Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ у=ах2 (а=1) функциясы, оның графигі және қасиеттері 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
парабола грфигімен таныстыру, оның қасиеттерін атап өту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Функция. Функцияның графигі

Мектеп: №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы

Күні: 11.12.2020ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембина К.З.

Сынып: 7 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

у=ах2 (а=1) функциясы, оның графигі және қасиеттері

Сабақ түрі

Жаңа материалмен танысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.5.1.10

y функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

Сабақ мақсаттары:

  • Квадрат функция ұғымымен танысу;

  • у=ах2 функциясының графигін салуды үйрену және оның қасиеттерін сипаттау;

  • у=ах2 функциясының графигі мен а коэффициентінің таңбасы арасындағы тәуелділікті анықтау.

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну

у = ах2 (а0) функцияларын, олардың қасиеттері мен графиктерін біледі

Қолдану

у = ах2 (а0) функцияларының графиктерін салады

Жоғарғы деңгей дағдылары

у = ах2 (а0) функция қасиеттерін графиктерін салу арқылы зерттейді.


Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

тәуелділік;

функция, тәуелді айнымалы;

аргумент, тәуелсіз айнымалы;

функцияның мәні;

функцияның анықталу облысы;

функцияның мәндер жиыны;

функцияның берілу тәсілдері,

функция графигі;

сызықтық функция;

парабола, кубтық парабола;

парабола төбесі, параболаның тармақтары;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

парабола тармақтары (жоғары, төмен) бағытталған, өйткені ... ;

функцияның графигі ... симметриялы;

егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері ... .

Құндылықтарды дарыту



  • өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;

  • білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;

  • сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Геометриялық интерпретациялар. Өмірмен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Білім алуға АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдануға қажетті қолданушылық дағдылар қалытастыру

Бастапқы білім


Функция және функция графигі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Сабақ басында мұғалім мен оқушылар сәлемдеседі.

Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты енгізуге бағытталған тапсырманы ұсынады:

Белгісіз санды табыңыз, тапсырмасында сандардың қосындысының квадратын табу арқылы, санның квадратын табу амалын қайталау, квадраттық функция мәнінің аргументтің кв арқылы табуына көз жеткізу

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отыра, сабақтың тақырыбын анықтайды. Бұдан кейін мұғалім оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Аталған жаттығу нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасында айқындық қалыптасады.

Презентация



3 слайд

Сабақтың ортасы

3 минут




4 минут




3 минут














3 минут





3 минут



Өтілген сабақты қайталау «Адасқан әріптер», әріптерден сабаққа қатысты сөздер құрайды, / функция, аргумент, ширек, график/ табылған сөздердің ережесін, мағынасын айтады/смайлик арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Жаңа материалды түсіндіру.

Мұғалім видео-көрсетілім бойынша квадраттық функцияның анықтамасымен, графигімен таныстырады.



Ақпарат беру: Созу, сығу ұғымдарын енгізу /desmos.com/бағдарламасы арқылы график салу

1. а>1, оу осі бойымен а есе созу

2. 0<а<1, оу осі бойымен а есе сығу

3. а<0, y=аx2 функциясының графигін ох осіне қарағанда симметриялы көшіру./әр түрлі кв функ кескіндеу, а-ның мәніне сәйкес айырмашылықты көру/



Кері байланыс ретінде мұғалім анимациясы бар таныстырылым бойынша түрлі функциялардың графиктерін көрсетеді: оқушылар өздерін бағалайды, қателескен жерлері болса, түзетеді.

Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар ережені қорытады.

Бекіту. "Сәйкестендіру" әдісі арқылы тапсырманы орындап, талқылайды.

Оқушыларды негізгі деңгейлі қабілеттері бойынша тапсырмаларды орындауға ұсынады. Тексеру дайын жауаптар бойынша оқушылардың өздерімен орындалады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, қажет жағдайда қолдау көрсетеді.

Дарытылатын құндылықтар: оқушылар бір-бірін сыйлауды, академиялық адалдықты дарытады.

25.1 тапсырмасын, талдау, дескриптор арқылы жазбаша орындайды, жауаптарын айтады.

Смайлик арқылы бағалайды /өзара бағалау/

4 слайд


Презентация

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/7-synyp/y-ax2-a-0-funkcziyasynyng-qasietteri-zhane-onyng-grafigi?mid=1:simple













Сабақтың соңы

2 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды. «Нысана» әдісі арқылы

-Белсенді қатыстым

- қызықты болды

- түсінікті болды

-қызықты ақпаратпен таныстым

Үй тапсырмасы.

25.2

Жазбаша формативті бағалау.

Оқушылар / google.com/ гугл форма арқылы дайындалған тест тапсырмасын орындайды (негізгі және жоғарғы деңгей бойынша).

Дарытылатын құндылықтар: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік.

Дескрипторлар: Білім алушы

- аргументтің берілген мәнінде функцияны анықтайды;

- функция графигі бойынша формуласын анықтайды;

- функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәнін табады.

Тест тапсырған соң, оқушылар неше дұрыс орындаған тапсырмасын көре алады, /қателік кеткен тапсырма бойынша, мұғалім оқушыға ватсап желісі арқылы коммент жазылады/



. Алгебра, 7. Алматы, 2017


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлер бойынша саралау жеке жұмыс барысында жүзеге асырылады.

Әр сабақ кезеңінен кейін бағалау орындалады (өзіндік, жұпта бағалау немесе мұғалім бағасы).

Әртүрлі әрекет формалары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2021
1187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12