400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, Уақыт, 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау не үшін қажет?

Мектеп: Бәйтерек орта мекетебі

Күні : 14.02.20


Мұғалімнің есімі: Нурмамбетова Г.К.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: уақыттың маңызын түсіну;



  • Оқушылардың басым бөлігі: уақытты өлшеу құралдарын анықтау;


  • Кейбір оқушылар: көрсетілген тәжірибені түсіндіру.

Ресурстар:

  1. құмсағат, механикалық және электронды сағат;

  2. күнсағаттың фотосуреті;

  3. ұзындық өлшегіш таспа.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. уақытты үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді;

  3. уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атап, олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анықтайды;

  4. қанша уақыт кеткенін анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әр тарихи кезеңде уақыт пен кеңістік туралы өз танымдары болған. Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айлар мен жылдарды көрінбейтін уақыт өзені ағызып әкетеді деп санаған. Тәуліктің жарық бөлігі аса маңызды саналған, себебі аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын адамдар күндіз атқарған. Ал қараңғыда адамдар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін еді. Таң атқанда барлық тіршілік басталған. Кейіннен жасанды жарық көздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.


Уақыт — бұл қандай да бір әрекеттің, оқиғаның орындалу немесе қандай да бір заттың өмір сүру ұзақтығы. Айналадағы кеңістікте болып жатқан құбылыстар мен оқиғалардың барлығы уақыт аралығында болып жатыр. Уақыт үнемі қозғалыста болады, оны тоқтату немесе


кері қай­

тару мүмкін емес. Өміріміздің әр

секундында

біз уақыт кеңістігінде боламыз, оған

бағытталып

түрлі әрекеттер жасаймыз. Алғашқы сағаттар — күнсағаттар, онда уақыт көлеңкенің көмегімен анықталған. Кейін Ежелгі Мысырда сусағаттар (клеп­ сидрлер)­ пайда болған. Одан кейін құмсағаттар шықты. Бірнеше жылдардан соң механикалық және электронды сағаттар пайда болған.

Тілдік құзыреттілікті дамыту


Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа тірек сөздер әріптері жазылған үлестірмелі қимақағаздарды таратып беріңіз. Оқушылар олардан тірек сөздер құрастырып, айта алады. Деңгейлеп оқыту мақсатында кейбір оқушыларға осы сөздермен сөйлем құрастыруды тапсыруға болады.



Психологиялық даярлық

-Қане балалар барлығың маған арқаларыңды тік екенін, қолдарыңның сау екенінін және де ақылға толы әдемі көздеріңді көрсетіңдерші. Ал енді бір-біріңе келген қонақтарға күлімдеп бір қарап алайық та сабағымызды бастайық.


Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)
***
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

Проблемалық сұрақ

--Ал балалар бүгінгі сабақта біз не туралы айтады екенбіз?

--Уақыт

-Ал уақыт үш тілде қалай айтылады?

Уақыт- время- time


-Уақыт бізге не үшін керек?

-Гүлдің өсу ретін сурет бойынша айтып шығу

-Кей кезде уақыт жеткізбей кететіндей жағдай бола ма?

-Ал кейде ол өте баяу жылжиды?

ЖҰППЕН ЖҰМЫС

Алдарына араласқан уақыт бірліктерін тастаймыз.

-Уақыт бірліктерін білемізғой ендеше, алдарыңдағы уақыт бірліктерін өсу ретімен орналастыра қойыңдар, қағазға жапсырамыз.

-1аптада неше күн бар?

7 күн

Қазақша Орысша Ағылшынша

Дүйсенбі Понедельник Monday

Сейсенбі Вторник Tuesday

Сәрсенбі Среда Wednesday

Бейсенбі Четверг Thursday

Жұма Пятница Friday

Сенбі Суббота Saturday

Жексенбі Воскресенье Sunday


Кітаппен жұмыс

Сағаттың түрлері

Тақтада суреттері ілініп тұр

Механикалық , электронды , құм сағат, күнсағат суреттері


Сағаттардың шығу тарихы жөнінде видео






Сағаттың түрлері. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылардан сұраңыз:


— Сендер сағат дегеннің не екенін білесіңдер ме?


— Оларды қай жерден көруге болады? (Сапаржайда, мектепте, емханада, үйде, мұражайда және т.б.)


— Сағаттар қандай болады?

Ойлан!

“Уақыттың неше болғанын білу бізге не үшін керек?”




Оқушылардың ойларын тыңдаңыз. Оқушыларға кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарына елестетуін тапсырыңыз. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.)


Қазір біз зерттеу жұмысын жүргіземіз, ол үшін әр бала қолына сағат


Зерттейік. Осы зерттеуді аулада немесе спортзалда жүргізсе,­ жақсы болады. Сыныпты үш топқа бөліңіз. Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ құмсағатты, екінші топ — механикалық, үшінші топ — электрондық сағатты алады.


Сөренің және мәренің орнын анықтаңыз, аралығын ұзындық өлшеуіш таспамен немесе қадаммен өлшеңіз.


Оқушылардың арасынан осы арақашықтықты кезекпен жүгіріп өтетін үш оқушыны таңдап алыңыз. Әрбір жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп, жазып тұрады.


Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып, тәжірибені қайталай алады.


Тәжірибе аяқталғаннан кейін “Осы уақытты құмсағаттың көмегімен өлшеуге бола ма?” — деп сұраңыз.


Оқушылардан қай сағат бәрінен де нақты болғанын сұрап, нақтылаңыз.


Оқушылар “Құмсағатта циферблат жоқ, сондықтан дәл уақытты анықтау қиын. Механикалық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады, алайда электрондық сағат ың­ғайлы” деген қорытынды жасай алады.



Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір

Сағатқа ұқсап қап

Жаттығу оңай ақ



«Лунтик» мультфильмін көру


Уақыт қозғалысы. Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аудартыңыз. Сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:


— Жағдайлардың әрқайсысында қанша уақыт өтті? Неге?


— Сәби бір минуттан кейін оқушы болуы мүмкін бе?


— Бала төсектен бір жылдан кейін тұруы мүмкін бе?


Оқушылар әр әрекет үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет екенін түсіне алады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Уақыт.


Оқушыларға картоннан сағат жасауды ұсыныңыз. Циферблатты кесіп алып, оны әсемдеп, сандарды жазулары керек. Сағат тілін бөлек қиып алып, оны ортасына сымтемірден жасалған білік арқылы бекітсін. Сыныпта сағаттардың көрмесін ұйымдастыруға болады.


Қосымша материал ретінде оқушыларға ата-анасымен бірге Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт туралы ертегісін” оқуға және оның мазмұнын талдауға ұсыныс жасауға болады.

Бағалау


Оқушылар уақытты анықтайтын құралдар мен құрылғыларды біледі.


Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қарауды тапсырыңыз. Сұраңыз: “Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті?” Ағаштар қанша жыл тіршілік­ ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі