жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин
Жамбыл обылысы
Тұрар Рысқұлов ауданы
Қорағаты шағын орталықты орта мектебі
Асылханов Мақсат Жанболатұлы
денешынықтыру пәнінің мұғалімі
Баяндама
Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру
ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта
бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.
Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы
алға қойған міндетті жүзеге асыруда
халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе
болып табылады.Салауатты өмір салтын
насихаттауда, салауатты өмір сүру
мәдениетін қалыптастыру мәселелерін
жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды
анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты
оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа
әдістерді ұстанатын білім де қажет.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір
салтын қалыптастыру туралы алған
білімдері болашақ азаматтардың
денсаулығын сақтап қалуға берік болады.
Дене тәрбиесі
сабағында жаңа инновациялық технологиялардың
тиімділігі жоғары. Білім – қоғамды
тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын,
ұрпақты ұрпаққа сабақта стыратын
құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді
қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз
сабағында пайдалану арқылы оқушы
жастарды халықтың дәстүр үрдісінде
адамгершілікке, салауатты өмір сүруге
баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене
тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты
міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің
ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін,
жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін
біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім
өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта
пайдалану қажет. Алдымен «Дене
шынықтыру пәні не береді?» –деген
сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді.
Машықтандыру. Дене мәдениетін
қалыптастыру.Денені шынықтыру, тәрбиелеу.
Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді.
Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны
жоспарлай білуді, нормативтік тест
жаттығуларды игертуді береді.
Дене
тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау
технологиясын тиімді пайдалануға да
болады. Осы технологияның шығармашылық
бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау
жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру
сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол
арқылы, оқушылардың бейімділігін
арттыруға болады. Күтілетін нәтиже
- дене тәрбиесі пәніне деген
қызығушылықтарының артуы. Оқушы
шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы,
құрметі, эстетикалық талғамы да артып
келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында
5-6 сыныптарына сергіту сәтін алатын
болсақ, өз тәжірибемде 5-сыныптарға
өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты
сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау
жасау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын
түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар
туралы өз түсініктерін сұрай отырып,
сабақ барысы кезінде орындатуды
жоспарладым.Міне, осы арқылы оқушылар
сабақтың жарыс түрінде топтық ойын
әдісінде болатына көз жеткізеді. Ойлау
қабілетін дамыту тұрғысында 6 сыныптар
арасында «Көңілді мәре» сайысы оқушылардың
ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін,
тез шешім қабылдауына және топтық әрекет
жасауына пәндерді байланыстыра отыра
кіріктірілген сабақ көрермендердің
көңілінен шықты, сабақта дене шынықтыру
пәндерінен құралған ойындар пайдаланылды.
Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық
проектор арқылы қазақтың ұлттық
ойындарының тарихын таныстырып өтіп,
жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру,
әр топқа белгіленген ұпай сандарына
қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ
барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып,
бұл бөлімінде оқушылар белгіленген
жерге дейін эстафеталық таяқшамен
жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен
кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді
шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу
талабы қойылды.Оқушылардың бұл бөлімде
сабаққа деген қызығушылығының артуымен
бірге машықтанады, логикалық ойлау
қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс
әрекеті дамиды. Тәңертеңгілік бой жазу
және сергіту жаттығулары мен бірге
мектебімізде ұлттық өнеріміз «Қара
жорға» биін жаңғырту үстіндеміз, биді
сергіту, тәңертеңгі бой жазу жаттығуларының
орнына да пайдалануға болатынына көз
жеткіздік.Сондай-ақ «Спорт әлеміне
саяхат» тақырыбында мультимедиалы
проектор
арқылы 5«А» сынып оқушылармен зияткерлік
ойын сабағын өткізіп оқушылардың спортқа
деген қызығушылығын арттырдық. Бұл
сабақта Қазақстан спортының алғашқы
шыққан, атақты да данықты чемпиондарынан
бастап қәзіргі таңдағы олимпиада
чемпиондары туралы викторина сайысы
оқушылардың көңілінен шығып, оқушыларымыз
өз елінің патриоты екендерін сабақ
барысында дәлелдеп, мүдірместен жауап
беруге тырысты.Сондай-ақ қатарынан
үшінші жыл мемлекеттік тілдегі
мектептердің 5-8 сынып оқушылары арасында
ұлттық ойын және спорттық ойын түрлерінен
жарыстар ұйымдастырып жеңіпаздарды
анықтап оқушылардың кішкене кезінен
бастап спортқа деген қызығушылығын
арттыру мақсатында тынымды еңбектер
атқару үстіндеміз.
Сонда
ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы
артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің
оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы
қажет. Олар мыналар:
- Әр оқушының
білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін
түсіну;
- Оқушының бойындағы
жетістіктері мен кемшіліктерін
қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды
жеңуге, кемшіліктерден арылуға
көмектесу;
Осылай ойын
элементтерін, әдістерін деңгейлеп
орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды
орындауда жинаған ұпайларын «даму
мониторингі» кестесіне белгілей отырып,
оқушы біліміне талдау жасап отыру
қажет.Өтілетін тақырыптарға байланысты
қызықты сергіту ойындарын ойнатудың
да сабақ барысының сапасын арттыруға
ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?»,
«Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!»,
«Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы
ойындар және ұлттық ойындарды сабақта
түрлендіріп өткізуге машықтандыру.Сонымен,
дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық
технологияларды қолданудың орны орасаң
болары хақ. Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, білім сапасын
көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың
да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың
ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын,
әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан
тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын
түрлерін өткізіп отыру керек.Осындай
жұмыстарды жүргізу нәтижесінде
оқушылардың белсенділігі артып, спортқа
деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың
танымдық қабілеттерін артырып, салауатты
өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа
байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде
оқушылардың білім сапасы артып, оқу
тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге
болады.
Қорыта айтқанда, мен
алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік
құзыреттілігін дамытуды керек еттім.
Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол
жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі
басқарудағы әлеуеті артты.
Жаңа
идеяларды еңгізу барысындағы орындалатын
міндеттер:
1. Оқушымен қарым-қатынасты
қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық
ойлау қабілетін дамыту.
3. Әр
оқушының әрекетін, ұлттық болмысын
пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының
ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз
ету.
5. Оқушының санасын, сенімін,
көзқарасын,білімін арттыру.
6.
Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра
отырып машықтандыру.
Ең бастысы,
оқу үрдісінде міндетті пәндерде
оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік
тұрғыдан қалыпт астыруға мән беру
керек.
Жұмысымның нәтижесі:
1)
Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2)
Оқушының бойындағы жетістіктері
көрінеді.
3) Оқушылар қиындықтарды
жеңеді, әлеуеті артады.
4) Жан-жақты
дамуға қол жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.
Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы:
Қайнар, 1991.
2. «Қазақстан – 2030»
стратегиясы
3.«Қазақстан мектебі»
журналы, №4, 2006ж.
4 Дене мәдениеті
– оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу
жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2)
-Б.262-264.
5. Е. Уақбаев. Қазақстанда
дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы:
Санат, 2000ж.
6. «Мектептегі дене
шынықтыру» журналы, № 2, 2012.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген