Сабақтың
тақырыбы: Үшін, туралы, дейін (шейін)
шылаулары
Сабақтың мақсаты: Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары
септік жалғаулы сөздермен тіркесіп
келіп,оған қосымша мән үстеп тұратындығын және
алдындағы сөздердің септік жалғауда тұратыны қажет ететінін
түсіндіру.
Міндеттері:
1.
Шылау және оның қолданылуы жайлы білімдерін
тереңдету.
2. Жаттығуларды
ауызша,жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған білімдерін іс
жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
3.Сабақ барысында
еңбекқорлыққа,іздемпаздыққа,
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың әдіс-
тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, ой
қорыту, өз бетімен жұмыс, сын тұрғынан ойлау
технологиясы
Көрнекіліктер: кесте, семантикалық карта, слайд,үш түсті
смайликтер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі.
-Амандасу,
түгендеу
- «Мен сабаққа
келгенде..........» өз ойларын
айтады.
II. Үй тапсырмасын
сұрау.
5 – жаттығу (87
бет)
ІІІ. Жаңа
сабақ Үшін, туралы, дейін
(шейін) шылаулары өзі тіркескен
сөзге үстеме мағына береді. Сонымен бірге өзінің алдындағы
сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет
етеді. Үшін,
туралы шылаулары атау септіктегі
, дейін
(шейін) шылаулары барыс септіктегі
сөздермен тіркеседі.
Шылауларды үш тілде
айту.
Шылау – предлоги –
prepositions
Дейін (шейін) – до –
Before
Туралы – про -
About
Үшін – для -
for
1 – жаттығу. Сөйлемдерді
көшіріп жазып, шылауларды тап.
Ерден атай Ер Төстіктің
достары – Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар туралы әңгімеледі.
Спортшы қыз қызыл таспаны желбіреткен күйде
бұрылысқа дейін барды. Талай ер – азаматтар
бейбітшілік үшін құрбан болды.
Кешке шейін бір жауабын беру
керек.
2 – жаттығу. Мәтінді түсініп
оқып, көшіріп жаз. Шылауды тауып, өзі тіркескен сөзге қандай мағына
үстеп тұрғанын айт. Туралы, дейін
(шейін) шылауларын қатыстырып бірнеше
сөйлем құрастырып жаз.
Қосымша
мағұлмат: Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса
сұлу бетбауыр бөктеріндегі Алматыға тиіп тұрған Қарақыстақ ауылының
Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние
салған. Болашақ даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп
тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын
асыраған.
Сүйінбай
Аронұлы
Сүйінбай – ақын, жыршы.
Сүйінбайды Жамбыл Жабаев өзіне пір тұтқан. «Менің пірім – Сүйінбай,
сөз сөйлемен сиынбай» деген қанатты сөз арнаған. Сүйінбай ақындық
өнерін айтыстан бастаған. Өмір туралы өлеңдері шоқтығы биік
туындыларының қатарына жатады.
Сергіту
сәті.
3 – жаттығу. Өлеңді көшіріп
жазып, шылаулардың астын сыз. Өлеңнен үшін шылауын алып тастап оқы.
Не байқадың?
Ел үшін еңбек етсең, халқың
сүймек,
«Біз үшін отқа, суға түсіп
жүр» деп.
Ер өлсе де, еңбегін ел
өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих
білмек!
Семантикалық
карта.
|
Сөз
таптары
|
Зат есім, сан есім,сын есім орнына
жұмсалатын сөздер.
|
Өз
алдына
дербес мағынасы жоқ
сөздер.
|
Заттың атын білдіретін
сөздер.
|
Заттың санын, ретін
білдіретін сөздер.
|
Заттың
түрін,түсін
сапасын білдіретін
сөздер
|
Заттың іс -әрекетін,
қимылын білдіретін сөздер
|
Заттың іс -әрекетін,
қимылын білдіретін сөздер
|
|
Зат есім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сын есім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шылау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сан
есім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Етістік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Есімдік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үстеу
|
|
|
|
|
|
|
|
4 – жаттығу. Мақалдарды оқып,
мағынасын аш. Шылауларды тап.
Отан үшін күрес – ерге тиген
үлес.
Біліп тұрсаң да, сұрап
ал.
Ойын: «Суреттер
сөйлейді»
ІV.Қорытынды
Шылау дегеніміз
не?
Үшін, туралы шылаулары қай
септіктегі сөздермен тіркеседі?
Дейін, шейін шылаулары қай
септіктегі сөздермен тіркеседі?
Атам маған Қамбар батыр туралы
жыр
айтып берді.
Ана
баласы үшін түн ұйқысын төрт бөледі.
Әлі
тау басына дейін біраз жер бар
Бүгінгі сабақтан алған
әсерлерін «Бас бармақ» тәсілі арақылы
айту.
V.Бағалау.
Дескрипторлар: Өзін – өзі
бағалау.
- Үй тапсырмасын
орындалуы
- Сұрақтарға жауап
беруі
- Сөйлемдердің ішінен
шылауларды таба алуы
- Семантикалық
карта
- Мақалдардың мағынасын
ашуы
- Мақалдардан шылауды
табуы
- Суретпен
жұмыстануы
- Бекіту сұрақтарына жауап
бере алуы
VI. Үйге
тапсырма.
5 – жаттығу (89
бет)