400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктігі 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ашық сабақ өтуге нұсқау болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2В Үшбұрыштар

Мектеп: №3 мектеп-лицей

Күні: 17.10.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Есмахамбет А.Ә.

Сынып: 7 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта сызығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  1. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі дегеніміз не екенін білуі керек

  2. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігін салуды үйрену.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Оқушы үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі дегеніміз не екенін біледі.

  • Кез келген үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктіктігін салады және белгілейді.

  • Үшбұрыштарды және олардың элементтерін сызбада көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Құндылықтарды дарыту



Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау.

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет.

Оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Информатика, графика

Бастапқы білім


Алғашқы геометриялық мәліметтер: нүкте, түзу, кесінді, бұрыш, перпендикуляр түзулер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі.

Түрлі түстер (сары, қызыл,көк) арқылы топқа бөлінеді. Топ басшысы сайланып, бағалау парағы беріледі.

Үй тапсырмасын тексеру. №7.14 – 7.15 есеп.


«Сөзді тап» ойыны. (Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады)


Сабақ тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру


1 тапсырма. Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.

Берілген үшбұрыштардың

1 топ. Медианаларын салады және орта сызығын салады.

2 топ. Биссектрисасын салады.

3 топ. Биіктігін және орта перпендикулярын салады.



Shape1 Shape2



Shape4 Shape3

Дескриптор Білім алушы

  • медианаларды салады және әріптермен белгілейді;

  • биссектрисаларды салады және әріптермен белгілейді;

  • биіктіктерді салады және әріптермен белгілейді.


Бағалау. Топтар бірін-бірі бағалайды.


2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс. (Жұптық жұмыс)

№7.16 №7.17 есеп.

Бағалау. Жұптар бір-бірін бағалайды.


3-тапсырма Топтық жұмыс.

1 топ. Үш әртүрлі үшбұрыш салыңыз:

    1. теңқабырғалы

    2. теңбүйірлі

    3. тікбұрышты (АВС, тік бұрышын С әрпімен белгілеңіз)


  1. топ. Тең бүйірлі үшбұрышта:

    1. бүйір қабырғалары мен табанын көрсетіңіз;

    2. үшбұрыш төбесінен бүйір қабырғасына биссектриса жүргізіңіз.


  1. топ. Тең қабырғалы үшбұрышта:

а) үшбұрыш төбесінен медиана жүргізіңіз;

в) орта сызығын салыңыз.


Дескриптор Білім алушы

  • салуды орындайды;

  • тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін көрсетеді;

  • тең бүйірлі үшбұрыштың элементтерін көрсетеді;

  • үшбұрыштың биіктігін / орта перпендикулярын салады;

  • үшбұрыштың медианасын / биссектрисасын салады;

  • үшбұрыштың орта сызығын салады.


Сабақты қорытындылау.

4 тапсырма. Өзіндік жұмыс. «Ақиқат немесе Жалған»


Тұжырым

Ақиқат

Жалған

  1. Барлық элементтері өзара тең болатын үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрыш болады.



  1. Медиана мен биіктіктің ұзындығы кез келген үшбұрышта тең болады.



  1. Теңқабырғалы үшбұрыштың биіктігі әрі биссектрисасы, әрі медианасы болады.



  1. Екі бұрышының шамасы -қа тең болса, онда ол теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады.



  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 10 см, ал табаны 4см-ге тең. Үшбұрыштың бүйір қабырғасы 6 см болад.



  1. Барлық бұрыштары сүйір болатын үшбұрыш сүйір бұрышты үшбұрыш деп аталады.




Дескриптор Білім алушы

  • ақиқат тұжырымдарды анықтайды.




Презентация 1



Кеспе парақтар 1










Кеспе парақтар 2



































Оқулық






Кеспе парақтар 3





























Кеспе парақтар 4





Рефлексия. БББ кестесі.

Б (Мен не білемін?)

Б (Менің не білгім келеді?)

Б (Мен не білдім)





Үйге тапсырма: №7.18. №7.19



Кеспе парақтар 5




Геометрия оқулығы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қосымша есептер .












Жұптар бір-бірін бағалайды.

Топтар бірін-бірі бағалайды.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
1012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі