жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы, 7 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Математика Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Үшбұрыш ішкі бұрыштарының қосындысы |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Үшбұрыш ішкі бұрыштарының қосындысы |
||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме) |
7.3.1.16 Үшбұрыш ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарын дәлелдеу |
||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критериі |
-Үшбұрыш түрлерін ажырата алады - Бұрыштарын анықтай алады -Есеп шешуде қолдана алады |
||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту Сүйір ,доғал ,тік бұрыш ,айқыш бұрыш , тұстас бұрыш |
||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік Ел», Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана. Астана қаласының ғимараттарының сипаттық ерекшеліктері. Оқушыларды еңбекке және шығармашылыққа баулу, ынтымақтастық құру арқылы өмір бойы білім алу. |
||||||||||||||||||||||||||||||
География,сызу бейнелеу |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Транспортир көмегімен бұрыштарды салу және өлшеу ,айқыш бұрыш , тұстас бұрыш, сәйкес бұрыштар,ішкі айқыш бұрыш,ішкі тұстас бұрыштарды біледі және есептер шығара алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша білім
|
Интернет желісі http://www.mathsisfun.com/triangle.html
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-12 минут |
(Әр оқушы қасындағы көршісінің атын айтып, бір ауыз сөзбен жақсы қасиетін айтады. Мысал үшін: Бақытжан – бақытты, Алмас – ақылды т.б.)
«Сұрақты қағып ал» тəсілі. Сұрақ – жауап.
|
Қосымша №1
Стикерлер
Қосымша №2 |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 13-34 минут
|
Жаңа сабақты талқылау. (15 мин) Тапсырма: 1 – топ «тік бұрышты үшбұрыш» , 2 – топ «теңбұйырлы үшбұрыш» және 3 – топ «тең қабырғалы үшбұрыш» топтарға үшбұрыштардың жасалған моделдерін таратамын.Зертханалық жұмыс. Мақсаты:Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын анықтау. 1-топ үшбұрыштың бұрыштарын «бүктеп» қосады, қорытынды жасайды. 2-топ үшбұрыштың бұрыштарын қиып алып, кесілген төбелері бір нүктенің бойында жататындай,ал бұрыштың қабырғалары басқа бұрыштың қабырғаларымен беттесетіндей етеді ,қорытынды жасайды. 3-топ берілген моделді дәптерлеріне сызады, транспортирмен бұрыштарын өлшейді, қорытынды жасайды
Сұрақ:Қандай қорытынды жасадыңыз? Әрбір топ үшбұрыш ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасына Постер жасайды және қорғайды.
Сергіту сәті. (2 мин) |
||||||||||||||||||||||||||||||
Критериі |
Дескриптор |
Балл |
Ойлан тап |
Фигураны сала алу |
1 |
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын таба алуы |
1 |
|
Екі бұрышына қарай үшінші бұрышын таба алуы |
1 |
|
Үшбұрыштың түрлерін ажырата алуы |
1 |
Қосымша №2.1
Қосымша №3
Сабақтың аяғы
35-45
Жаңа сабақты қорытындылау үшін «Жеке жұмыс» түрінде қатесі бар геометриялық диктант қолданамын.
Үйге тапсырма беру:
Бағалау.
Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі
Қосымша №4
Қосымша №5
Қосымша №6
Қосымша №7
Әр сабақ кезеңінде бағалап, толықтырып отырамын. Қабілеті жоғары оқушыларға оқулықтағы күрделі есептерді бере отырып, есептің шартын түрлендіре отырып орындауына тапсырма беремін.
«Сұрақты қағып ал» Сұрақ – жауап арқылы, үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақты талқылау мақсатында оқушыларға «БББ» әдісі арқылы баға беремін.
«Ойлан тап» әдісіне оқушыларға «Бағдаршам» ережесіне сай баға беремін.
Жаңа сабақты қорытындылау үшін геометриялық диктантты тапсырмасына көңіл - күй смайликтері арқылы бағалаймын.
Топ ережесіне бағыну, техника қауыпсіздік ережесінің бір тармағын, жол ережесі мен байланыстырамын, сергіту сәті.
Сабақ бойынша рефлексия
Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?
Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.
Жалпы бағалау
Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?
Қосымша № 1
1. Үшбұрыштар дегеніміз не?
2. Үшбұрыштың негізгі элементтері
3. Үшбұрыштың түрлерін ата
4. Үшбұрыштың ішкі бұрышы дегеніміз не, нешеу?
5. Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері
6. Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына байланысты түрлері
7.Айқыш бұрыштар дегеніміз не?
8.Сүйір бұрыш дегеніміз не?
9.Доғал бұрыш не?
10.Тік бұрыштың бұрыштық өлшемі
11.Бұрыштарды немен өлшейміз?
12.Жазыңқы бұрыш не?
13.Екі параллел түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштарды атаңыз
14.Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не?
Қосымша №2
Топ ережесі:
1. Сабақта тыныштық сақтау.
2. Бір-біріне кедергі жасамау.
3. Сұрақтарға толық, нақты жауап беру
4. Сабақты белсенді қатысамыз.
Қосымша №2.1
Қосымша №3
1.Берілген бұрыштары бойынша үшбұрыш ішкі бұрыштарының қосындысын табыңыз:
∠А= 35°,∠В=75°, ∠С=70°.
∠А= 45°,∠В=45°, ∠С=90°.
∠А= 18°,∠В=27°, ∠С=135°.
2.Екі бұрышы бойынша 3ші бұрыштың шамасын тап :
∠А= 36°,∠В=48°, ∠С=?.
∠А= 77°,∠В=?°, ∠С=70°.
∠А= ?°,∠В=90°, ∠С=55°.
∠А= 65°,∠В=75°, ∠С=?°.
∠А= 44°,∠В=52°, ∠С=?°.
3.Бір бұрышы 40°-қа тең болған теңбүйірлі үшбұрыштың қалған бұрыштарының шамасын табыңдар.
Бір бұрышы 100°-қа тең болған теңбүйірлі үшбұрыштың қалған бұрыштарының шамасын табыңдар.
Бір бұрышы 120°-қа тең болған теңбүйірлі үшбұрыштың қалған бұрыштарының шамасын табыңдар.
Қосымша №4
1 Үшбұрыштың үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар.
2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең .
3. Сыбайлас бұрыштар өзара тең болады.
4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең .
5. Үшбұрышта екі тік бұрыш болады.
6. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары тең болады.
7. Үшбұрышта екі доғал бұрыш болады
8. Үшбұрышта бір бұрышы тік, екінші бұрыш доғал болады
9. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең болады.
10.
Үшбұрышта бір бұрышы 100
,
екінші бұрыш – 120
болады
Қосымша №5
Үйге тапсырма. 155-156 есептер.
Қосымша №6
1.«Бағдаршам» тәсілі
Қызыл
түсі- түсінбедім
Сары түс- әлі сұрақтарым бар
Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті
Стиктің біреуін көтереді.
2.Смайликтермен бағалау
Ары
қарай жылжуға дайынмын
Түсінем
бірақ барлығын емес
Түсінбеймін
тақырыпты қайта оқу керек
Сабақты еш қиындықсыз меңгердім
Қиын, бірақ меңгердім.
Маған түсіну қиын.
3.БББ
Олар нені біледі;
Олар нені білгісі келеді;
Олар нені білді.
Қосымша №7

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген