400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Үшбұрыш теңсіздігі" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне көмегі болады деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Түзулердің өзара орналасуы

Мектеп: «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» КММ

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Нургазина Шынар

Тақырыбы:

Үшбұрыш теңсіздігі

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.20

үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;

7.1.3.1

үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

SMART мақсаттар

Барлық оқушылар

Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатысты, үшбұрыш теңсіздігін ажырату;

Оқушылардың басым бөлігі:

Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатысты, үшбұрыш теңсіздігін есептер шығаруда қолдану;

Кейбір оқушылар:

Заңдылықтарды өз бетінше анықтап, үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты, үшбұрыш теңсіздігін есептер шығаруда тиімді қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Үшбұрыш теңсіздігін есептер шығаруда тиімді қолдану

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- үшбұрыш теңсіздігін ауызша тұжырымдай біледі;

- ауызша тұжырымды қандай да бір үшбұрыш үшін теңсіздік түрінде жаза біледі;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- үшбұрыштар теңсіздігі;

- үшбұрыштың екі қабырғасының қосындысы;

- үшбұрыштың екі қабырғасының айырымы;

- үшбұрыш қабырғаларының қатынасы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-    Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан ......... болады.
- Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан ......... болады;

Құндылықтарды дамыту

Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, өз білгенін басқалармен бөлісу

Пәнаралық байланыс

геометрия, информатика.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютер

Бастапқы білім

Үшбұрыш, үшбұрыш түрлері, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынас



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут


1 минут


Жұптық жұмыс

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларға сәттілік тілеу.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі


Сөзжұмбақ шешу





 


 

 

 







 

 

 

 

 

 

 

 


 

 






 


 

 

 


Көлденеңінен

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап қиылысатын қабырғалары;

  2. Тең бүйірлі үшбұрыштың өзара тең қабырғалары;

  3. Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді

  4. Параллель екі түзуді үшінші бір түзумен қиғанда пайда болатын өзара тең бұрыштар

Сары түспен боялған вертикаль орналасқан бағаннан Абай

сөзі шығады. Абайдың 175 жылдығына тоқталып өту. Абайдың қазақ халқы үшін еңбегінің маңыздылығы, жалпы адамзат тарихындағы шоқтығының биіктігі туралы оқушылармен пікір алмасу.

Презентация




Үлестірме материалдар


Оқулық

Жұмыс дәптері


Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс

7 минут





























4 минут
























3 минут




Жеке жұмыс

3 минут








3 минут










10 минут

І топтық жұмыс

«Бір артық, бір кем» әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындау.

Оқушылар отырған орындарына сәйкес шағын топтарға бөлінеді. Үлестірме материалдар салынған конверттер таратылады. Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар топ болып жұмыс жасайды.

Тапсырмалар

І топ

Тең қабырғалы үшбұрыш, қабырғалары әр түрлі үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш

ІІ топ

Сүйір бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш

ІІІ топ

Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, периметрі

ІV топ

Бүйір қабырға, табан, катет, сүйір бұрыш

Дұрыс жауаптары

І топ

Артық - доғал бұрышты үшбұрыш

Кем – тең бүйірлі үшбұрыш

ІІ топ

Артық – тең қабырғалы үшбұрыш

Кем - тікбұрышты үшбұрыш

ІІІ топ

Артық – периметрі

Кем – медианасы

ІV топ

Артық – сүйір бұрыш

Кем – гипотенуза

Артық және кем ұғымдар бойынша оқушылар өз талдау, тұжырымдарын айтып өтеді.


ІІ топтық жұмыс

Әр топқа екі конверттен таратылады. Конверттегі ұзындығы көрсетілген кесінділерден үшбұрыштар құрастыру керек. Қандай жағдайда бұл кесінділерден үшбұрыш құрастыруға болады немесе құрастыруға болмайтынын оқушылар өздері пайымдап, заңдылығын анықтауы қажет.

Мысалы:

1.      АВ қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады?
Ж: ВС
 және АС қабырғаларының қосындысынан кіші болады.
2.      ВС қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады?
Ж: АВ және АС қабырғаларының қосындысынан кіші болады.
3.      АС қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады?
Ж: АВ және ВС қабырғаларының қосындысынан кіші болады.

4.      Үшбұрыштың бір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болмайды. Неліктен? 

Ж: өйткені ол кезде үшбұрыш фигурасы шықпайды және үшбұрыштар теңсіздігі орындалмайды.


Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Үшбұрыш теңсіздігі»

1.      Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады.
2.      Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан үлкен болады.

  1. АВС үшбұрышы үшін үшбұрыштар теңсіздігiн жаз: 

АВ<AC+BC,  АC<AВ+BC, BC<AB+AC

  1. Қабырғалары 3 см және 4 см болатын үшбұрыштың үшінші қабырғасы n, мұндағы nЄN. n-нің мүмкін бүтін мәндері қандай?  Ж: n<3+4, n<7. n=1,2,3,4,5,6

  2. Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:5-ке тең болуы мүмкін бе?

Ж: жоқ, себебі 5<2+3 теңсіздігі орындалмайды.


Ақиқат немесе жалған
Дұрыс жауапты «+», қате жауапты «-» таңбасымен белгіле:

  1. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болады. Жауабы: –

  2. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан үлкен болады. Жауабы: –

  3. Егер АВ=10 см, ВС=3 см, АС=8 см болса, онда  А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: +

  4. Егер АВ=11 см, ВС=2 см, АС=9 см болса, онда  А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: –

Оқулықпен жұмыс

Есептер шығару №17.1; 17.2; 17.3

Презентация


Үлестірме материалдар




Оқулық

№1жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма



А3 форматты ақ қағаз,қарындаштар



Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

Қызықты, құнды, қиын


Үйге тапсырма: §17, №17.4 – 17.5


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1047
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі