15-тақырып. Жаңа үлгідегі
мектебім
1 - сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Үш
қабатты мектеп.
|
Білімділік:
Дамытушылық: Тәрбиелік:
|
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде өзінің жаңа үлгідегі мектебі, кабинеті
жайында толық ақпарат бере білуге
машықтандыру.
Тілдік коммуникация барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың байланыстырып сөйлеу
дағдысын қалыптастыру. Қысқа мәтіндер арқылы сыныптастарымен достық
қарым-қатынас қалыптастыруға тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Оқу
бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): өзінің жаңа үлгідегі мектебі, қазақ тілі кабинеті туралы айтады, таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): өзінің мектебін
қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдесе алады, қарапайым сөйлеу
үлгілері арқылы сұхбаттасады, жаңа үлгідегі
мектебі жайлы сөйлем құрастыра алады.
|
Негізгі
түсініктер:
|
Мектеп, ғимарат, қызғылт, күлгін, төселген, жап-жасыл , пән кабинеттері,
ақын.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4
парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер, желімқағаздар.
|
Оқыту әдістері:
|
Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, « Кофе
таяқшалары»,
«Оймоншақ»,
«СМС» әдісі, «Дөңгелек
үстел» ойыны, «Болжау» стратегиясы, «Желкенді
кеме» техникасы, сергіту жаттығуы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім
мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Оқушыларға психология- лық ахуал
туғызу
|
Мұғалім оқушыларды «шаттық
шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды
түгендейді.
|
Оқушылар «шаттық шеңберіне»
тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне жақсы тілектер
айтады.
|
Өткен сабақты
тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын
тексеру.
Қандай қыстық ойындарды
білесіңдер? Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді,
бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып
бойынша сұрақтарға жауап
береді.
|
І. Қызығушы- лықты
ояту
|
Осы өткен тақырып пен жаңа
тақырыпты байлыныстыра «Кофе таяқшалары» деген әдіспен балаларды
топқа бөлемін.
«Мектебім» әні арқылы
оқушыларға тақырыпты ашамын.
|
Оқушылар екі топқа
бөлінеді.
Әнді тыңдап, не жайлы екенін
айтады.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1.
Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерак- тивті тақтадан тақырыпқа
қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды
оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа
сөздерді тыңдайды,
мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс
айтылуымен ауызша жаттығу
жүргізеді.
|
2.
Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Қисынды
ойлау қабілетін жандандыру үшін әр түрлі суреттер
беріледі.
«Оймоншақ»
әдісі.
|
Айтылым. Берілген суреттер
бойынша әңгімелейді, сөйлемдерді
жалғастырады.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
ІІ.
Мағынаны тану
|
4.
Мәтінмен жұмыс. А)
Тыңдалым. Оқылым. Жазылым. Мәнерлеп,
дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты
қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жазылым.
Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға
машықтанады.
|
Ә) Тілдесім. 4-тапсырманы
орындатады. «СМС» әдісі
«Толық және қысқа
жауаптар»
|
Тілдесім. Үлгі бойынша
сұрақтарға жауап береді, диалогті
толықтырады.
|
Сергіту
сәті.
Видио
қосу.
|
|
4. Мәтінсоңы
жұмыс.
Тыңдалым.. Жазылым.
Оқылым.
«Дөңгелек үстел»
ойыны
-
Неше?
-
Қандай?
-
Не?
-
Қайда?
-
Кайткен?
|
Тыңдалым. Жазылым.
Оқылым.
«Дөңгелек үстел»
ойынының шарттарын
орындайды.
|
IV
.Бекіту
|
Топтық жұмыс. «Болжау»
стратегиясының негізінде «Жаңа заманның мектебі»
атты мәтін
құрғызады.
|
Мәтін құрайды.
|
V.
Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылар-
дың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны
өзі қояды.
|
Оқушылар әр тапсырмадан кейін
өзара бірін-бірі бағалайды
|
VI.
Үйге тапсырма
|
«Жаңа үлгідегі мектебім»
тақырыбында сурет салу,
сипаттау.
|
|
VII.
Рефлексия
|
Әр
оқушыға «Мектеп - кеме, білім – теңіз» деген қорытынды оймен «Желкенді кеменің» суреттерін таратамын.
|
Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін желкенді бояу арқылы көрсетеді.
|
Үш қабатты
мектеп
Мені анам қала мектебіне
бесінші сыныпқа берді. Мектеп орталық көшеде орналасқан. Жаңа
мектеп қызғылт кірпіштен салынған. Ол үш қабатты, әдемі ғимарат.
Маңдайшада «Кел, балалар, оқылық!» - деген Ыбырай атамыздың сөзі
ілінген. Бірінші қабатта асхана, спортзал, мәжіліс залы, мұғалімдер
бөлмесі бар. Екінші, үшінші қабатта кітапхана және оқу кабинеттері
орналасқан. Кабиенттердегі жиһаздар жаңа үлгіде жабдықталған.
Дәліздері кең әрі жарық. Еденге ұзын, күлгін түсті кілемшелер
төселген. Мектеп ауласы жап-жасыл, онда шыршалар, қарағайлар,
гүлдер өсіп тұр. Бұл мектепте жақсы оқу үшін барлық жағдай
жасалған. Мен қаланың мектебіне тез
үйрендім.

Біздің мектеп
қайда
орналасқан?
Ол қандай
ғимарат?
Мектептің екінші,
үшінші
қабатында нелер
бар?
Біздің мектепте
қалай
оқу
керек?