400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Ы дыбысы мен әрпі Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
сауат ашудан қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ы дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Орнымызға отырып,

Өзара сөз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!

Бүгін сабақта біз топпен жұмыс жасаймыз, алдымен топ ережесін қайталап алайық!


  • Балалар, алдарыңызда жатқан фигураға назар аударайық. Бұл қандай фигура? Текшенің жақтары әр түрлі түспен берілген, бұл біздің сигналды текшеміз болады

Жасыл түс – топ дайын

Сары түс – топқа көмек керек

Қызыл түс - топ тапсырманы түсінген жоқ

Одан басқа алдарыңызда жұлдызшалар жатыр (әр топта әр түсті жұлдызшалар) Кім ең көп жұлдыз жинайды екен, көрейік!

-Өткен сабақтарды қайталау үшін «Тілшілер» ойынын ойнайық

(Өткенді қайталау) Дұрыс жауаптарды жұлдызшалармен бағалау

-Дыбыстар қандай топқа бөлінеді?

Дауыссыз дыбыс деген не?

-Д дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

Енді назарымызды тақтаға аударайық

Фигуралар, түстер бейнебаян

Неліктен мен бұл фигуралар мен түстерді сауат ашу пәнінде қолданып жатырмын

Бірге дыбыстап көрейік

  • Осы фигуралар мен түстердің арасында ортақ не бар деп ойлайсыздар?




Шаттық шебері

Интербелсенді тақта

Микрофон







Сабақтың ортасы

8 минут







Ендіше, балалар бүгін біз сіздермен Ыы танысамыз.

-Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыздар? Сабағымызға мақсат қояйық.

- дыбыс үйренеміз, жазамыз, сөйлемдер құрамыз.

Ы әрпіне келген қонақтардың аттарын тап.

Қонақтардың атын үш тілде атап өтеді.

Тышқан – мышь – mouse

Қасқыр – волк – wolf

Қонжық – медвежонок -  teddy-bear

  • Бұл жануарлармен қай пәнде танысып едік? Және олар туралы не білеміз?

Неліктен Ы дыбысын мен қызыл түспен белгіледім деп ойлайсыздар?

Ол дауысты дыбыс болғандықтан, қызыл түспен дауысты дыбыстар белгіленеді.

Дауысты екенін дәлелдеп көрейікші

(Дыбыстау)

Ы – дауысты , жуан, қысаң, езулік дыбыс

Ы дауысты дыбыс, себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергісіз, еркін шығады.

  • Ы дыбысы кездесетін сөздерді білесіздер ме?

  • Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен? (барлық буындарда кездеседі)

Қонаққа келген жануарларға дыбыстық талдау жасайық Топтық жұмыс

  • Тақтаға іліп қорғайды

Дәптермен жұмыс

  • Ы әрпінін элементтерімен таныстыру, ауада жазу, дәптерге жазу.

  • Дәптерді көлбеу қоямыз, арқамызды тік , дұрыс ұстаймыз

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Оқулық, дәптерлер.


Сергіту сәті

1 минут

Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық

Уық болып иіліп,

Шаңырақ боп киіліп

Достық үйін құрайық

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

2 минут


Аяқталуы


16 минут




Сергіту сәтіміз не туралы?

Достық

Осы сергітуде Ыы дыбысы бар сөздер кездесті ме?

Шаңырақ, уық

Тақтамен жұмыс (слайд не артық?)

  • Шаңырақ, уық, пырақ, жұлдыз осылардың барлығын қайдан көре аламыз?

  • Елтаңбадан

Елтаңба ол Қазақстан \Республикасының мемлекеттік рәмізі.

Тағы да қандай рәміздер білесіздер?

Тәуелсіздік туралы айтып өту

Биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланады. Біздің Президентіміз сіздердің сапалы білім алу үшін көп жағдайлар жасады. Биыл біз жаңа оқулықтармен оқып жатырмыз, жаңа пәндер еңгізілді. Олар қандай пәндер?

Топқа тапсырма суретпен жұмыс

№2 Суреттерге қарап, өз топтарыңмен сұраққа жауап беріңдер.

  • Оқушылар қандай сабақтарда болды?

  • Олар әр сабақта немен айналысты?

Сауат ашу сабағында қай әріппен таныстың?

Жұмбақ жасыру ( қонаққа келген жануарлар жайлы)

Тышқан, қонжық, құндыз, тотықұс

Қай топ қай жұмбақты шешеді, сол жануардың мүсінін ермексаздан жасайды


АКТ, плакаттар, ермексаз





Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

1 топ- Ыы дыбысы сөздің басында кездесетін сөздер жинақтайды

2 топ – Ыы дыбысы ортасында

3 топ – Ыы дыбысы соңында

4 топ – Ыы басында да, ортасында да келетін сөздер жинақтайды. ( сөздер дайын, шатасқан сөздерді тап)



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – әр топ жұлдызшалар саны бойынша бағаланады

Кеме желкенін бояу


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

№2 Суреттерге қарап, өз топтарыңмен сұраққа жауап беріңдер.

  • Оқушылар қандай сабақтарда болды?

  • Олар әр сабақта немен айналысты?

Сауат ашу сабағында қай әріппен таныстың?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1156
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі