400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық Сабақ Уақытты бағдарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге , уақытты бағдарлау туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

-Уақытты бағдарлау


Мақсаты: Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тəулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету. Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
Тәрбиелігі: Уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд тақта суреттер, бейне ролик, жұмбақтар, сұрақтар.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу
Жаңа сөз: Уақытты бағдарлау
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Күннің көзі ашылып,
Көкте  шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
 Сәлем дейік үлкенге.
 Сәлеметсіздер ме апайлар?!

Балалар мына үстелдін үстінде 4жыл мегзілдерінің суреттері бар .Сендер өздеріне ұнаған бір суретті алып , сол суретке сәйкес үстелге отарасыңдар.

Балалар ұнаған суретті алып үстелге жайғасады.(әр топтың басшысын таңдап алу).Жақсы қатысып отырған балаларға бір бірден смайлк беріп отырамын, сабақтын соныңда көп жинаған топ жеңіске жетеді.

- Балалар, бүгінгі іс - әрекетіміз ерекше болмақ.Балалар бүгін бізге Тапқышбек пен Дымбілмес қонаққа келіпті.Тапқышбектің бір өтініші бар екен Ол жыл мезгілдері , ай апталарын , уақыт бөліктерін білмейді екен.Қане балалар барлықтарымыз Дымбілмеске көмектесейікші.

Жұмбақ жасыру:

Алғашқысы суытады өлкені,

Екіншісі жылытады , жер кеңіп

Үшіншісі көк теңізге бар дейді.

Төртіншісі ұсынады бал дәмді.

Балалар жауабы:Жылдың төрт мезгілі.

12 ағайын бірінен соң бірі жүреді,

Бірақ таппайтынын біледі.

Балалар жауабы: Айлар.

Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар енді осы ай аттарын өлеңдетіп жаттап алайық.

Енді бәріміз тақтаға назар аударайықшы, тақтада төрт жыл мезгілдің суреті көрсетілген. Күз, қыс, көктем, жаз.

Балалар енді осы жылдың төрт мезгіліне тоқтайық.

Балалар мынау жылдың қай мезгілі

Балалар : Жаз мезгілі.

Жаз мезгілінің айлары маусым, шілде, тамыз.

- Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)

Күз мезгілінің айлары Қыркүйек, қазан, қараша.

- Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)

Қыс мезгілінің айлары желтоқсан , қаңтар , ақпан.

- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)

Көктем мезгілінің айлары наурыз сәуір , мамыр.

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)

Балалар Тапқышбек сендерге Жұмбағы бар екен.
Жанылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.

Балалар жауабы:Аптаның жеті күні

Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар енді осы апталарды өлеңдетіп жаттап алайық.

1 - тапсырма. « Аптада неше күн бар?»

Бір аптада неше күн бар?
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

2- тапсырма. «Жұмыс күндері қандай?»

- Қанша жұмыс күні бар?
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма
- Неше күн демаласыңдар?
- Балалар сонда аптада қанша күн бар?
- Қанша демалыс күні бар?
- Балалар бүгін қандай күн?
- Ертең қандай күн болады?

Сергіту сәті (бейне ролик)
Түнде де, күндіз де,
Тынымсыз соғады.
Бұл не екен балалар!
(Сағат)

Ұзын, қысқа тіл,
Он екі тілмен дос бұл.
(Сағат тілі)

- Балалар сағат адамдарға нені білуге көмектеседі?

-Уақытты білуге көмектеседі

“Тез ойлап, жауап бер” ойыны

Тәрбиеші: Таңертең...

Балалар: Адамдар ұйқыдан оянады, жуынады. Үлкендер жұмысқа жиналады, оқушылар мектепке, кішкентайлар балабақшаға.

Тәрбиеші: Күндіз...

Балалар: Үлкендер жұмыс жасайды, балалар мектепте оқиды, бақшада балалар серуенге шығады, ойнайды, ұйықтайды.

Тәрбиеші: Кеш...

Балалар: Үлкендер жұмыстан, балалар бақшадан үйге қайтады. Кешкі ас ішеді, теледидар қарайды.

Тәрбиеші: Түн...

Балалар: Түнде ұйықтайды, демалады.

  • Қай уақыттарда адамдар тамақтанады?

  • Таңғы ас – таңертең, түскі ас – күндіз, кешкі ас – кешке ішіледі. Ал түнде адамдар тамақ жемейді, түнде адамдар ұйықтайды.


3 - тапсырма. Жұмбақ жасыру

«Бұл қай кезде болады»

Уақытты бағдарлау туралы кім тақпақ айтып береді.
1. Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз.
(Бұл қай кезде болады?)
(Таңертең)

2. Сабақ оқып, ойын ойнап,
Серуендеп қайтамын.
Тамағымды ішіп,
Түсте ұйықтап жатамын
. (Күндіз)

3. Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, серуендейміз.
(Түс )

4. Ұйқыдан тұрып,
Беті қолды жуып,
Төсекті жинап,
Таза ауа жұтып,
Кешкісін үйге қайтамын.
(Бесін)

5. Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез.
(Кеш )

6. Үйге келіп кино көріп,
Ойыншықтарды жинастырып,
Беті – қолды жуып,
Тісімді тазартып,
Ұйықтауға жатамын. (
Түн )

Дәптермен жұмыс орындау

Әр топқа бөлінген балаларға тапсырма беріледі.

Тәрбиеші:Балалар сендер Дымбілмеске көмектестіңдер .Жарайсыңдар.


Рефлексиялық түзетушілік
Балалар бүгін біз қандай оқу іс - әрекетіміз қалай аталады. Уақытты бағдарлау туралы не үйрендік? Оқу іс – әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтайды, қорытындылайды.

- Бір жылда неше жыл мезгілі болады?
- Бір жылда неше ай болады?
- Бір аптада неше күн болады?

Осымен бүгінгі «Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау» атты ұйымдасқан оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
                  Шеңберді біз құрайық.
                  Көріскенше күн жақсы,
                 Сау саламат болайық!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
3713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі