Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Я я дыбысы мен әрпі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: С.У.Сулейменова



Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, математика сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Шаян-рак-

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

1.Психологиялық сәт:Сенім

Еңбек етсем, ертеңгі Ақыл,сана,білім мен

Бақытыма сенемін! Өнеріме сенемін!

Мақсатыма жеткізер Арым-таза,ақ көңіл

Уақытыма сенемін! Адалдыққа сенемін!

Достық іс пен қасты да Абыройлы,ақ ниет

Жеңеріме сенемін! Адамдыққа сенемін!

2.  «Кубизм» стратегиясы арқылы сұраққа жауап беру.
1)Дыбыс деген не?/естиміз,айтамыз/ 
2)Әріп дегеніміз не?/көреміз,жазамыз,оқимыз/ 
3)Дыбыс нешеге бөлінеді?/дауысты,дауыссыз/ 
4)Дауысты дыбыстар қалай айтылады?/созылып/ 
5)Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?/қысқа/ 

6) Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Я я дыбысы)

Оқушылар хормен айтады









Барлық оқушылар қатысады.




Сабақтың ортасы

8 минут



3.Жаңа сабақ

-Ал, балалар, енді бізге тағы да қонаққа Алдар Көсе келіпті.Алдар Көсені танисыңдар ма? Қайдан білесіңдер? 
Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды. Сахналық қойылым «Алдаркөсе мен бай баласы»
Алдар Көсенің де өзімен бірге әкелген тапсырмалары бар екен. Осы тапсырмаларды біз 3 топ болып орындаймыз.Топ басшыларын сайлап алайық. Алдар Көсенің сандығында не бар екенін және қандай тапсырмалар бар екенін көрейік. 

1 тапсырмасы: «Тақия тастамақ» ойыны.

Мен буынның басын тастаймын, сендер тақтадағы буындармен аяқтайсыңдар. Өткен дыбыстарға байланысты сөздер айту керек. 
 КІТАП, ШАНА; ДАЛА; БІЛІМ, АРА, ОРАЛ, ҰШҚЫШ, ҚАЙШЫ, САҒАТ; ШЕГЕ; ҰСТА, ДОСТЫҚ,ДӘРІХАНА, АСХАНА.

-Балалар жаңа біз қандай ойын ойнадық?

-Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай?

-Тақия сөзін буынға бөлейікші

Ендеше біз я дыбыс мен әрпімен таныстық. 
Я дыбысы дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Олай болса, балалар, Я дыбысы қосарлы дыбыс й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.

Я дыбысы - қосарлы дауысты дыбыс. Сөздің көбіне ортасында және аяғында кездеседі. Орыс тілінен енген яхта сөзінде сөз басында кездеседі.

2Топтық жұмыс: Қарама-қарсы сөздерді тап

Жұмсақ – Түзу – Жақын –
Ащы – Кәрі – Ашық –
Жеңіл – Баяу – Жуан –
Таза – Бұдыр – Тұр –
Ұзын – Биік –

3 тапсырмасы: «Жұмбақтар әлемі» ойыны:

Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз – мороз- )

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп-кетеді

Қызы менен ұлына

Сыйлығын алып келеді. (Аяз ата- дед мороз )

Бірі – ыдысқа керек,

Бірі – жүріске керек. (Аяқ-ног-)

Ұрмай-соқпай жылатады

Әркім бірақ ұнатады. (Пияз- )

Есек құлақты, 
Ешкі құйрықты, 
Мысық аяқты, 
Көрдім жүйрікті. (Қоян-заяц- ) 

4 тапсырма: «Буын ұйқас» тіл ұстарту жаттығуы:

Я – я – я

Құстар салды ұя,

Ян – ян – ян

Секеңдеген ақ қоян

Яз – яз – яз

Ащы екен пияз.

Яр-яр-яр

бақшада пісті... (қияр). 
Яқ-яқ-яқ

тез жүреді..... (аяқ). 


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс




Көрініс көрсетеді












Тақия тастамақ

Я я әрпі

Та-қи-я





(й+а)

Сергіту сәті

1 минут

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут


Қызықты тапсырма

8 минут



5тапсырма: Топтық жұмыс:

1-топқа: «Байланыстыр» ойыны.

(Сол жақ бағандағы суреттерді оң жақ бағандағы я дыбысы бар суреттермен байланыстыру)

Жетелеу сұрақтарын қою арқылы балаларға ойларын дәлелдету.

СShape2 Shape1 әбіз акварель бояуы

АShape4 Shape3 та пияз

Суретші таяқ

Тақтай қоян

2-топқа: Суретпен жұмыс (2 түрлі жағдаятты шешу)

-Балалар, суреттен не көріп отырсыңдар?

-Құстың ұясына тиюге болмайды, құстар – біздің қанатты досымыз. Қазір қыс мезгілі. Біздер құстарға қамқор болып жүруіміз керек. Құстарға ұя жасап береміз.(Берілген фигуралардан ұя құрастыру)

3-топқа:Берілген суреттегі заттардың атын жазып, дыбыстық талдау жасау.

Топтың жұмысын бағалау. «Отшашу», «Шапалақтау», «Қол белгілері»арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.

5 тапсырма: «Әдемі етіп жазайық!» дәптермен жұмыс

Я әрпінің элементтерімен таныстыру.

а) Я әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.

ә) Я ауада,партада жазу.

б) Я әрпін дәптерге жазу.

6. «Саусақтар сөйлейді» әдісі.Әр топқа беріледі.


Мысық пен кірпінің суреті.


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Сабағымызды «Дұрыс тап» ойынымен қорытындылайық.

  • Тақтаға 3 топтан бір оқушыдан шығарып, тақтадағы қияр мен тақия қоян суретіне дыбыстық талдау жасату.

Қ И Я Р Т А Қ И Я Қ О Я Н

Shape9 Shape10 Shape11 Shape12 Shape13 Shape14 Shape15 Shape16 Shape17 Shape8 Shape5 Shape7 Shape6

Қорытынды:










«Алты қалпақ» ойыны арқылы сабақты қорытындылау:Әр топтан екі оқушы шығып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту

-Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім.
— Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.
— Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


 
№1 тапсырмасы: «Тақия тастамақ» ойыны.


2Топтық жұмыс: Қарама-қарсы сөздерді тап


3 тапсырмасы: «Жұмбақтар әлемі» ойыны:


4 тапсырма: «Буын ұйқас» тіл ұстарту жаттығуы:


5тапсырма: Топтық жұмыс:


6. «Саусақтар сөйлейді» әдісі



Жұмсақ- қатты Түзу – қисық Жақын – алыс
Ащы – тәтті Кәрі – жас Ашық – жабық
Жеңіл – ауыр Баяу – тез Жуан

жіңішке
Таза – лас Бұдыр –

тегіс

Тұр – отыр
Ұзын – қысқа Биік – аласа

Үлкен - кіші

 

КІ ТАП ША НА ДА ЛА БІ ЛІМ А РА О РАЛ ҰШ ҚЫШ

ҚАЙ ШЫ СА ҒАТ ШЕ ГЕ ҰС ТА ДОС ТЫҚ ДӘРІ ХАНА АС ХАНА



























































 Ата-аналар жиналысының өтілу жоспары

2013-2014 оқу жылы

 

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1 мәжіліс

1

 

   2

  

 Баяндама

«Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»

Ата-аналар комитетін сайлау.

 

 

қыркүйек

 сынып жетекші

2 мәжіліс

1

 

   2

3

«Мектеп, ата- ана, оқушы арасындағы  байланыс»

Психологиялық тренинг

І тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

 

 

қараша

сынып  жетекші,

психолог

3 мәжіліс

1

2

   3

 

Баяндама «Кітап — ұстаз, ақылшы  дос»

ІІ тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

 

 

қаңтар

сынып

жетекші

4 мәжіліс

1

2

3

«Отбасындағы  тәрбиенің  ерекшелігі» баяндама

ІІІ тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

 

 

сәуір

сынып  жетекші

5 мәжіліс

1

   2

3

4

«Жазғы каникул кезіндегі еңбек пен демалыс»

Ата-аналар комитетінің жылдық есебі

ІV тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

 

 

мамыр

сынып  жетекші






 

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
2418
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12