жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Үү дыбысы мен әрпі. 1 сынып
|
Білім беру ұйымының атауы |
Мектеп: №36 |
|||||
|
Пәні: |
Әліппе |
|||||
|
Бөлім: |
Дыбыс. Буын. Сөз |
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
Бекходжаева Ж.С. |
|||||
|
Күні: |
25.11.2021ж. |
|||||
|
Сынып: 1 «А» |
Қатысушылар саны: 24 |
Қатыспағандар саны: 24 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Үү дыбысы және әрпі |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
1.1.5.2 «Үү» дыбысы және әрпімен таныстыру. Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету. 1.2.5.1 «Үү» дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Үү дыбысы және әрпін таныту. |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі//уа қыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||
|
Сабақтың басы Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім Тақтамен жұмыс Айтылым Оқулық пен жұмыс Оқылым Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс Жазылым Бекіту |
Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару. Топтасу: Топқа бөлу. Түрлі стикерлер бойынша өздерінің таңдап алған түстері арқылы 3 топқа бөлініп отырады. Сандарды өсу ретімен қою арқылы әріптерден өз топтарының аттарын құрастырып шығарады. Шыққан тобының аттарына байланысты мақал-мәтелдер айтып, қорғайды. 1-топ: Достық 2-топ: Бірлік 3-топ: Татулық Осы достығымыздың, татулығымыздың арқасында бәріміз бірігіп жұмыс жасайтын боламыз. - Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін! Балалар, бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерің қандай? Смайлик арқылы көрсетіңдерші. «Өте жақсы» «Жақсы» «Көңіл-күйім жоқ» «Кір жинау» әдісі. Ал енді балалар «Кір жинау» әдісі бойынша өткен білімді еске түсіреміз. Күн шайдай ашық. Аналарымыз киімдерді жуып далаға жайып қойды. Бір кезде аспанды бұлт торлады. Қане балалар анамызға киімдерді жинауға көмектесейік. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға «Үш шапалақ» әдісі арқылы қолдау көрсетіп отырамыз. Ой қозғау: - Қазақ тілінде қанша әріп бар? -Пп дыбысы қандай дыбыс? -Пп дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Буын неден құралады? -Сөзден не құралады? Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады. Кім тапқыр? Жұмбақ: Жарықта соқырмын Ұша алмай отырмын. Оқушыларға үкі туралы түсінік беру. Үкі туралы не білеміз? Үкі түн құсы. Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. -Оқушылар үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? -Дұрыс балалар, ү дыбысы екен. -Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі. (тақтаға тақырыпты жазу, суретін ілу) Балалар енді Үү дыбысынан келетін сөздерді білу үшін мына Видеоны бірге қарап шығайық. Балалар біз Үү дыбысынан басталатын бірнеше сөздермен таныс болдық. Есімізде сақтайық. Тақтадағы суреттермен жұмыс жүргізу. Үкі, үй, түлкі, күн, гүл, жүгері, күшік, күрек. -Үү дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі. Жеке дара буын бола алады. - Үү дыбысы жіңішке дауысты дыбыс. -Үү деп дыбыстау. Хормен айту. -Қалай дыбысталады? -Қандай дыбысқа жатқызамыз? Үү дыбысын айтқанда еркін кедергісіз айтылады, ерін, тіл алға созылады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі. -Баспа, жазба түрлерімен таныстыру. -Сөздерді буынға бөлу. -Дауысты, дауыссыз дыбыстарын айту. -Сөздерде барлығы қанша дыбыс қанша әріп бар екенін айтқызу. -Үү дыбысы сөздердің қай жерінде кездесіп тұрғанын табу, сұрау, айту. -Оқушыларға Үү дыбысы бар сөздер ойлап, айтқызу. -Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық? -Үү-Ұұ дыбыстарын салыстыру. Үү жіңішке дауысты дыбыс, ұ жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған. -Ұқсастығы: екеуі де дауысты дыбыс. -Айырмашылығы: жуан, жіңішке айтылуы. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
(МК, Ұ, Ө) Оқылым. Оқулықтың 71-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы. Оқушыларға «Үкімет» сөзінің мағынасын түсіндіру. Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы.
Түймелерден, | |||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген