400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үсүдің алдын алу шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүғалімге әдіскерлік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры

_________ А.Талкамбаева

___ сәуір 2018 жыл


11 «А» сыныбымен АӘД пәнінен 17.04.18 жылы өткізілетін

САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабактың такырыбы: Үсудің алдын алу шаралары және үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік , оның алдын алу шаралары және күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру және жүрекке жанама массаж жасау әдістері.

  2. Сабактың максаты: Оқушыларға үсіген, күн тиген кезде көрсетілетін көмек және окпеге жасанды жел беру туралы жалпы мағлұмат беру.

  3. Уақыты: 40 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 мин.

1.Сыну дегеніміз не?

2.Сынудың түрлері?

3.Соғып алу дегеніміз не?

4. Иммобилизация дегеніміз не?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Үсік түрлері және үсіген жағдайдағы бірінші көмек

Тіндерді үсітіп алған кезде буындардың ұзақ мерзімді спазмасы кейінгі тромбозбен ұлпадағы трофикалық бұзылыстарға әкеледі. Үсу қоршаған ортаның температурасы 0 °С-тан төмен болған кезде болуы мүмкін. Дене бөліктерінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені суықтың әсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледі де, егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушалар өле бастайды. Тар аяқ киім, киім, қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамның тез үсуіне бірден-бір себеп.

І деңгейлі үсік, үсудің жеңіл түрі - терінің түсінің өзгеруі, жылынғаннан соң ісу, қызару, ауырсыну сезіледі. ІІ деңгейлі үсік теріде мөлдір түсті күлдіреуік пайда болады. ІІІ деңгейлі үсік, теріде қанды күлдіреуік пайда болады, сезімталдық жоғалады. Жазылу өте ұзақ болады, артынша тыртық қалуы мүмкін. IV деңгейлі үсік, үсіктің ең ауыр түрі - тері терең зақымдалады.

Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек – үсік шалған дене бөліктерін белсенді түрде жылыту қажет. Бірінші деңгейлі үсікке шалдыққанда теріні таза матамен қызарғанша сүртіп, зақымдалған жерлерді спиртпен, вазелинмен, маймен сүрту қажет.
Алдымен, үсіген аймақты қыздыру керек. Нақты тәсілдер сол кездегі жағдайға байланысты. Егер аяқ пен қол үсісе оларды жылы суда сабындап жуып, спиртпен сүртеміз. Аяқты жеңіл уқалаған пайдалы. Оған ыстық кофе, шай, сүт береді. Зардап шегушіні дер кезінде емдік мекемеге жеткізу, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету болып табылады. Саусақтың ұштары үсісе қолыңызды жылы суға малып (37-40 °С), қызарғанша уқалаймыз. Үсікке шалдыққан қолды суық су астында ұстауға немесе қармен ысқылауға болмайды. Себебі қардың ішіндегі кішкентай кристалдар теріні зақымдайды.

Жергілікті іс-шаралармен қатар, науқасқа ыстық шай және көрпемен орап жылыту қажет. Егер үсік көпіршік пен тері өлуімен қатар келсе, пациентті бірден ауруханаға жеткізу қажет. Бір рет үсікке шалдыққан дене бөліктері суыққа өте сезімтал болады.Егер күн суыта бастаса жылы киінгеніңіз абзал. 

Күн немесе жылу тиген кездегі алғашқы көмек:

Тез арада жылу әсерін жойып, зардап шегушіні қызыну аймағынан шығару немесе алып шығу керек. Ашық алаңға салқын жерге жатқызып, үстіндегі киімдерін шешу қажет. Бетіне жіне денесіне суық су шашу қажет. Басына және денесіндегі ірі қан жолдары кескініне (мойны, шаптың бүкпелеріне) мұз немесе суық су қою қажет. Сонымен қатар, зардап шегушіні желпу және жеткілікті сусын беру керек.

Жасанды тыныс алдыру және жүрек бұлшық етіне тікелей массаж жасау әдістемесі

1. Зардап шегушіге жасанды тыныс алдыру үшін арқасына, жауырынына қалыңдығы 10-15 см жастықша салынады. Мойнының мүмкіндігінше көтеріп, басын шалқайту қажет, одан соң төменгі жағын қозғап, ауызын ашу керек. Ауызда сілекей немесе бөгде зат болған жағдайда ауыз қуысын дәке сүлгісі немесе қол орамалмен оралған саусақпен тазалау керек.
Ауызды ашу үшін шайнау бұлшық еті түйілген кезде ауыз ашатын құрылғыны пайдаланып, тілдің түбіне дейін ауызға ауа өткізгішті салу қажет. Бұл ауаның асқазанға өтуіне жол бермейді.
Ауа өткізгіш болмаған жағдайда гигиеналық талаптарға сәйкес зардап шегушінің ауызына дәке қабаты салынады.
2. Өкпені «ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды түрде желдету үшін көмек көрсетуші тұлға:
зардап шегушіден бір тізеге төмен түсіп, оның басын екі қолымен ұстап, бір қолын маңдайына, екіншісін желкесіне қою қажет;
терең тыныс алып, дем шығаруды ұстап, зардап шегушіге еңкейіп, оның ернін тұтас қармау қажет;
науқастық мұрнын үлкен және құлағын сұқ саусақпен басып, тыныс алу жолдары мен өкпеге бірқалыпты дем шығару қажет;
науқастың пассивті түрде дем шығаруы үшін аузы мен мұрнын босатып, басын бір жағына қою қажет;
өкпені желдету үшін әрбір кезекті үрлеу алдында кідіріп, 1-2 шамалы тыныс алып, дем шығару қажет, зардап шеккен сүңгуірге минутына 12-15 рет жиілікпен тыныс алдыру және дем шығару циклін қайталату керек.
3. Егер ауыз арқылы жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігі сенімді болмаса, онда «ауыздан ауызға» тәсілі сияқты «ауыздан мұрынға» тәсілімен жасанды тыныс алуды жүргізу қажет;
зардап шегушінің мұрнын қысып, оның аузын қозғап, оның мұрны арқылы тыныс алу жолдарына күшпен ауа үрлеу қажет;
зардап шегушінің мұрны мен аузын тыныс алғаннан кейін пассивті түрде дем шығару үшін босату қажет.
Өкпе жасанды желдету тиімділігін бақылау қажет:
зардап шеккеннің көкірек қуысының тыныс алу қозғалысының амплитудасының шамасы бойынша, ол әдеттегі тыныс алудан кем болмауы тиіс;
өкпеге ауа үрлеу кедергісін арттыру бойынша, ол өкпеге ауа беру және толтыру мүмкіндігіне қарай нақты шама бойынша өсуі қажет.
Дербес тыныс алу қозғалысының болуы өкпені дұрыс желдету белгісі болып табылады.
4. Жүрек тұсына массаж жасау үшін:
зардап шегушіні қатты қабатқа жатқызып, киімінің кеуде тұсын шешу қажет;
зардап шегушіден бүйір жағынан бір тізеге төмен түсіп, алақанды қойып, кеуденің төменгі тұсына алақанның жартысы кеудеге тірелетіндей, қолдық саусақтары кеудеге перпендикуляр болатындай етіп салу қажет;
екінші қолдың буынын кеуденің сырт жағынан қойып, ал екі қолдың саусақтарын зардап шегушінің денесіне тимейтіндей сәл көтеру қажет;
дене салмағын пайдалана отырып, көкірек қуысының үстінен қолдарының шынтақтарын перпендикуляр түрде тігінен қойып басу қажет, зардап шегушінің омыртқасына қатысты 4-5 см болады;
кеудеге аздап басқаннан кейін оны төмен түсіріп, оны қайта көтеруге мүмкіндік беріп, қайта басу қажет.
Жүрек тұсы массаж жасау ең аз темпі минутына 60-70 цикл.
5. Массажды жеткілікті қан айналымын қамтамасыз ететін дербес жүрек соғуының азайтқан сәтке дейін массажды жалғастыру қажет.
Жүрекке тиімді массаж жасау белгілері:
буын тұсында артерияларында тамырдың соғуы;
ең жоғарғы артерия қысымы 60-70 мм с.б. төмен емес;
қарашықтардың біртепдеп кішіреюі;
ерін терінің ағаруы;
дербес тыныс алу қозғалысының пайда болуы.
6. Жүрек бұлшық етін массаж жасау тиімділігін арттыру қажет:
бұғана тұсын жұдырықпен омыртқаның сол жағына кіндік деңгейінде басу қажет;
зардап шеккеннің аяғын 50-70 см жүрек деңгейінен жоғары көтеру қажет.
Жүрек бұлшық еті массажын жүргізген кезде бір немесе екі қабырға сынуы мүмкін. Бұл асқыну жүрек массажын жалғастыруға қарама-қайшы болмайды.
Жүрекке массаж жасау жеткілікті күш пен шыдамдылықты қажет етеді, сондықтан массаж жасаушыны 5-7 минут сайын ауыстыру қажет. Ауыстыру тез, әрі жүрекке ритмикалы массаж жасауды тоқтатпай жүргізіледі.
Жиі бір мезгілде жеңіл және жүректің айналасынан жасанды желдеткіш жүргізу қажет. Бұл екі әдіс екі адамның әрекетін қажет етеді.
Өкпені жасанды желдету жиілігі көкіректен басу жиілігіне қатысты 1:4 болады.


Қорытынды бөлім – 5 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Үсік тиген кездегі алғашқы көмек туралы айтып бер.

2.Күн тиген кездегі көмек.

3.Жасанды тыныс алдыру үшін не істеу керек?

4. Жүрекке массаж жасау үшін не істеу керек?


Алғашқы әсқери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы

майор А.Жанысбаев

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі