400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері. 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге немесе студенттерге керек, сабақ барысында қолдану үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №55 жалпы білім беретін мектеп

9.2.А Жазықтықтағы түрлендірулер

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Куралбаева Меруерт

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.14 үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану

Сабақтың мақсаты

-үшбұрыштар ұқсастық белгілерін білу

- қасиеттерін түсіну

- есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

-үшбұрыштар ұқсастық белгілерін ажыратады

-қасиеттерін түсінеді

- есептер шығаруда қолданады

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: теорема , катет, пропорционал, фигура, өлшемдер, гомотетия, центр, үшбұрыштар теңдігі, үшбұрыштар ұқсастығы, түрлендіру

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Бір фигураны екінші фигураға түрлендіргенде екі нүктенің арақашықтығы сақталса, онда…

Қандай фигуралар тең фигуралар болады?

Фигураның түрін сақтап, бірақ өлшемдерін өзгертетін түрлендіру қалай аталады?

Үшбұрыш дегеніміз не?

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері?

Қандай үшбұрыштар ұқсас деп аталады?

Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал болып және осы қабырғалар арасындағы бұрыштарын тең болса, онда….

Үшбұрыштар ұқсатығының екінші белгісі …..

Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болса, онда….

Құндылықтарға баулу


Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық ,бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге жән адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, география

Алдыңғы білім


Үшбұрыш, фигуралар теңдігі, фигуралардың ұқсастығы, гомотетия, ұқсастық коэффициентін біледі

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


5 мин








4 мин

Oқушылармен сәлемдесу

Cабақ басында оқушылардың назарын шоғырландыруға көңіл бөлу

Үй тапсырмасын сұрау. «Көршіңді сына» тәсілі арқылы жанында отырған оқушымен дәптерлерін алмасып, тақтада көрсетілген жауаптары бойынша тексеріп шығады.



Б ағалау , ,, арқылы орындалады.



Қандай фигуралар тең фигуралар болады?

Қандай үшбұрыштар ұқсас деп аталады?

сұрақтары бойынша сабақ мақсатын анықтаймыз, осыдан оқушылар сабақ соңында не үйреніп шығатынын баяндайды және оқушылар «суретте» бейнеленген кеспе қағаздары арқылы үш топқа бөлінеді.




Слайд1


Слайд2



Слайд3





Кеспе қағаздары

Сабақтың ортасы

10 мин





5 мин




































5 мин









Жаңа тақырыпты ашу

Үшбұрыштардың ұқсастығының белгілерін тұжырымдап, оларды дәлелдеу үшін «Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі арқылы әр топ өздеріне берілген ұқсастық белгілерін талдайды.

Ширату жаттығулары оқулық бойынша

Тапсырма №8 Топпен жұмыс

АВС және А1В1С1 ұқсас үшбұрыштарында АВ=8см, ВС=10см, А1В1=5,6см , А1С1=10,5см. АС және В1С1 –ді табыңыз.

Дескриптор:

  • Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін біледі

  • В1С1 –ді табады

  • АС-ны табады

Тапсырма №13 Топпен жұмыс

Екі үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары:

  1. 4,5,6 және 8,10,12

  2. 3,4,6 және 9,15,18

  3. 1,2,2 және 1,1, 0,5 болса, онда олар ұқсас бола ма?

Дескриптор:

  • Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін біледі

  • Пропорция құрады



Бағалау , , арқылы орындалады.


Саралау: «Қарқын» тәсілі. Тапсырманы жылдам орындаған оқушыға қосымша тапсырма беру.

Қосымша тапсырма:

  1. Үшбұрышты оның қабырғасына параллель емес түзумен қиып өтіп, онымен ұқсас үшбұрышты алуға бола ма?

  2. Бойы 1,7 м адам көше шамы ілініп тұрған бағаннан 8 қадам қашықтықта тұр. Адамның көлеңкесі төрт қадамға тең. Көше шамы қандай биіктікте (метрмен өлшегенде) орналасқан?

  3. Тау үстінде биіктігі 100 м-ге тең мұнара тұр.Таудың етегіндегі қандай да бір А нүктесі алдымен мұнараның В ұшынан 600 бұрышпен, ал содан соң оның С табанынан 300 бұрышпен көрінеді. Таудың Н биіктігін табыңдар.

«Жедел хат» әдісі арқылы хатқа салынған тапсырмаларды әр топқа тарқатамын:

1 топ

O қжетпес – Бурaбай көлі- Әулиекөл (қасиетті көл) жағасында орналасқан биік жартас. Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз-әңгімелер айтылып жүр. Бақылаушы таудың етегінде А нүктесі болып тұрып бір түзудің бойында орналасқан қаданың С ұшы мен жартастың D жоғарғы нүктесін көреді (14.18.сурет). Егер АЕ=500м, АВ=6м және ВС=3м болса, онда жартастың биіктігін табыңдар.













2 топ

14.19 суреттегі «Бaйтерек» монументі – металдан, шыныдан және бетоннан жасалған, алтын жалатылған шары бар әдемі архитектуралық ғимарат – барлық әлемдік біірлестік үшін Tәуелсіз Қазақстанның символы. Бәйтеректен қандай да бір қашықтықта тұрған адам оның панорамалық залындағы адамдарды көреді. Егер MD=145,5м MB=3м және AB= 2м болса, онда ғимараттың биіктігін табыңдар.

3 топ

Қaзақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі болатын Бейбітшілік пен келісім сарайы – Пирамида кескінделген. Пирамиданың көлеңкесінің ұзындағы 93 м-ге, сол уақытта жерге тігінен қадалған қаданың көлеңкесінің биіктігі 3 м-ге тең.(14.21 сурет). Егер қаданың биіктігі 2 м-ге тең болса, онда пирамиданың биіктігін табыңдар.









Үш топтың тапсырмаларының дескрипторы :

  • Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін біледі

  • Пропорция құрады

  • Биіктігін табады

Топ бір-бірін мадақ сөздер арқылы бағалайды

Саралау «Диалог және қолдау» тәсіл. Тапсырманы жылдам орындаған оқушы көмек қажет ететін оқушыға көмектеседі.



Слайд 4



Слайд 5


9 сынып Геометрия «Мектеп» баспасы В.А.Смиронов, Е.А.Тұяқов

82 бет





























Слайд 6

Сабақтың соңы

5 мин






4 мин

«Интервью» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймыз. Мұғалім әр топтан:

- Үшбұрыштар ұқсaстығының үш белгісін ажыратыңыз?

- Тік бұрышты ұшбұрыштардың ұқсастық белгілері жайлы не білесіз?

- Есептер шығаруда үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін қалaй қолданасыз?

Oқушылардан рефлексия «БББ» кестесі арқылы жүргізіледі.

Үйге тапсырма: №14 , 15 (82 бет)


Слайд 7







Слайд 8

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Қарқын» тәсілі. Тапсырманы жылдам орындаған оқушыға қосымша тапсырма беру.

«Диалог және қолдау» тәсіл. Тапсырманы жылдам орындаған оқушы көмек қажет ететін оқушыға көмектеседі.

«Интервью» әдісі



Б ағалау , , арқылы орындалады.





Топ бір-бірін мадақ сөздер арқылы бағалайды


Салауаттық өмір салтын сақтау үшін тазалықты сақтауға, ұқыптылыққа дағдыландыру. Ток көздерінен қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақмақсаттары немесе оқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме? Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
2229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі