жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Үш таңбалы санға бөлу алгоритмі / Мәдени ескерткіштерді қорғау
|
Пәні: математика |
4 «Ә» |
|
|
Күні 22.11.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Озганбаева М.Б |
|
|
Тақырып: |
Тақырып: Үш таңбалы санға бөлу алгоритмі / Мәдени ескерткіштерді қорғау |
|
|
Оқу мақсаттары |
4.1.2.11** үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану |
|
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық оқушылар: -үш таңбалы санға бөлудің алгоритмін түсінеді. Көптеген оқушылар: -үш таңбалы санға бөлудің алгоритмін құрастырады және түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: -алған білімін санның әртүрлі бағытына ауыстыра алады. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология: -көбейту мен бөлу амалдарының компоненттерінің атауы, алгоритм, тексеру тәсілі. Талқылау: Екі және үш таңбалы сандарды көбейту алгоритмінің айырмашылығы қандай? Жазу: баған түрінде көбейту және бөлу |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу. |
|
|
Қолданылатын ресурстар |
Интербелсенді тақта, «білім шкаласы», «кір жайғыш жіп»,есептер жазылған парақтар, бағалау бетшесі, бағдаршам, екі жұлдыз |
|
|
Бастапқы білім |
Жазбаша көбейту мен бөлудің алгоритмі |
|
|
Жоспарланған |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы (психологиялық ахуал) |
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал 1.-Көңіл-күйлеріңіз қалай? -Жақсы, керемет! -Олай болса, осы көңіл-күйімізді бас бармақпен көрсетейікші... әнмәтінмен және алдыңғы білім бойынша сұрақтарға жауап бересіздер. ІІ. Топқа бөлу Оқушылар қиылған қағаздарды алып біріктіреді, біріктірген кезде ереже пайда болады, оны А-4 қағазына жапсырады. Ереженің шешімі топтың атауы болып табылады. Топ аттарын 3 тілде айтқызамын. 1-топ. Бөлінгіш-делимое- 2-топ. Бөлгіш-делитель- 3-топ. Бөлінді-частное- 4-топ. Алгоритм-алгоритм- |
Мәнмәтін, сұрақтар |
|
Сабақтың ортасы ЖЖ – жұптық жұмыс ТЖ-топтық жұмыс |
Негізгі бөлім І.Жаңа сабақ
3 918-ді 653-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын. Ол үшін 39 жүздікті 6 жүздікке бөліп, 6 санын аламын. Тексеремін 653 · 6 = 3 918. Бөлінді_____-ға тең.
Ол үшін 13 жүздікті 5 жүздікке бөлемін,2 шығады. Тексеремін: (573 ∙ 2 = 1 146). Қалдықты табамын. Ол бөлгіштен кіші (229 < 573). 2 цифрын түсіремін. Екінші толық емес бөлгіш 2 292-ні 573-ке бөлемін. 22 жүздікті 5 жүздікке бөлемін, 4 шығады. Тексеремін. Қалдық нөлге тең. Бөлінді _____-ке тең.
ІІІ. Сабақтың оқу мақсаттарын хабарлау. Көптаңбалы сандарды үш таңбалы санға жазбаша түрде бөлуді үйрену
«Білім шкаласы» әдісі Оқушылар алдында берілген «Білім шкаласына» тақырып бойынша білім көрсеткішін белгілейді. №2-тапсырма. Орындығына стикер жапсырған 4 оқушыны тақтаға шығарамын. 4 167 : 463=9 5 274 : 586=9 1 539 : 171=9 65076:986=66 ҚБ: «Қол шапалақ» ЖЖ «Кір жайғыш жіп» әдісі 5 256 : 584=9 6 183 : 687=9 1 358 : 194=7 93 765:987=95 11 584 : 362=32 36 512 : 652=56 ҚБ: Өзара бағалау ТЖ – тақтамен жұмыс.№3-тапсырма. d:524 =3 570:70 х:258=98 756 – 97 984 Математикалық диктант № 6 Азайғыш- 208 500, азайтқыш 44 455 пен523 сандарының бөліндісі: 208500- ( 44 455:523) =208 415 ҚБ: Топ басшысы бағалау Сергіту сәті ТЖ «Галлереяға саяхат» әдісі Топ басшысы сынып ішіндегі ілулі тұрған бір мәдени ескерткіштің суретін таңдайды. Берілген тапсырманы орындайды. №-4 тапсырма 1-топ Егер тіктөртбұрыш пішінді үстелдің ауданы -126 дм2, ал ұзындығы 14 дм болса, ені қанша болады? S=126 дм2 а=14 дм в=? ә. Осы үстелдің периметрін есепте P=а+в+а+в P=(а+в)*2 P=а*2+в*2 №7-тапсырма Өрнекті құр және оны шеш. 2- топ Мектеп асханасына күріш әкелді. 6 күн бойы күніне 4кг 500г-нан жұмсалды. Егер асханада 32 кг күріш қалған болса, асханаға қанша кг күріш әкелінген? 4500 · 6 + 32 000 = 59 000 (г) = 59 кг Жауабы: 59 кг. 3-топ Асханада орамжапырақ салынған 85 бәліш пісірді, бұл күріш салынған бәлішке қарағанда 2 есе кем. Орамжапырақ салынған бәлішке қарағанда күріш салынған неше бәліш артық пісірілген? 85·2 – 85 = 85 (дана.) Жауабы: 85 дана артық. 4 -топ 17 қалта ұнның салмағы 34 кг, ал 25 қалта күріштің салмағы 75 кг. Күріш салынған қалта ұн салынған қалтадан қанша кг ауыр? 75:25 – 34:17 = 1 (кг) Жауабы: 1 кг ауыр. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» |
С
Бағалау бетшесі
|
|
Рефлексия |
«Білім шкаласы» әдісі №-9 тапсырма х : 792 = 46 865 : 721 х : 792 = 65 х = 792∙ 65 х = 51 480 (y– 4 760) ∙ 568 = 81 224 (y– 4 760) = 81 224 : 568 y– 4 760 = 143 y = 4 903 |
|
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген