар |
|
3 |
«Үш бақытым» өлеңінің мазмұнын біледі. Тапсырмаларды толық орындай алмайды. Ойын ашық, еркін жеткізе алмайды. |
|
4 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын айта алады. Тапсырмаларды орындай алады. Сұрақтар қоя алады. Белсенділік танытып отырады. Өзін және достарын бағалай алады. |
|
5 |
«Үш бақытым» өлеңінің идеясын толық түсінген, біледі. Отан, тіл, халық туралы өз ойын еркін жеткізе алады. Дәлелді пікірлер ұсына алады. Өзге де мысалдар келтіре алады.Өзін және басқа оқушыларды бағалай алады. Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындайды. Ашық сұрақтар қояды, оған толық жауап бере алады. |
Отан, тіл, халық дегенімізді қалай түсініп, елестете аласыңдар?
Ойларыңды постерге түсіріңдер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген