Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Құмжарған орта
мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Алдабергенова Мансия
Каймуллиновна
Сауат ашу
сабағы
Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы
мен әрпі, «Сұр қоян».
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Я дыбысы бар
сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру.
«Сұр
қоян» өлеңін мәнерлеп оқи
білуге, мазмұнын түсіндіруге үйрету.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Әсемдікті сезіне білуге,
табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ойын арқылы жаңа әдіс - тәсілдерді
тиімді қолдану.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Ән,
дүниетану.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ - топтық, жеке
жұмыстар /ойын түрінде/.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Сөзжұмбақ шешу.
2. Үнтаспа, теледидар.
3. Кесте: Я - дыбысы мен әрпі бар сөздер. «Сұр
қоян».
4. Қималар.5. Сахналау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
сәті.
Психологиялық дайындық
Бүгін бізде көп қонақтар келіп
отыр.
Қазақта: «Қонақ - ырыс
әкеледі»- деген теңеу бар.
Ендеше алдымыздан тек жақсылық күтсін. Сәлемдесу
/оқушылар арттарына яғни, қонақтарға қарап бас иеді. Жақсы балалар!
Бүгін біз «Білім еліне - саяхатқа» шығамыз.
Бірінші аялдама: қане, кім батыл? /сұрақ -
жауап әдісі/.
Дыбыс деген не? ---Дыбысты естиміз. Құлақпен естілетін
үн/.
Әріп деген не?--
Әріпті көреміз, жазамыз,
айтамыз/.дыбыс
таңбасы
Әріптердің баспа түрі қайда жазылады?
/Кітапта/
Жазба түрі ше? /Дәптерде
Дыбыстар қалай бөлінеді?-
Дауысты дыбыстар қалай
бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар қалай
бөлінеді?
Екінші аялдама: « Орнынды
тап!» ойыны
1. ПИЯЗ ҚИЯР
ҰЯ
Сөздерді суреттердің астына
орналастырады.
2. ұя жайлы сергіту сәті
айтылады
Торғай,торғай,торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың
Ұя жасап берейік,
Сонда аязға
тоңбайсың
Үшінші аялдама: Тездет, бірақ
қателеспе!
1.
«Ұя» өлеңін жатқа
айту.
2. «Я» дыбысы бар қандай сөздер
білеміз.
3.Тақтаға жазғызу: Күн
бұлттанып, «Бұлттан әріптер жауғанда»
(сөздік жұмыс,түсініктеме
беру)
ұя аяқ қияр бояу сия
мая
Баян таяқ пияз қоян қия жая
Жақсы, балалар! Бұл тапсырманы да
орындадыңдар.
Төртінші аялдама: «Кім жылдам?» тапсырмасы.
Сөзжұмбақ шешу.
Тосын сәт.
-Балалар, бізге бүгін тағы бір қонақ келіпті.Ол
қонағымызда бір дорба жұмбағы, өлеңі бар.
-Іске сәт! Кезекпен келіп
алайық.
Қолы жоқ - сурет салады,
Тісі жоқ - тістеп алады. /аяз/
Жесең
ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. /пияз/.
Есек құлақты, Ешкі құрықты.
Мысық аяқты, көрдім жүйрікті.
/қоян/
Тал басында
Тамаша үй. /ұя/
Балалар, осы сөзжұмбақ ішінде бір аңның аты бар.
Сол аң бізге қонаққа келе жатыр, ол қандай аң?-
қоян.
Ассоциация әдісі: ҚОЯН қорқақ,ақ,сұр
сүйкімді.жүйрік,сақ,үркек.
Буынға бөлгізу: Қо - ян
Дауысты, дауыссыз ажырату:
Неше дауысты дыбыс бар /2/: қандай? /о, я/ неше
дауыссыз дыбыс бар /2/, қандай /қ, н/; кеспе әріптерді пайдаланып
оқушыға қоян сөзін жаздырту.
1 оқушы тақтаға жазады.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу /сурет
арқылы/.
Ақ қоян-ау, ақ қоян.
Үркек қоян, сақ
қоян,
Дыбыс шықса қашасын
Таудан бір-ақ асасын
1925-1988жж
Бесінші аялдама: оқулықпен
жұмыс. Тоқаш Бердияров
Жаңа сабақ : «Сұр қоян»
Мұғалім «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқып
береді.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы
жерлермен
Ытқып-ытқып
жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап.
Көжегі екен өзінің.
Т.Бердияров
Қарамен жазылған /қиын/ сөздерді
түсіндіру.
Қандай қоян?- /ұзын құлағы бар сұр
қоян/
не істеді? /қоян сыбдырды естіп қалды да, ытқып2
жүгіре жөнелді/.
Бір кезде артына көзінің қиығын салып қарасы
томпаңдап келе жатқан өзінің көжегі екен.
Алтыншы аялдама: Сергіту
сәті: маска киіп, сұр қоян
өлеңін/.
Ауылдағы қоянның,
Сәбіздерді көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Кісі аттары, Жер - су аттары қандай әріптен
басталып жазылады, білеміз бе?- /бас әріптен/.
Кісі аттары. Жер-су аттары.
Аян, Баян, Баянауыл, Аягөз,
Әсия, Әлия, Сырдария,
Ғалия,Данияр. Әмудария
Жетінші аялдама:Дәптермен
жұмыс. Жай дәптерге Яя Аян, баян,
Әсия, Әлия, Ғалия, Данияр, Баянауыл, Аягөз, Сырдария, Амурдария т.
б. /оқушылар кезектесіп тақтаға да
орындайды
Сегізінші аялдама:жаңа білімді
бекіту
-Сабақ ұнады ма?
-Не туралы білдік?
Бүгінгі сабақ көңілді
Серпілттік бір сәт өмірді
Ауамыз таза болсын
Жан-жануар барлығы аман болсын.
Бүгін сабаққа жақсы
қатыстыңдар, рахмет. Енді сендерге бүгін сабағымызда өткен «Сұр
қоянның» кішкене сыйлығы бар екен.
Ой толғаныс.
1. Я – дыбысы қандай
дыбыс?
2. Қалай айтылады?
3. Буын сөз құрайды.
Тоғызыншы аялдама:
Оқушыларды мадақтау.