400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Виет теоремасы" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа қолдануға математика мұғалімдеріне қажет болса қолдануға болады. 8-сыныптағы Виет теоремасы тақырыбын бекітуге арналған. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар қамтылған. сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар да ұйымдастырылған. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап өткен тақырыпты толық меңгергенін немесе әлі де көмек қажет екендігін көруге болады. Оқушылар өз өзін бағалау арқылы өз деңгейлерін біледі. бұл да мұғалімге үлкен көмек деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: алгебра

Күні: 15.12.2017

Сынып 8 А

Божанова А.С.

Ашық сабақтың тақырыбы

Виет теоремасы. Есеп шығару

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Жалпы мақсаты

Виет теоремасын қолдана отыра есеп шығаруда білім, білік, дағдыларын, ауызша, жазбаша есептеу алгоритмін орындау, квадрат теңдеу түбірлері арқылы теңдеу құру дағдыларын дамыту;оқушылардың білімдерін дамыта отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Оқу нәтижесі

-Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.

пікір таласуға үйренеді .

-Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай отырып, балалар еркін ойлауға қалыптасады.

Туындайтын идеялар

Виет теоремасын қолдана отыра квадрат теңдеудің түбірлерін таба алады.


Тапсырмалар

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сөзжұмбақ шешу

3. Өткенді қайталау

4. Топтық жұмыс «Кім жылдам»

Сергіту сәті

5. Жұптық жұмыс «Кім тапқыр»

6 Жеке жұмыс. «Кім жүйрік»

7 Қорытынды

8. Үйге тапсырма

-Топқа бөлінеді.

-Пысықтау сұрақтары бойынша сұрақтарға жауап береді.

-топта есеп шығару

-деңгейлік тапсырма

-өздерін бағалау, бірін-бірі бағалау

  1. Ұйымдастырушылық кезең. «Көтеріңкі көңіл күй» - атты тренинг. Берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарыңа бүгінгі сабақта не тілейсің? (2-3-слайд) 3мин

  • Мұғалімнің сөзі. Қайырлы күн, оқушылар! Сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық. Үйге №163 есеп берілген болатын. Сондықтан Тақтаға қарап үй тапсырмасын тексерейік. Слайд 4 2мин

Енді Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін келесі тапсырманы орындайық.

Слайд 5 Сөзжұмбақ шешу 2мин

- Сонымен, біз бүгін Виет теоремасы туралы таныстығымызды жалғастырамыз, өткен сабақтан алған білім, біліктілігімізді пысықтаймыз.

  1. Өткен тақырып бойынша қайталау

-Балалар, бүгінгі сабақта өзін-өзі бағалау тәсілін қолданамыз. Әр дұрыс деген жауап үшін бағалау парағына 1 балл береміз.

7-Слайд бойынша өткен сабақтарды қайталау 3 мин

ІІІ. Топтық жұмыс. «Кім жылдам?» Мақал мәтелдер айтылады. Оның ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері, яғни Виет теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек. 10 мин

1) Білімді мыңды жығады, білікті бірді жығады.

2) Бір тал кессең он тал ек

3) Жеті рет өлшеп, бір рет кес (Әр теңдеуге 3-ұпай)

Сергіту сәті. 2 Мин

Жұптық жұмыс. «Кім тапқыр» 5 мин


Жеке жұмыс. «Кім жүйрік» Деңгейлік тапсырмалар. Шардың ішінен өз деңгейлеріне байланысты есептерді алып шығару(А,В,С) 8 мин

А-тобы әр дұрыс жауап 1 ұпай

1. квадрат теңдеудің коэффициентерін атаңдар

a)3x2-8x+10=0

b) x2+25=0

2. a, b, c-ның мәндері белгілі. теңдеуін құрыңдар.

a=2, b=-5, c=3

В тобы әр дұрыс жауап-2 ұпай,

1. теңдеуді шешіңдер.

a) 3x2-7x+4=0

2.түбірлердің қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар.

b) x2-6x+8=0

С тобы әр дұрыс жауап-3 ұпай.

1 Берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар.

5 мин Бағалау шектері 15 – 20 ұпай – “5”. 9 – 14 ұпай – “4”. 5 - 8 ұпай – “3”.

Баллдарынды қосып бағаларынды шығарындар

«5» -

«4» -

«3» -

Қорытынды:

  1. Квадрат теңдеудің анықтамасын кім айтады?

  2. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?

  3. Қандай теңдеулер келтірілген квадрат теңдеулер деп аталады?

  4. Квадрат теңдеулерді шешудің формуласы қалай жазылады?

  5. Дискриминантты табудың үш жағдайы

  6. Виет теоремасы қалай жазылады?

Уйге тапсырма

Рефлексия






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі