400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ұзындық. Масса. Көлем" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды сабақ жоспарларына пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Ұзындық.Масса.Көлем

Мектеп: № 9 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Акшабаева Т.Ж.

Сынып: 1 «Д»

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақта қарастырылатын оқыту мақсаттары

1.1.3.1 шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат 1.1.3.4 ұзындықтың см, дм өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

шамалар — ұзындық, масса, көлем жөніндегі білімін бекітеді;

Бірқатар оқушылар үшін:

сантиметр мен дециметр — ұзындықтың өлшем бірлігі, килограмм — массаның өлшем бірлігі, литр — көлемнің өлшем бірлігі екенін түсінеді;

Кейбір оқушылар үшін:

ұзындықты сызғышпен, салмақты таразымен, көлемді өлшеуіш ыдыспен өлшейтінін түсінеді;

ұзындық, масса, көлемнің мәнін кейбір мәліметтер бойынша анықтауды меңгереді.

Тірек сөздер

Ұзындық.масса,көлем

Сабақтың мақсаты:

Заттың ұзындығы, массасы мен көлемін олардың жартылай белгілі мәні бойынша есептеп шығару дағдысының дамуына, осы шамаларды өлшеуге арналған құралдарды таңдау дағдысын бекітуге, шамаларды өлшеу бірлігіне сәйкес білімді қолдану дағдысының дамуына жағдай жасау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-шара

Ресурстар

0–3 минут

Кіріспе тапсырма. Оқушылар білімін жаңғырту үшін сабақ тақырыбы бойынша әңгіме жүргізу, соңында төмендегі ұғымдарды еске түсіріу:

• ұзындық, масса, көлем — шамалар;

•сантиметр мен метр — ұзындықтың өлшем бірлігі;

• 10 см = 1 дм;

• килограмм — массаның өлшем бірлігі;

• литр — көлемнің өлшем бірлігі.

Заттардың ұзындықтары қандай? Берілген тапсырманы жалпы сыныппен орындаудан бастау. Оқушылардан суретке анықтап қарап, өшіргіштің, қайшының және сызғыштың ұзындығын анықтауды өтініу. Оқушылар бұрын да сызғыштың ұзындығын анықтаған болатын. Алайда осы сабақтағы тапсыр маның ерекше сипаты мынадай: ұзындықты өлшеу сызғыштағы 0 санынан басталмайды. Сөйтіп, оқушыларға қадамдарды сандық сәуле бойынша (сызғыш бойынша) басындағы сан мен соңындағы санның арасындағы айырманы есептеп шығаруға тура келеді. Әр заттың ұзындығын анықтаған соң оқулықтағы сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу.



4–6 минут


(Ж) Оқушылардан сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, оның жауабын дайындауды сұрау.

— Қай зат сызғыштан ұзын? Қанша сантиметр ұзын?

— Қайшы қарындаштан қанша сантиметр қысқа?

— Қарындаш өшіргіштен қанша сантиметр ұзын?

— Өшіргіш пен сызғышты бір-біріне тіркестіріп көр. Екеуінің жалпы ұзындығы қарындаштан ұзын бола ма? Неге? Оны қалай білдің?


Ортасы

7–11

(Т) Шығарып көр.

Тапсырманы орындау үшін оқу- шыларды жұптарға біріктіріу. Олардан суретке мұқият қарап шығып, қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсыру. Талқылау барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4 кг) массасын білуге болатынын айтады. Бір қап картоптың массасын анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі сұрақтардың көмегіне сүйеніу:

—Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Тепе-теңдік күйде.)

—Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың массасы.)

—Азық-түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан.)

—Олардың массасы қандай? (6 кг.)

—Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай. (6 кг.)

—Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша?


Оқулық

12–25


(Т) Орындап көр.

Берілген тапсырманы топтық жұмыстың барысында орындаған жөн. Жұмыс басын- да оқушылар әрекетінің ретін түсіндіріп, артынша өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік беріу. Оқушылар аквариум, шыны құмыра мен тостағанның үлгілерін дайындауы тиіс. Бұл суреттер немесе геометриялық фигуралар болуы мүмкін. Үлгілердің сыртына олардың көлемін жазуды тапсыру.



(Ұ) Ойлан

Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмысты жалғастыру. Шелектің сыйымдылығын анықтауды тапсыру. Тапсырманы орындауды үш кезеңге бөлуге болады:

1.Құмыраның көлемін табу. (1 л.)

2.Қазанның көлемін табу. (2 л.)

3.Шелектің көлемін табу.

(2 л + 2 л + 1 л + 1 л + 1 л = 7 л.)



26–39


Дәптермен жұмыс.

1.Заттардың ұзындығын анықта. Өлшеу жұмыс- тары оқушыларға заттың ұзындығын сызғыштың көмегімен өздігінен анықтауға мүмкіндік береді.

2.Заттардың массасын анықта. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау кезінде жұптық жұмыс нәтиже- сінде қалыптасқан дағдыларын қолданатын болады. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөліп орындау керек.

3. Шелектің көлемін анықта. Жұмыс парағындағы тапсырмаларқарапайымнан күрделіге қарай құрылған. Бұл тапсырма оқушыларды келесі тапсырмаларды орындауға дайындайды. Оқушы суретке қарап, ондағы ыдыстың көлемін анықтайды.

Дәптер.

23, 24 жұмыс парағы




40–45


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

Оқушылардың сабақ материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін сабақтың барысында байқау жүргізу. Жұптық, топтық талқылауға назар аудару. Талқылауға әр оқушының қатысуы керек. Олардың жауаптарын тыңдағанда нені түсінбейтінін анықтау. Қалыптастырушы бағалаудың қорытындысы бойынша оқушыларға қандай көмек көрсету қажеттігін анықтау.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.

Рефлексия (қорытындылау)

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

Кері байланыс:

Мен бүгін сабақта ештеңе түсінбедім. (қызыл түс)

Менің сабақта әлі де түсінбеген тұстарым бар.(сары түс)

Бүгін мен үшін сабақта барлығы түсінікті. (жасыл түс)

Жетістік сатысы.



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі