400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Веб-беттегі мультимедия" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Веб-беттегі мультимедия" 10 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А бөлім. Веб-жобалау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Веб-беттегі мультимедия


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.2 мультимедианы веб-бетте орналастыру (дыбыс және бейне)

Сабақ мақсаты

дыбыс және бейнені веб-бетте орналастыру

Жетістік критерийлері

- веб-бетте дыбысты орналастыру үшін қажет тегті қолданады;

- веб-бетте бейнені орналастыру үшін қажет тегті қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

веб-бетте дыбыс және бейнені орналастырудың жолдарын түсіндіре алады;

Пәндік лексика және терминалогия

веб-бет, мультимедия (дыбыс, бейне), тег, веб-сайт, сілтеме

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

<audio>/<video> тегі ............. үшін қолданылады.

Controls – бейнероликке/дыбыс файлына ...

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады.

Топтық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыстар

өнер, құқық негіздері

Бастапқы білім

Түрлі ақпарат көздері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Өткенге шолу жасау

Фрагмент үзіндісін көрсету арқылы оқушыны сұраққа жетелеу.

<html>

<head>

<title>Наурыз мейрамы</title>

</head>

<body bgcolor=gold>

<H2 align=center> Наурыз мейрамы </H2>

-Бұл фрагмент қай тілде жазылған?

-HTML

-Біз осы уақтқа дейін не үйрендік, нені білдік ?

Олай болса сендердің қаншалықты меңгергендеріңді анықтау үшін сіздермен «Kahoot» бағдарламасында тест тапсыратын боламыз.

1«Kahoot» тест тапсыру

Әр топқа бір қобдишадан таратылады. Топтағы оқушылар қобдишадағы бір суреттен өздеріне алып, топ құрады.

1 топ: «видео» иконкалалар

2 топ: «аудио» иконкалалар

Топқа біріктіру: аудио, видео, сурет иконкалары арқылы топтарға біріктіру.

«Миға шабуыл» әдісі






HTML тілі


  • Біздің сабағымздың тақырыбы осы суреттерге баланысты,суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтап көріңдер. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жетістік критерийлермен таныстыру.


Тірек материалсыз

Сабақтың ортасы

5-13 мин

Жаңа материалмен танысу.

2 Топтық жұмыс

1) Оқушылармен бірге веб-беттегі мультимедианың қажеттілігін талқылаңыз.

2) Фрейм қайда орналасатыны туралы талқылаңыз.

Оқушылардың мультимедияны және фреймдер деген ұғымды қалай түсінетіндері және қайлай қолданатындары жайлы идеяларымен бөлуісулерін сұраңыз.



2 «Сканерлеу» әдісі (ТЖ) Тапсырма № 2

  • Оқулықты оқи отырып, қажетті атрибуттар мен тегтерді теріп жазып шығады.

  • Мұғалім тақтадан атрибуттармен тегтерді шығарады, оқушылар қанша тек жазғанын санап шығады.

  • Видео, аудио, сурет тегтерімен атрибуттарын ажыратып, жіктейді.

  • «Ортақ портрет»

Дискриптор:

- тегтерді, атрибуттарды жазу.

- аудио атрибуттары мен тегтерін ажыратады;

- видео атрибуттары мен тегтерін ажыратады:

- сурет атрибуттары мен тегтерін ажыратады.

Қосымша ақпарат: (Мұғалім)

Мұғалім мысалдарды қолдана отырып, дыбыс пен бейнені веб-бетке орналастыруға арналған тегтермен және олардың атрибуттарымен таныстырады.

Суреттер веб-беттің дизайны мен сыртқы түрін жақсарта алады.

Суретті қою

<img src="pic_trulli.jpg" alt="Italian Trulli">


Дыбысты қою

HTML <audio> элементі
Аудио файлды HTML-де ойнату үшін <audio> элементін пайдаланыңыз:

<audio controls>
  <source src="horse.ogg" type="audio/ogg">
  <source src="horse.mp3" type="audio/mpeg">
Your browser does not support the audio element.
</audio>

Бейнені қою

HTML <video> элементі
HTML-де бейнені көрсету үшін <video> элементін пайдаланыңыз:

<video width="320" height="240" controls>
  <source src="movie.mp4" type="video/mp4">
  <source src="movie.ogg" type="video/ogg">
Your browser does not support the video tag.
</video>


.



Постер, маркер, оқулық.






Презентация

Интернет желісі

Суретті қою

https://www.w3schools.com/html/html_images.asp


Дыбысты қою

https://www.w3schools.com/html/html5_audio.asp


Бейнені қою

https://www.w3schools.com/html/html5_video.asp


Youtube эементтерін қою

https://www.w3schools.com/html/html_youtube.asp


Басқа объектілерді қою

https://www.w3schools.com/html/html_object.asp


13-39 мин

Жұптық жұмыс. Практикалық жұмыс. Рөлдік ойын (Веб-дизайнер және бағдарламашы)

Оқушылардан интернеттен қажет суреттерді, дыбыс және бейне файлдарды іздеп табуды ұсыныңыз. Интернет желісінен алынған файлдары алдыңғы сабақтарда дайындаған веб-бетке орнатуларын ұсыныңыз.

Қажет жағдайда файлдарды өңдеу үшін графикалық және аудио редакторларды қолдануға болатындығын айтып өтіңіз. Барлық файлдарды бір қалтаға (папка) сақтап қоюдың ыңғайлы болуын ескертіңіз.

Дифференциация: Оқушылар веб-бетке жүгіртпе жол орнату немесе дыбыспен сүйемелденетін слайд-шоу жасау.

Бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау

Дағды: Қолдану

Дескрипторлар:

- интернет желісінде қажет материалдарды табады;

- суретті веб-бетте орналастырады және қажет атрибутты қолданады;

- бейнені веб-бетте орналастырады және қажет атрибутты қолданады;

- веб-бетті сақтайды.

40-42 мин

Жаңа сабақты бекіту мақсатында жазбаша жұмыс ұсыныңыз.

Тапсырма:

1. Веб-бетте "sound.mp3" дыбыстық файлын орнату тегін толықтырыңыз:

<audio ___________________________________________________________ > </audio >

2. Веб-бетте "Myself.mp4" бейне файлын шығару үшін қолданылатын тегті толықтырыңыз:

<video controls>

_____________________________________________________________________________

</video>

Дескрипторлар:

- қажет параметрді қолданады;

- дыбыс файлын көрсетеді;

- бейне файлды көрсетеді.

Таратпа материал_1.docx

Сабақтың соңы

43-45 мин

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға стикер таратады. 2 жұлдыз, бір тілек бойынша оқушылар сабақ бойынша сұрақтарын, тілектерін жазуды ұсынады. Сабақты қорытындылайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15.05.2024
251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі