400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармалардың мазмұны мен негізгі идеяларын талдау арқылы, күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дерек ретінде маңызына баға беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Төребекова Сәуле Салахиқызы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті

Зерттеу сұрағы

XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау

Сабақ мақсаттары

Шығармалардың мазмұны мен негізгі идеяларын талдау арқылы, күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дерек ретінде маңызына баға беру.

Бағалау критерийі


Ауыз әдебиеті шығармаларының тарихи құндылығын бағалайды.


Тілдік мақсаттар


Зерттеуге берілген тақырыпқа сай ақпаратты талдайды (оқылым дағдысы), күйді тыңдап, әсерімен бөліседі, сұрақтар бойынша талдайды (тыңдалым, айтылым дағдысы).

Негізгі сөздер мен тіркестер: шежіре, ауыз әдебиеті, ертегі, жыршы, жырау, тарихи шығарма, жылнама, күй, аңыз, эпос, т.б.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

XV ғғ. өнер мен әдебиетте ортағасырлық қоғамның ......... аспектілері айрықша сипатталған,оған мысал ................

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Құндылықтарды дарыту




- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- батылдылық

- көшбасшылық

- төзімділік

- бостандық

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, әдебиет, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен жұмыс

Бастапқы білім

Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейінгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, қоғамдық құрылысы, ыдырау себептері мен салдарлары.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Б Оқушыларға Қазтуған жыраудың Еділ туралы жырын Б.Тілеуханның орындауында тыңдату. Жыр аяқталғаннан кейін, төмендегі сұрақтарды қою:

  • Сіз қандай әсер алдыңыз?

  • Сіз қандай сезімдесіз?

  • Жырда қандай адам есімдері аталды?

  • Жыр не туралы?

  • Сіздер тыңдаған жырдың бүгінгі сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін?


Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.


Презентация




Сабақтың ортасы


Дайындыққа-

10 мин













5 мин



Әр оқушыға қорғауға – 2 мин (8 мин)


2 мин












5 мин











Зерттеу және талдау

1-тапсырма. Жеке жұмыс

Берілген шығармалардың біреуін таңдап, сұрақтар бойынша талдайды. Жырды таңдауда әр тақырыпты бірдей сандағы оқушылардың таңдауын қадағалау.

  1. Қамбар батыр жыры

  2. Қобыланды батыр жыры

  3. Асан қайғы толғауы

  4. Сыпыра жырау толғауы

Сұрақтар:

  • Жыр авторы кім, қашан жазылған?

  • Жырдың негізгі тақырыбы қандай?

  • Автор қандай мақсатпен жазды?

  • Жырда қандай тарихи кезең, оқиғалар мен үдерістер сипатталған?

  • Жырдың негізгі кейіпкер (-лер) кімдер?

  • Шығарманың тарихи маңызы неде?


Оқушылар жеке жұмыстанып болған соң, бірдей тақырыпты таңдаған оқушылар бір топқа бірігеді. Жауаптарын кестеге толтырады.

ДЖИГСО әдісі бойынша әр тақырыпты зерттеген оқушылар, бір топқа жиналып, өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы

Бағалау критерийі: Ауыз әдебиеті шығармаларының тарихи құндылығын бағалайды.

Дескрипторлар:

Жыр авторын анықтайды;

Жырдың жазылған уақытын біледі;

Автордың мақсатын түсіндіреді;

Жырда суреттелген тарихи оқиғаларды түсіндіреді;

Жырдың негізгі кейіпкерлерін атайды;

Жырдың тарихи маңызына баға береді.


«Ақсақ құлан» күйін тыңдатып, күйдің шығу тарихы туралы мәтін беру. Оқушылармен диалог жүргізу:

Қандай әсер алдыңыз? Қандай сезімдесіз?

Күй қалай дүниеге келді? Күйдің мақсаты не?

Күйдің көңіл-күйі немесе тоны қандай?

Күйді талдау арқылы рухани мәдениеттің дамуы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

Бұл күйдегі маңызды деп ойлайтын үш нәрсені атаңыз.


Мұғалімнің кері байланысы


Презентация

Б. Тілеухан. Еділ жыры.

http://www.youtube.com/watch?v=9J08d14qUvs


Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Ұжымдық. Авт. Таймас баспа үйі, 2007


Қазақстың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары. Коллективн. Авт. – А: Атамұра, 2010


Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Коллективн. Авт. – А: Алматыкітап, 2010


Жошыны ашуландарған ақсақ құлан

http://akjunis.kz/?p=3439 (мәтін)


Қамбар батыр

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/8054-1_bolim_qambar_batyr_zhyry (мәтін)



Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»:

  • Бүгінгі сабақтан білгенім....

  • Бүгінгі сабақтан түсінгенім ....

  • Мен үшін .... қиын болды

  • Мен енді .... жасай аламын

  • Мен ..... сезіндім

  • Мені .... таң қалдырды

  • Енді .... білгім келеді

Презентация



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың білімін жеке сұрақтар беру арқылы, топтық тапсырмаларды орындау кезінде бағалаймын.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылардың міндеті қиналатын оқушыларға көмектесіп, бақылау үстінде ұстау.

Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде ойларының жүйелілігін, айғақтарды келтіру, ғылыми тілді пайдалануын қадағалап отыру.

Сабақ ережесіне сай денсаулыққа қауіпті заттар қолданылмайды.

  • АКТ құралдарын шектеулі қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі