Материалдар / Ашық сабақ "Ы.Алтынсарин 180 жас"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ы.Алтынсарин 180 жас"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Ы.Алтынсарин 180 жас"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин 180 жас»

Мақсаты: 1. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.



Тәрбиеші:

Құрметті қонақтар мен оқушылар! Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Осы сабағымызды Ыбырай атамыздың 180 жылдығына арнаймыз

Тәрбиеші; Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, бір сөзбен айтқанда, "ер адам"құрметті атағын ақтай білуге шақырды. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсінді. Сондықтан Ыбырай осы мақсатқа өзінің оқытушылық, поэзиялық, жазушылық және аударма жұмыстарын арнады.

«Дыбыстар сөйлейді»әдісі бойынша мінездеме беру
Ы – ынталы;
Б – білімді;
Ы – ынталы;
Р – рахымшыл;
А – ақылды;
Й – инабатты; Алтынсарин......





Бейнебаян;Ақынның өмір баяны

(Бейнебаян жайлы оқушылар пікірі)

Жылдар маңызды оқиғалар
1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс — қазақ мектебіне барған.
1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.


1оқушы –: Ы. Алтынсарин 1841(мың сегіз жүз қырық бірінші) жылдың 20(жиырмасыншы) қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850(мың сегіз жүз елуінші) жылы Орынборда ашылған орыс – қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 (мың сегіз жүз елу жетінші) жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.

Тәрбиеші: Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады.

2оқушы –: Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 (мың сегіз жүз елу тоғызыншы) жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады.


Тапсырма:   Сұрақ жауап
-Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қайда туған?
(Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы туған.)
-Ыбырайды кім тәрбиеледі?
(Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі).
-Мектеп бітірген соң, кім болып жұмыс істейді?
(Мектеп бітірген соң, ол мұғалім болып жұмыс істейді).
-Ол қазақ балалары үшін не ашты?
(Ол қазақ балалары үшін мектептер ашты)
-Ы. Алтынсарин кім болған?
(Ы. Алтысарин педагог, ақын, жазушы болған).




Тәрбиеші:

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.




-Қанекей оқушылар олай болса келесі кезекте Ыбырай Алтынсариннің өлең жолдарына берсек



Оқушы:Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы,

Күннен- күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған…

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған…

Өнер- білім бәрі де

Оқуменен табылған.

Оқушы:

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,

Осыларға таныспай;

Тәрбиеші: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.


Әке мен бала-Бейнебаянын тамашалап сұрақтарға жауап беру

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді.

Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, сонымен әр жерде бірәкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріптұрып айтты:

- Көрдің бе, мына тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: "Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың", - деді.

Көрініс «Әке мен бала» .
1. Сұраққа жауап.
Әңгіме неге әке мен бала деп аталған? Негізгі тақырыбы не?
Әңгімедегі бала қандай?
Әңгімедегі әкеге мінездеме беріңдер.
Еңбек туралы мақал — мәтелдер айтыңдар.
Балаға қандай кеңес берер едіңдер.
Ы. Алтынсаринның осы әңгімеге ұқсас қандай әңгімесін білесіңдер?


Балама сұрақ. ИЯ немесе ЖОҚ әдісі

Ы.Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келді. (иә)

«Ғылым таппай мақтанба»өлеңін Ы. Алтынсарин жазған. (жоқ)

1879 жылы Ы.Алтынсаринның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы жарық көрді (иә)

Ыбырай Алтынсарин ағартушы, жазушы, ақын, фольклоршы, этнограф, қоғам қайраткері (иә)

1864 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. (жоқ)

1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді (иә)

1887 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. (жоқ)





Қорытынды:

«Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек», - деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырайдың арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді.
Кімде – кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Ыбырайдың өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!