Волейбол ойыны- еліміздегі ең көп таралған
ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті-жабдықтардың
өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие
етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол
олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді.
Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын
жолына көшкен. Волейбол «volley» - қалқып ұру,
«boll» -доп дегенді білдіреді. Ресми тіркелген күні 1895ж,оны
ойлап тапқан У.Дж.Морган (АҚШ). Алғашқы аты «Минтонет».
Қазақстанда ең алғаш жарыс 1926 жылы Қызылордада өтті. Қазақ
волейболы ХХ ғасырдың 60 жылдары жақсы дамыды. Бұл жерде спорт
шебері,КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғапов
есімін ерекше айтып өтуге
болады
1.Спорттық ойын түрі
2 .Алаңда ойналады
3 .Екі топтан
құралады
4..Доп пен тор қажет
5.Төреші
керек
6. Ойыншы ережені білу
керек
7.Спорттық киім киіп ойнау
керек
Волейболдың адам денсаулығына
пайдасы
1.Денсаулықты жақсартады. 2.Өкпенің дұрыс тыныс
алуына көмектеседі. 3.Бұлшық еттерді қатайтады. 4.Қимыл әрекетте
тез ойлауға көмектеседі.5.Ми қызметін реттуге
көмектеседі.
6.Мінез-құлықты реттеуге
көмектеседі.
7.Топ мүшелерімен жақсы қарым қатынас орнатуға,
психологиялық ахуал туғызуға көмектеседі.
Волейбол ойыны мен баскетбол ойынының
айырмашылығы
А)Волейбол- екі топ алаңның екі жағында, өз
бөлігінде ойнайды, ойыншылар орнын ауыстырып отырады, ойынға
арналған тор алаңның ортасында жоғарға бекітіледі, әр топта 6
адам.
Б)Баскетбол –екі жақты ойын, ойыншылар
алаңда үнемі қозғалыста болады, 5-ойыншы
болады,алаңның екі шетінде екі себет тор
болады
Ойынның әр элементтік
қимылдарын айта отырып, жаттығудың түрлі тәсілдерін үйренуде
интерактивті тақтаны қолданудың ерекшелігі зор. Спортшы әр жасаған
қимылға көңіл бөле отырып, ол әдістердің орындалу тәртібін
киномоторикалық әдіс арқылы естеріне сақтай алады. Өзім жетекшілік
ететін қыздар волейбол секциясында ақпараттық-технологияны қолдану
арқылы ойыншыларды теориялық және практикалық біліммен толық
қамтамасыз етемін. Теориялық білім беру барысында волейбол ойынының
әдіс – тәсілдеріне көптеп тоқталамыз. Ойынның әдіс-тәсілдерін әр
ойыншы тереңінен түсініп, жіті меңгеруі
керек.
Жас волейболшыларды
кәсіби-педагогикалық дайындау технологиясы оның жеке басының
кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған
іс-әрекеттердің, операциялардың,
іс-шаралардың тұтас жиынтығы. Мұндай жеке тұлғаның қалыптасқандық деңгейін анықтау, үйрету мен шынықтырудың
нақты нәтижелерін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі деңгейінде
қарастырылады. Бұл дайындықтың мәні ретті, педагогикалық
шынайылықты тану үдерісінің қисынына сай, танымдылықты және
тәжірибелік сабақтар арқылы жүзеге асып отырады. Оқытушы-бапкердің
кәсіби-педагогикалық дайындық технологиясын түзу оның
теориялық-әдістемелік негіздемесінің тікелей жалғасы
болды.
Спорттық ойын.
Волейбол. Допты ойынға қосу
түрлері. Допты ойынға төменнен тура, бір бүйірден
төменнен ойынға қосу түрлері бар. Волейбол ойыны допты ойынға қосу
әдісімен басталады.Алаңның ортасын тор бөліп тұрады. Сыныпты екі
топқа бөліп, арақашықтығы 6-7 м болатындай, қарама-қарсы тұрғызу.
Өткен сабақты қайталап, еске түсіру. Допты екі қолмен көтеріп,
қарсы тұрған әріптесіне беру. Допты еденге соғып беріп, жоғарыдан
қабылдау.. допты екі қолмен көтеріп беру, допты төменнен қабылдау.
Допты төменнен тура соғу кезінде қолдың жұмысына көп көңіл бөлген
жөн. Соғу барысында сәл алға еікею, допты сол қолға ұстау. Оң қолды
ілгері ұстап, допты көтеріп, астынан соғу. 1 - топ допты төменнен
соғады. 2 – топ допты ұстап, еденмен домалатып кері береді.
Осылай екі топ кезектесіп тапсырманы
орындайды.
Жүгірудің
түрлері.
1.Жай жүгіріспен
жүру
2.Қол белде, оң және сол
жақпен ауы |