400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Уақытты қалай өлшейміз? Жаратылыстану 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ұстаздарға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: жаратылыстану

Бөлімше:

Мектеп: 

«Жер және ғарыш»

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 2

Қатысқандар: 

Қатыспағандар: 

Сабақтың тақырыбы:

Уақытты қалай өлшейміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

2.4.2.5 уақытты өлшеуге арналған құрылғылар мен арнайы өлшемдермен танысу.

2.4.3.1 - негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату;

2.4.3.2 - ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру


Сабақтың мақсаттары:

Уақыт бірліктері арасындағы қатынастарды анықтайды, меңгереді.

Күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің   қолданылуын түсінеді, сыни көзқарасты қалыптастырады.

Қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізеді. 

Бағалау критерийі

  • Уақыт өлшем бірліктерін анықтайды.

  • Уақытты анықтаудың қажеттігін түсінеді.

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер: сағат, минут

Пәнге тән лексика мен терминология: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1 мин = 60 секунд, 1 сағ = 60 минут, 1 тәул. = 24 сағ, 1 апта = 7 күн,

1 жыл = 12 ай, 1 ғасыр = 100 жыл.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Уақытты қалай анықтауға болады?

Уақыттың қажеттігі неде?

Құндылықтарды дарыту:

Құрмет, жауапкершілік, ынтымақтастық, шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыстар:

Математика, дүниетану

АКТ қолданудағы дағдылары:

Бейнежазба көрсету.

(https://www.youtube.com/channel/UC1vGae2Q3oT5MkhhfW8lwjg)

Алдыңғы білім:

Алуан түрлі ғаламшарлар

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:




Психологиялық ахуал орнату:

Досыңа бөлінген уақыт арқылы

Топқа бөлу: Оқушылар кәмпиттердің түстері арқылы топқа бөліну

Үй тапсырмасы: Алуан түрлі ғаламшарлар

Дескриптор:

  1. Оқушылар ортаға шығып, Күн жүйесі ғаламшарларының Күннен алыстау реті бойынша көрсетеді. (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)

  2. «Жер тобы» және «Алып ғаламшарларға» бөлінеді.

  • «Жер тобы ғаламшарлары» - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс;

  • «Алып ғаламшарлар» - Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

  1. Ғаламшарларды сипаттамалары бойынша анықтау:

  • Қызғылт сары дақтары және екі серігі бар ғаламшар? (Марс)

  • Тіршілік белгілері бар жалғыз ғаламшар? (Жер)

  • Ең жеңіл әрі Күнге ең жақын ғаламшар? (Меркурий)

  • Таңға жуық және кешке қарай көрінетін «жұлдыз»? (Шолпан)

  • Сақиналар жүйесі бар ғаламшар? (Сатурн)

  • Негізінен мұздан тұратын, көгілдір түсті ғаламшар? (Уран)

  • Күннен ең алыс орналасқан, өте қатты жел болып тұратын ғаламшар? (Нептун)

  • Ең үлкен ғаламшар? (Юпитер)

Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ әдісі»

Тақырыпты анықтау. 

Оқушыларға бейнежазба көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=cmod1kXnV0k

Оқушылардан сұраймын бұл бейнежазбада не туралы айтылды?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

-уақыт туралы.

Яғни, бүгінгі біздің тақырыбымыз Уақытты қалай өлшейміз?

-Балақай, Уақыт дегеніміз- белгілі бір жұмыстың, немесе оқиғаның ұзақтығы. Біз уақыт арқылы жұмысымызды реттей аламыз, ал уақытты өзіне сәйкес өлшем бірліктермен анықтайды. Ал енді осы өлшем бірліктермен танысайық.


Стикерлер





















Ғаламшар

лардың суреті







































Уақыт бірліктері жазылған стикерлер

Сабақтың ортасы:






































































Жеке жұмыс. «Зертте»

  • 1 минутта не істеп үлгеруге болады?

Дескриптор:

Әр топтағы оқушыларға жеке тапсырмалар ұсынылады.

  1. Шарды үрлеу;

  2. Үлгіні қию;

  3. Дайын үлгіні бояу;

  4. Көбейту мен бөлуге берілген мысалдар шығару;

  5. Қағаздарды санау.

Әр оқушының жұмысын ортада тексеріп, қорытынды жасау.

  • 3 минутта не істеп үлгеруге болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Бейнежазба көрсету: «Сағаттың тарихын білесің бе?»

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ әдісі»

Сергіту сәтін орындату.

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Топтық жұмыс. «Апта күндері»

Дескриптор:

1. Оқушылар жұптасып апта күндерін жазады.

2. Жұмыстарын келесі жұппен ауыстырып, бірін-бірі тексереді. Тақтаға дайын жауабы ілінеді.

  1. Дүйсенбі

  2. Сейсенбі

  3. Сәрсенбі

  4. Бейсенбі

  5. Жұма

  6. Сенбі

  7. Жексенбі

«Ойлан»

  • Апта неге жеті күннен тұрады?

Апта – 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғасырда Римде қолданылды, кейінірек бүкіл Еуропаға таралды. Аптаны пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий 

сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. 

«Сен білесің бе?»

Қазақша күн аттары парсы тілінен шыққан. Тек «жұма» сөзі ғана араб тілінен алынған. Парсы тіліндегі «шамбе» (қазақша –сенбі) сөзі «күн» деген мағынаны береді. Осы сөзден дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі атаулары шыққан.

Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ әдісі»

Жұптық жұмыс.



Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ»

Уақыт бірліктері жазылған қағаздар



























Шар, үлгілер, түрлі-түсті қалам, қайшы, қағаздар.





Ноутбук



























Апта күндерініңатаулары














































Сабақтың соңы:







































Бағалау

Кері байланыс: «Басбармақ әдісі»

Уақыт бұл біздің өтіп жатқан өміріміз. Біз мұны көбіне біле бермейміз. Уақытымыз өтсе қуанамыз. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Біз өзіміз уақытты үнемдеп босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Уақыттың бос өткені өмірдің бос өткені деп бекер айтпаған. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.

Әр оқушы өзін-өзі бағалайды. Сабақ барысындағы өзінің берген жауабына қарай сағатты бояйды.

  1. Механикалық сағат

  2. Электронды сағат

  3. SMART сағат


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Ұжымдық жұмыс. «Уақыт бірліктерін ретімен орналастыру»

Жеке жұмыс. «Зертте»

Жұптық жұмыс. «Апта күндері»

Топтық жұмыс.

«Жыл мезгілдеріне байланысты пазл құрастыру»


Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ» әдісі.

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ әдісі»




Сынып санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау. АКТ жұмыстарының пайдалану ережесі. Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
3320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі