Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ы.Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар. 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 5-сыныптарға дәріс беретін ұстаздарға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютердің тілін табу қиын

Мектеп: Атырау қаласы ЖББ №12 Ф.Досымова атындағы орта мектебі. Күні: Мұғалімнің аты-жөні: ШаженоваА.К.

Сынып: 5- сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Өнер-білім бар жұрттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)


5.Т6 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

5ТБ1.7 ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар:

Өлеңнің мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтары орынды қолданады;

Оқушылардың көбісі:

Қиял-ғажайып ертегілер және қазіргі технологиялармен салыстыра отырып, диалогке түседі;

Кейбір оқушылар:

Технологияның пайдасы мен зиянын салыстыра отырып, тұжырым жасайды.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды орынды қолданады;

  • Пайдасы мен зиянын салыстырып, тұжырымдайды.

Тілдік мақсат


















Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Өнер-білім- искусство, бәйге-байга, жасөспірім достар - юные друзья , тегін- бесплатно, арба - телега, пойыз - поезд, ұшақ-самолет

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

1.Алыс жерлерден жылдам хабар

алғызатын нелер? (Қазіргі уақытта телефонмен, телеграммамен, әлеуметтік желілердегі хабар алмасу - СМС,мессенджер

2. Мың шақырым жерлерге күн жарымда

жететін қандай арба? (пойыз, электр пойызы)

3. Адам неге құстай ұшады? ( Қанаты болмаса да, ұшақтың көмегімен ұшып, барар жеріне жетеді)

Жоғары дәрежелі сұрақтар:

- Ыбырай Алтынсарин осы өлеңді не үшін жазды?

- Ыбырай Алтынсаринкөрегенділігі неде?

- автордың арманы не? Орындалды ма?

- қазіргі қазақстандықтар ақын айтып отырған технология жетістігіне жетті деп ойлайсың ба?

Ым -ишара

Бас изеу (құптау), күлімдеу.

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел: Индустриалдандыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану- экономиканың, техниканың дамуы.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ыбырай Алтынсарин туралы сұрақ –жауап ұйымдастыру:

«Кел,балалар, оқылық» өлеңін жатқа сұрау.

Компьютер қалай пайда болды?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар


Сабақтың басы

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу: «Компьютер», «Ұшақ», «Пойыз» суреттері арқылы топқа бөлемін.

Топтар өздеріне түскен сурет бойынша ақпарат береді.

- бұл атауларды бір сөзбен қалай атауға болады? (техника)

- осы техникаларды меңгеру үшін адамға не керек? (білім, талап, ынта,өнер)

Ендеше, бүгінгі сабағымыз Ыбырайдай атамыздың көрегендігімен болжап «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін өтеміз.

Сабақ мақсатымен таныстырып, бағалау критерийімен танысырамын.

Суреттер

Слайдтар

Оқулық

5-сынып


Сабақтың ортасы

25 минут

(ҰЖ) аудиотыңдалым:

«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін екі рет мұқият тыңдаймыз.

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны,

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды,

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді.

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар

Бәрі-дағы анықтай...


1-тапсырма: Ы.Алтынсариннің өлеңі бойынша есте қалған сөздер мен ұғымдарды, жалпы түсінігін сұраймын:

(ЖЖ) «Көршіме айтамын» әдісі(сұрақтары бар кеспе таратамын,ойлануға уақыт беремін, содан кейін оқушылар көршісімен бірігіпөлеңдегі ақпарат бойынша сұрақтарға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып жауап беру, өз ойларын ауызша білдіруін сұраймын.)


Рс

Өлеңдегі ақпарат бойынша сұрақ

Қазіргі өмірмен байланысты жауап

1.

Алыс жерлерден жылдам хабар

алғызатын нелер?


2.

Мың шақырым жерлерге күн жарымда

жететін қандай арба?


3.

Адам неге құстай ұшады?


4.

Теңізде қалай жүзеді?


ҚБ:«Бағдаршам» тактикасы

Қызыл түс– түсінген жоқпын; Сары түс– тағы да практиканы қажет ететін сұрақтар бар; Жасыл түс– барлығы түсінікті. 


2-Тапсырма «Қазынаның кілтін тап» әдісі

(Ж)Сөйлемді оқып, мағынасына қарай кестеде көрсетілген жалғаулықтардың бірін

қолданып, сөйлемді аяқтаңыз.


Р/с

Сөйлемнің басы


Қандай шылау

түрін қолдану керек

1.

Ғаламтордың адам үшін пайдасы зор,

_______________________________________________

____________________________

қарсылықты

жалғаулық

шылау

2.

Әлемнің әр жеріндегі адамдар бір-бірімен әлеуметтік

желілер________________________________________

______________________________________________


ыңғайластық

жалғаулық

шылау

3.

Компьютер алдында ұзақ отыру адамның денсаулығына

зиян,___________________________________________

_______________________________________________

қарсылықты

жалғаулық

шылау

4.

Ғаламтордың көмегімен кино көруге, ағылшын тілін

үйренуге

_____________________________

ыңғайластық

жалғаулық

шылау


Дескриптор:

Білім алушы

- әр сөйлемнің мазмұнымен мұқият танысады;

- қандай шылау қолдану қажеттігін ойластырады;

- шылауды қолданып, сөйлемнің мағынасына сай ойды аяқтап жазады.

ҚБ:«Бағдаршам» тактикасы

Қызыл түс– түсінген жоқпын; Сары түс– тағы да практиканы қажет ететін сұрақтар бар; Жасыл түс– барлығы түсінікті. 


Ширату жаттығуы:

«10 сұрақ» әдісі:

Стикерге кез-келген техниканың атын жазып, оқушы маңдайына жапсырып «Иә, жоқ» жауаптары бар он сұраққа дейін қоюға рұқсат етіледі.

(ТЖ)«SWOT талдау» әдісі

3-Тапсырма: «Wi-Fi қолданысы» деген тақырыпта пікірлесіп SWOT талдау дайындаңыз, ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды қажетінше қолданыңыз.

Дескриптор

Білім алушы

- тақырып аясында өз ойларын айтып, талдайды, дәлелдейді;

- кем дегенде бір жалғаулық, бір қарсылықты жалғаулықты қолданады.

ҚБ:«Бағдаршам» тактикасы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2021
861
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12