400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ұшақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ұшақты танып білуі қажет. Бұл ашық сабақ соған арналған. Ұшақ көлігі туралы көптеген мәліметтер алады. Оның әуе көлігі екенін біледі. Өте керемет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





-Сәлеметсіздерме ме, қымбатты балалар!- Балалар, бүгін ерекше күн! Өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.

-Кәне барлығымыз, қонақтармен амандасып алайық.

-Балалар мұғаліммен, келген қонақтармен амандасады.

Сәлеметсіздерме!

Здраствуйте!

-Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.

-Сендер сабаққа дайынсыңдар ма?

Барлығы хормен

-иә,

-Ендеше сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдары арқылы қимылдар жасайды.

Өткенді қайталау: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -қыс

Қыстың неше айы бар? -үш айы, қандай? желтоқсан, қаңтар, ақпан, –қыс мезгілінде ауа райы қандай болады? Аяз, суық, боран, қар жауады-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар, біз өткен сабақта нені мүсіндеуді үйрендік?

Балалар ойланып қалады.

-Ендеше мен сендердің естеріңе түсіру үшін әдемі жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ.

Қар үстінде,

Төменге зу етем,

Жоғары шықсам,

Оны өзім сүйретем.

(шана)

-Дұрыс айтасыңдар балалар!



Қызықты сәт:

Осы кезде есік сыртынан әдемі әуен естіледі.-Балалар , тыңдайықшы бірдеме келе жатқан сияқты. Осы кезде ішке ұшақ ұшып келеді. Балалар таң-тамаша болып қызыға қарайды.

Тәрбиеші: Балалар бізге ұшақ құр келмепті сендерге тапсырма алып келіпті.

1-тапсырма Дидактикалық ойын: «Көліктерді ажырат»

Тәрбиеші балаларға ойын ойнатады.

- Балалар, біз осы көліктер туралы не білеміз?

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

- Әуе көліктеріне нелер жатады?

- Су үсті көліктеріне нелер жатады?

-Жер беті көліктеріне нелер жатады?

Балалар көліктерді ажыратып айтып береді.

-Жарайсыңдар, балалар. Сендер 1-ші тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді екінші тапсырмаға көшейік.

2-тапсырма

«Ұшақты мүсінде»

Тәрбиеші:

Балалар,ұшақты бәріміз білеміз бе?

-иә

-Ендеше, ұшақ туралы сендерге қысқаша айтып өтейін.

Жаңа сабақ:

Ұшақ-әуеде ұшатын көлік түрі.Онымен көптеген қалалар мен жерлерді аралайды.Ұшақ жерден бірнеше км жүріп барып көтеріледі.Ол көбінесе қалықтаған құсқа ұқсайды.Оның алдыңғы бөлігінде үлкен екі қанаты,арт жағында екі кішкене қанаты бар.Астыңғы жағында дөңгелегі бар.

Ұшақ сопақша пішінге ұқсас болып келеді.

Сөздік жұмыс: көлік- ұшақ,

-Балалар,ендеше біз ұшақ әкелген екінші тапсырасын орындауға кірісейік.

-Балалар,мүсіндеуге қандай құрал-жабдықтар керек екенін білеміз бе?/Тәрбиеші ермексаз,тақтайша,кескіш сулықпен таныстырып өтеді/.Қауіпсіздік ережелері туралы да айтып өтеді.

-Жарайсыңдар, балалар!



Балалар, біздің бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетімізде осы құралдарды пайдалана отырып ,ұшақты дайындап көрейік.

Жұмыстың орындалу тәсілі:

  • Алдымен ермексазды түсіне сай таңдап аламыз.

  • Ермексазды жұмсартып аламыз.(Ермексазды илейміз)

  • Бөлшектерге бөлеміз.(Үзіп алу әдістерін пайдаланамыз)

  • Ермексазды алақанымыздың ортасына салып,жаныштап, дөңгелетіп,тақтайшаның үстінде есу әдісі арқылы ширатамыз.

  • Ұшақты сопақша пішінге келтіріп,бас жағын үшкірлейміз.

-Балалар, қане барлығымыз ұшақтың пішінін шығарып болсақ, ұшаққа арнап бірге тақпақ айтып берейік.Әрі бойымыз да серігіп қалсын.

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,
Ұшақ боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.

Жұмысты жалғастыру:

  • Енді ұшақтың қанаттарына ермексазды таңдап аламыз.

  • Оны ширатып, саусақтардың көмегімен жаныштап бастырамыз да,ұшаққа орнатамыз.

  • Сонымен ұшағымыз дайын.

-Енді, жасаған ұшағымызды көрмеге қоямыз.

Тәрбиеші:

Балалар барлығымыз ұшақтың қалай ұшатынын кім жүргізетінін тақтадағы слаидтан көріп тамашалайық.

Қорытынды:

Педагог жасаған жұмыстарына оң баға береді.Бүгінгі сабақта не туралы білгендерін, ненің ерекше естерінде қалғандарын сұрап тексереді.

1.Балалар,бүгін бізге қонаққа кім келді?

2.Біздер бүгін нені мүсіндеуді үйрендік?

3.Ұшақтың неше қанаты бар?

Балалар білімін қортындылап,жақсы қатысқандары үшін мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды.

-Сау болыңдар!балалар!

Осымен II-кіші сәбилер тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.



















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
1176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі