Ашық сабақ ұшақтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ ұшақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Ұшақтар.Балалрды 5 ке дейін санау машықтарын бекіту. Пішіні мен көлемңн ажыратуға үйретуді жалғастыру. Түстерді ажыратуды бекіту
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Көліктер қалашығына саяхат»

Танирбергенова Қолқанат Қошқарбаевна

КМҚК «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі


«Балдаурен» ересек жас тобы

Тақырып : «Көліктер қалашығына саяхат»

Білім беру саласы: Таным, Бөлімі : математика негіздері

Мақсаты қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

білімділік: : Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету.

Алдын ала жасалынған жұмыс : «Тачки» мульфильді көру

Көрнекілігі: Тақырып мазмұнына байланысты суреттер, теледидар, DVD.

Құрал-жабдық: геометриялық пішіндер мен түрлі-түсті қағаз, тақ және жұп сандар жазылған автобустардың суреттер-карточкалары, цифрмен белгіленген машиналардың шиналары, желім, терезелері бар вагондар,фломастерлар, цифрлар жазылған карточкалар.

ҰОҚ барысы :
Мотивациялық қозғаушы.
«Амандасу рәсімі»
«Айгөлек» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен үлкенмен,
Амандасып алады.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!

Тәрбиеші: Балалар, бізге бүгін бір хат келді. Кімнен болды екен? Слайд : Тачки мульфильмі,Макуіннің суреті : «Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен Макуинмын. Біздің көліктер қалашығында үлкен апат болды. Бір зұлым күш барлық көліктерді жан жаққа шашып, сындырып тастады. Енді қалашығымыздың тұрғындары еш жаққа шыға алмай,баратын жерлеріне жете алмай қалды. Тіпті азық алу үшін дүкенге де жете алмай тұрмыз. Бізге сендерден көмек керек болып тұр. Сендер біздің қалашығымызға келсеңдер өте жақсы болар еді.»

Ой қозғау:Макуин   алыста тұрады , оған немен жетеміз? Жаяу барамыз ба? Әлде көлікке мінеміз ба? Қандай көлік түрлерін білесіңдер? (көлікті таңдау).

«ТРИЗ» технологисы бойынша «Жақсы-жаман» ойыны. Автобуспен бару (ұшақпен т.с.с.)  жақсы (жылы, тез)? Жаман, әлсіз жағы? (тар , авария,апатты)

Тәрбиеші : балалар, ондай болса топқа бөлінейік ./ Балаларға Лего, қиылған сурет, трек-сызба беріледі. Балалар өз таңдаулары бойынша топтарға бөлініп берілген материалмен көліктерін /ұшақты / құрастырады. / Ал, балақайлар Макуинге жететін көліктеріңді жасап алдыңдар ма? Ондай болса «Көліктер қалашығына» кеттік.

Слайд2 : аэропорт, карта SOS ЖАЗУЫ БАР . Міне, біз қалашыққа жеттік .Мынау қалашықтың картасы . қараңдар,картада белгілер тұр, SOS ЖАЗУЫ  Бұл қандай белгі,нені білдіреді? / бізден көмек сұрауды білдіреді / Неден бастаймыз? Қалай?/ Балалар тапсырманы таңдайды.картадағы белгіні таңдау арқылы/. Санамақ аламыз ба?

Әр тапсырманы орындаған сайын сараптама жасап,бағалап отыру керек. – картаға смайлик ілу керек, бұл тапсырманы жақсы орығандарын білдіреді. Келесі тапсырманы да балалар өздері таңдайды.

І ші тапсырма:«Әуежайдағы ұшақтардың ұшуын басқаратын пультті жөндеу»

Әуежайда ұшуды басқаратын пульт істеп шығып қалыпты, соны жөндеуіміз керек. Пультта геометриялық пішіндерден тұратын 5 тетік болды, соларды орындарына келтіру қажет. Сендер түрлі түсті қағаз алуларың керек, алдарыңа қойыңдар, енді геометриялық пішіндерді алыңдар да мұқият тыңдардар:  

( диктофонға жазылған роботтың дауысы)
жоғарғы оң жаққа үшбұрышты қойыңдар;
төмендегі сол жаққа тіктөртбұрышты орналастырыңдар;

төмендегі оң жаққа шеңберді қойыңдар ;

жоғарғы сол жақтағы бұрышқа шаршыны орналастырыңдар

енді қанша тетік болғанын санаңдар?
-
Төрт тетік болды.
-
Бес еу болу үшін не істей керек?
-
Бір теткіті қосу керек.
-
ортасына жұмыр пішінді қойыңдар. Достарыңда нешеу болғанын қарап алыңдар, енді өздеріңді тексеріп алыңдар.

  • Дұрыс шықты ма? / картаға смайлик ілу/

ІІ тапсырма: «Автобус бекетінін кестесі» / Слайд№3 автобус бекеті/ Сендерге тапсырма: « жолға жүретін автобустарды кесте бойынша қойып шық» Ол үшін не істеуіміз керек?балалар тапсырманы орйындайды. / тапсырманы орындап болғанан кейін картаға смайлик ілу/

Бұл автобустар тұратын орын- автобус бекеті . бекетте автобустар жүретін кесте жоғалып қалыпты.солүшін автобустар өз ауқыттарымен жүре алмай тұрып қалды. Ал,жолаушылар болса,оларды күтүде.Ал,балалар, автобекеттегі автобустардың тұратын орындары шатасып кетіпті,соларды орнымен қояйық. 1-ші топ автобустарды реттік санымен қойып щығады.

2-ші топ автобустарды түсіне сәйкес қойып шығады.

ІІІ тапсырма«Автосервис» /слайд№4 автосервис/ бұл жерде машиналардың дөңгелектері шашылып қалыпты.Әр машинанын өзінің дөнгелектерінің топтамасы болу керек. Машиналардың номерлері бар . дөңгедектердің қосындысы машинаның номеріне сәйкес келу керек. Жоғалған дөңгелекті тауып машинаға желемдеп берейік. /мысалы: машинада 4 номер болса, дөңгелектерге жазылған 2және 2 сандар/ балалар тапсырманы орйындайды. / тапсырманы орындап болғанан кейін картаға смайлик ілу/

«Теміржол бекетіндегі ретсіздік»слайд №5 теміржол бекеті.

Вагондардағы орындар шатасып қалыпты. Жолаушылар өз орындарын таппай қиналып қалыпты.Менің кішкентай достарым,сендер жолаушыларға көмектесуге дайынсыңдар ма? Ондай болса көмектесейік. Балаларға вагондар таратылады , орал фломастермен жетіспейтін санды жазып ,реттік қатарды толықтыру керек.

1..3, …4…, вагондарды ретімен қойып,поезді жинаймыз. балалар тапсырманы орйындайды. / тапсырманы орындап болғанан кейін картаға смайлик ілу/

Порттағы касса слайд№6 / ойын/

Порттағы ретсіздіктен тұрақта кемелер көп жиналып қалыпты. Жолаушыларды орындарымен отырғызып, кемелерді жолға аттандыру керек. Балалар, цифрлар жазылған каточкаларды шеңбер бойымен жібереді. Тоқта деген белгі берілген кезде, кемеге тоқтаған карточкаға сәйкес жолаушыларды отырғызу керек. / кішкентай қуыршақтарды, ойыншықтарды/ Мысалы: 4 тоқтаса ,4 жолаушы отырады/ балалар тапсырманы орйындайды. / тапсырманы орындап болғанан кейін картаға смайлик ілу/

Конструкторлық кеңсе:

Бұл жерді ретке келтіру үшін, түрлі құрастыру материалдардан көліктерді жинап құрастыру қажет. Моделдерді жиау үшін сендерге санау таяқшалары, геометриялық пішіндер, т.с.с құрастыру материал қажет. Балалар , шағын топтарға бөлініп, алдарыңда тұрған құрастыру құралдармен өздеріңе ұнаған көліктердің ортақ моделін құрастырып шығындар. СЕндер өз қиялдарын бойынша құрастыра аласыңдар,болмаса конструкторлық кеңседе тұрған сызбаға қарап жасауларыңа да болады. Керекті ойындарыңды алыңдар. Ұнаған жерде құрастыра беріңдер./ столда, кілемшеде, жерде.../ балалар тапсырманы орйындайды. / тапсырманы орындап болғанан кейін картаға смайлик ілу/

«Белгілеу жолақтары»

Тәрбиеші :Балалар, әуежайдағы Белгі беретін жолақтар істен шығып кетіпті. Ұшақтар қайда қонарын білмей қиналып қалды. Оларды жөндеп беру керек. Балалар, алдарыңда тұрған карточкаларда кейбір жолақтар жол, сол жолақтарды орнына қою керек. / ұзын сары, қысқа жасыл, жіңішке көк, жалпақ қызыл/ ? Қанша жолақ жетіспейді, қандай? Ал, бұл тапсырманы қалай орындаймыз? Кезекпен ба,әлде топқа бөлініп па? балалар тапсырманы орйындайды. / тапсырманы орындап болғанан кейін картаға смайлик ілу/

Кері байланыс :

Тәрбиеші :Менің кішекентай достарым, картаға назар аударайықшы. Картада қаупті белгілердің біреуіде қалмапты , бұл біз барлық тапсырмаларды дұрыс орынғананымызды білдіреді. Кане, өзімізді мадақтап қояйық. «Отшашу әдісі» бойынша./ төменнен жоғары қарай қол шапалақтау/ Сендер үшін қандай тапсырма қиын болды? Немен қиын болды ? Біз бүгін қандай көлік түрлерін пайдаландық. Көлік адамға не үшін керек? .

Біздің топқа қайтатын уақыт келді. Маквин балаларға түрлі көліктердің суреті бар бояғыштарды таратады. Рахмет айтып қоштасады.

Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс - әрекетіне белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.
Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.
Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.
Игереді: Тапсырмаларды орындайды.
Қолданады.: Күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2021
338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі