жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Windows,Unix\Linux операциялық жүелерінің негізгі түсінігі және бағдарламаны орнату
«Бекітемін»
директордың оқу өндірістік
істірі жөніндегі орынбасары
Тоқмурзаев Ж.Н
___________________
«___»_________2018ж
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ №4
Сабақ өтілу күні: 26.10.2018ж
Сабақтың тақырыбы: Windows,Unix\Linux операциялық жүелерінің
негізгі түсінігі және бағдарламаны орнату.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тарау бойынша білімдерін нығайту, бір
жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен
ұштастыру. Операциялық жүйелермен жұмыс істеу кезіндегі
практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруды
жалғастыру;
Дамытушылық: Студенттерді жақсы маман болуға баулу,
білімдерін арттыру, ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Студенттерді жұмыс жасау кезінде ұқыпты
жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықтары: Интерактивті тақта, слайдтар, макеттер, пошта пакеттері, нұсқау карталары
Сабақта қолдалынатын әдіс-тәсілдер: Өндірістік оқыту сабағы
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Студенттермен сәлемдесу
ә) ҚР Әнұранын орындау
б) Студенттердің өндірістік оқыту сабағына дайындығын тексеру
(арнайы жұмыс киімінің, оқу құралдарының, жұмысқа қажетті
құрал жабдықтардың болуын қадағалау)
Кіріспе нұсқау
а) студенттерді сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
ә) студенттерге сабақтағы жұмыс тәртібін түсіндіру
в) жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа сабақ
Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа.
Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық , сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
Windows 7-дегі Windows Flip 3D
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздерінің басталу уақыты 1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
UNIX (Юникс)
— көп амалды,бірнеше қолданушыларға
арналған операциялық жүйе. Ол 1970 жылы
алғашқы телефонды ойлап тапқан Bell Labs
компаниясында Кен Томсон мен Денис
Риччи бірлесе жазып шыққан. Ең басында
компанияның ішкі қызметтерін қанағаттандыру
мақсатында шығарылған. Кейін кең
танымалдыққа ие болып Solaris,SunOS, GNU/Linux
сияқты операциялық жүйлерге бағдар
болып, операциялық жүйе тарихина орасан
зор үлес қосты. Оның басты ерекшелігі
бұл операциялық жүйеде, бір уақытта еш
қиындықсыз бірнеше қолданушылар жұмыс
жасай алатын.
W
indows
амалдық жүйесі және SCO Unix, Solaris немесе
DOS сияқты коммерциялық АЖ басқа,
Linux (Линукс) амалдық жүйесі де бар. Linux
АЖ ашық жүйелер стандарттарын қолдайды
және Unix,DOS, MS Windows жүйелеррлер мен бірге
қолданыла алады. Бастапқы мәтіндермен
қоса, жүйенің барлық құрамдас бөліктері
еркін көшіруге және саны шектеусіз
пайдаланушылар үшін орнатып пайдалануға
берілетін рұқсатпен бірге таратылады.
Linux басқаруымен сан алуан, кәдімгі дербес компьютерле мен ноутбуктардан бастап, көп процессорлы өнеркәсіп серверлері, кластерлік есептеуіш кешендер, PDA және IBM компаниясы шығаратын қол сағаттарына дейінгі электронды жүйелер жұмыс істейді. Linux – қауіпсіз жүйе. Linux-ке лайықталған вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы серверлік болып табылады және Windows-машиналарда тіршілік ететін Windows-вирустарын аулауға арналған.
ІІІ. Ағымдағы нұсқау
а) студенттерді орындалатын тапсырманың мазмұнымен
таныстыру
ә) нұсқау-технологиялық карталар тарату
б) еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерін қайталап, бекіту
в) студенттерді жұмыс орындарына орналастыру
г) студенттердің жұмысын бақылау
1-ші мақсатты айналым. Студенттерді айналып өтіп, еңбек қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау, тапсырманы орындау дұрыстығын қадағалау;
2-ші мақсатты айналым. Студенттердің тапсырманы орындауына жәрдем беру;
3-ші мақсатты айналым. Студенттердің тапсырманың дұрыс орындауына көңіл бөліп, қажетті жағдайда көмектесу;
4-ші мақсатты айналым. Студенттердің жіберген қателіктерін анықтау және оларды жою амалдарын түсіндіру;
ІV. Қорытынды нұсқау
а) өтілген тақырыпты бекіту
ә) студенттердің жұмысын сипаттау, талдау
б) тапсырманы дұрыс орындаған және қатесі бар студенттерді атау
в) студенттерді бағалау
г) үй тапсырмасын беру:
Үйге тапсырма: Жүйелік қорап
Аға шебер: Сәбден М.Ш.
Өндірістік оқыту шебері: Кайназаров Н.К.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген