400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ашық сабақ "Ұшқан ұя" Б.Момышұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жас ұстаздарға өз септігін тигізері сөзсіз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

25 ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Тусупкалиева Алма Сатыбалдиевна

Пәні: Әдебиеттік оқу 4-сынып

Сабақ тақырыбы: Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

Жалпы мақсат:

Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жаңа тақырыпты меңгереді. Адамгершілік, ізгілік қасиеттері бала бойына ұялайды.

Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбие алады.
Ортақ шешімге келеді. Бірін-бірі шыдамдылықпен тыңдайды.Өз ойларын еркін жеткізеді.

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату-тәтті жүреміз.

Сыныпты топқа бөлу.

1-топ «Ата» тобы

2-топ «Әке» тобы,

3-топ «Бала» тобы.

Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топ басшылары топшаманы суырып, үй тапсырмасына жауап береді. Бір топ «Стикердегі диалог» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Екінші топ «Кішіпейілділік» тақырыбында эссе оқып береді. Үшінші топ «мақал-мәтел» айтады.

Сұрақтар:

- Мәтін авторы кім?Ол кім?

- Мәтіннің негізгі идеясы не?

- М.Әуезовтың кішіпейілділігі неден байқалады?

-Мәлік Ғабдуллин кімдер туралы жазғысы келді?

-Мәтіннің бас кейіпкері кім?

- Мұхтар Әуезовты сипаттап бер.

- Ұлы жазушының адам мінезі туралы айтқан нақыл сөзі;

-М. Әуезовтың ауыз әдебиеті туралы айтқан сөзі. 

-Олай болса, балалар, «Кішіпейілділік» әңгімесінен не түйдіндер?

-Мұхтар Әуезовтың бойынан осы бір қасиетті көріп таң-тамаша болған кім еді?

- Мәлік Ғабдуллин.

-Тағы да басқа Кеңес Одағының батырларынан кімдерді білесіңдер?

«Батыр» сөзіне топтастыру жасау арқылы Кеңес Одағының батырларын атайды.

ТShape1 өлеген Тоқтаров

МShape2 әншүк Маметова Мәлік Ғабдулли

Shape3

Shape4

Батыр



ХShape5 иуаз Доспанова

Shape6 Қасым Қайсенов

Shape7

Shape8

Shape9

Бауыржан Момышұлы Әлия Молдағұлова



Рақымжан Қошқарбаев

-Ендеше, бүгінгі сабағымызда – осы Бауыржан Момышұлының

« Ұшқан ұя » әңгімесімен танысамыз

Жаңа сабақты хабарлау, мақсатымен таныстыру, табыс критерийін құру.

Табыс критерийі:

  1. Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет аламын

  2. Мәтіннің мазмұнын түсіне аламын

  3. Қиын сөздердің мағынасын түсінемін

  4. Қосымша тапсырмаларды орындаймын



Бауыржан Момышұлы туралы слайд

БББ стратегиясы бойыншы жұмыс

Білемін

Білгім келеді

Білдік




«Қызығушылықты ояту» Видео

(Бауыржан Момышұлының өмірі жайында түсінік беру)

Отан, туған жер, ата мекен адам баласы үшін орны бөлек қасиетті ұғымдар.Ол біз бүгін ғана ашқан жаңалық емес. Кімге де болса кіндік қаны тамған жер әрдайым ыстық. Ақын туған жерін жырына қосады, сазгер ғаламат әуенге арқау етсе, батыр сол жер үшін басын бәйгеге тігіп қорғайды. Ал Бауыржан Момышұлы болса сол туған отаны үшін жан алып жан беріскен соғысқа қатысты, туған жеріне жау аяғы тимесін деп талай жылын қан майданда өткізді. Өзінің азаматтық парызын абыроймен орындап шықты.

Б.Момышұлы 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесімен өсіп-жетіледі.Әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы,адамзаттың шығуы, өмір жайлы жан баурайтын аңыздар мен ертегілерді, ненің жақсы, ненің жаман екенін де ол ең алғаш әжесінен естіп біледі.Бауыржан өзінің «Ұшқан ұясында»: «Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін. Енді ойласам мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой ... » деп құрметпен еске алған.

Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған ұлы тұлға, жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер.

1970 – 75 жылдары оның « Ұшқан ұя » кітабы жарық көрді. Бұл кітапта ол өзінің балалық шағынан сыр шертеді.

Адамгершілік принциптерге тұнып тұрған «Ұшқан ұяда» қаламгер отбасы, бала тәрбиесі, ұлттық дәстүр сынды асыл қасиеттер адам өміріне әсер ететін негізгі факторлар екендігін атап көрсетеді.

Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс. «Ұшқан ұя»

Мәтінмен іштей оқып танысады, «Ыстық картоп» әдісі арқылы оқушылар түсінгендерін жазады, белгіленген уақыттан соң жазғандарын келесі топқа береді. Өз кезегінде олар басқаның жұмысын толықтырады (басқа түспен жазады), салыстырады. Орнына келген соң өз жұмыстарын қайта қарап толықтырады. Әр топ өз жұмысын қорғайды, сұрақтарға жауап береді. Постерлерін қорғайды. Бағалайды.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

Бағалау критерийі:

  1. Мәтін мазмұны толық.

  2. Негізгі ой ашылды.

  3. Таза, сауатты жазылған.

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс

Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру.

Баба – арғы ата.

Бата жөні өзіңдікі – батаны өзің бергенің жөн.

Bilimland сайты арқылы тапсырмалар орындау, сабақты қорытындылау

1-топ «Ата» тобы «Бос орынды толтыр»

2-топ «Әке» тобы, «Дұрыс. Бұрыс»

3-топ «Бала» тобы. «Тест»

Табыс критерийі арқылы сабақты қорытындылау.

(«Білдім» бағаны бойынша сұрақтарға жауап беру)

- Шығарма кімнің атынан баяндалған?

--Бауыржан кім?

-Халық Қаһарманы батыр, қолбасшы, генерал, жазушы.

Әжесі Қызтумас, атасы Имаш

Анасы Рәзия, әкесі Момыш

- Мәтіннен қазақ халқының қандай салт дәстүрін байқадың?

- Мәтіндегі «бата беру жөні» туралы қариялар сөзінен не байқадың?

Өсиет сөздері.

Бағалау: топ басшыларының бағалауы

Рефлексия «Жетістік баспалдағы»

Үйге тапсырма: «Батырдың сағынышты әңгімесі» атты тақырыпта эссе жазу. Мәтінді түсініп оқу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі