жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы. 7-сынып
Тараз қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы
№50 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Урисбаева Жанат Алдамуратовна
7.3А бөлім: Түзулердің өзара орналасуы |
Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі |
||||||
Күні |
Сабақ №39 |
Урисбаева Ж.А. |
|||||
Сыныбы 7 |
Қатысқаны |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Үшбұрыштың сыртқы бұрышы |
||||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.1.18 үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу. |
||||||
Сабақтың мақсаты |
Үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасы мен үшбұрыштың сыртқы бұрышың теоремасын сызбаларды дәлелдеуде қолдану |
||||||
Күтілетін нәтиже |
Сыртқы бұрышты сыза алады. Сыртқы бұрыш жайлы теореманы дәлелдейді. Белгісіз сыртқы бұрыштарды анықтайды. |
||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
|
||||||
« Мәңгілік ел» ұлттық идеясында қоғамның басты құндылықтары |
Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен, жұппен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру.Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру. |
||||||
Әдісі |
«Кім жылдам?» жеке жұмыс, «Ойлан-жұптас-бөліс» жұптық жұмыс, топтық жұмыс, |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация, GeoGebra бағдарламасында жұмыс жасау |
||||||
Бастапқы білім
|
Транспортир көмегімен бұрыштарды салу және өлшеу. Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін, үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу. |
||||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||||
Ұйымдастыру кезеңі |
|
Фигуралар |
|||||
Сабақтың басы |
16.12 жаттығу.
2. Өткен сабаққа шолу жасау. «Ой қозғау» сұрақтары.
|
Тақта, жұмыс дәптері. |
|||||
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақ. Оқушылар топтық жұмыс ретінде үшбұрыштың сыртқы бұрышының градустық өлшемін зерттеуге тапсырма орындайды. Мысалы: 1. ABC үшбұрышын салыңыз; 2. С төбесіне сыртқы бұрышты салыңыз; 3. С төбесіне сыртқы бұрышты өлшеңіз; 4. үшбұрыштың A және B төбелеріндегі ішкі бұрыштарын өлшеңіз; 5. үшбұрыштың С төбесіндегі сыртқы бұрыштың өлшемі мен A және B төбелеріндегі ішкі бұрыштарының қосындысын салыстырыңыз; 6. қорытынды жасаңыз. Оқушыларға теореманы өз бетінше дәлелдеуді ұсыныңыз. Мұғалім қажеттілігіне қарай көмек бере алады. Әрбір топ теореманың дәлелдеуін көрсетеді. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең болатынын дәлелдейміз.
М Сабақты бекіту. Жеке жұмыс. «Кім жылдам?». Әрбір оқушы дайындап келген үшбұрыштарының сыртқы бұрыштарын есептеп табады. Сергіту сәті. Жадыны дамытуға арналған жаттығу. Топтық жұмыс. «Ойлан-топтас-бөліс»
1)
Б
Табу
керек:
Шешуі:
Жауабы:
2)
Жауабы:
3)
Ж
деңгейдегі тапсырмаларды орындауда қиналатын топтардағы оқушыларға көмек көрсету жолымен жүзеге асырылады. |
А3 формат, сызғыш, транспортир, үлестірмелі карточкалар. |
|||||
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау. 1-тапсырма
Үйге тапсырма: 16.17
Рефлексия Бүгінгі сабақтағы өз жұмысыңды төмендегі жауаптардың біреуін таңдау арқылы бағалаңыз. Сабақтың күрделілігін бағала. Сізге сабақ… — жеңіл — қарапайым — қиын Материалды меңгеру дәрежеңізді бағалаңыз: — толық меңгердім, — бүгінгі сабақты жартылай түсіндім — бүгінгі сабақты түсінбедім |
Үлестірмелі карточкалар |
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлай сыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
|||||
Қабілеті жоғары оқушылар сызбаны сызу арқылы тақырыпты ашады. Жеке, топтық жұмыстар орындайды. |
«Ой қозғау», «Кім жылдам?», «Ойлан-топтас-бөліс», Рефлексия «Өз-өзіңді бағала» |
Сергіту сәті, Сызғыш пен транспортирді қолдану ережелері |
|||||
Сабақ бойынша рефлек сия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өзсабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылар жанаманың қасиеттерін біледі және есептер шығаруда қолдана алады. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды, ауытқу болған жоқ. |
|||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||
ұндағы
4-бұрыш берілген үшбұрыштың 3-бұрышымен
сыбайлас сыртқы бұрышы. Ал
ерілгені:
ауабы:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген