Материалдар / Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сен қандай ас ішесің? жаратылыстану 2 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2019
275
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Музыка
1-сынып


Page 2

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Ж
инақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар,
т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта
құрастырылған.

2


Page 3

Мазмұны
1-тоқсан ......................................................................................................................................... 4
Ортақ тақырып «Өзім туралы» ................................................................................................ 4
Ортақ тақырып «Менің мектебім» ........................................................................................ 11
2-тоқсан ....................................................................................................................................... 17
Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым» .............................................................. 17
Ортық тақырып «Бізді қоршаған әлем» ................................................................................ 24
3-тоқсан ....................................................................................................................................... 31
Ортақ тақырып «Саяхат» ........................................................................................................ 31
Ортақ тақырып «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ............................................................. 37
4-тоқсан ....................................................................................................................................... 45
Ортақ тақырып «Тағам және сусын» ..................................................................................... 43
Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау» ........................................................................... 50
3


Page 4

1-тоқсан
Ортақ тақырып «Өзім туралы»
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы,
дыбыстарды тану
Бағалау критерийі Білім алушы
•Таныс музыка мен дыбыстарды анықтайды
•Тыңдаған музыкалық шығармасын талқылауда
музыкалық терминдерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1.В.А. Моцарттың «Twinkle twinkle little star» (Кішкентай жұлдыз жарқырайды) әнін
тыңдайды және оның атын атайды.
•Музыканың көңіл-күйін сипаттап айт.
•Тыңдалған музыкаға сәйкес келетін суретті белгіле.
Дескриптор Білім алушы
- музыкалық шығарманың көңіл-күйін анықтайды;
- музыкалық шығарманы сипаттайды;
- тыңдалған музыкаға сәйкес суретті табады.
4


Page 5

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
•Шулы және музыкалық дыбыстарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Дыбыстарды тыңда және оны анықта.
Айтыңдаршы дыбыстардың қайсысы шулыға, қайсысы музыкалық дыбыстарға жатады
Дескриптор Білім алушы
- шулы дыбыстарды анықтайды;
- музыкалық дыбыстарды дұрыс анықтайды.
5


Page 6

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
•Шулы және музыкалық дыбыстарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
«Сәлем» әнін,әндету ережелеріне сәйкес орында.
Сәлем!
(музыкасы: А. Танидікі; сөзі: А. Естеновтікі)
Сәлем, привет, hello!
Қайырлы болсын балақан,
Арайлап атқан жаңа таң!
Қайырлы болсын жаңа таң!
Арайлап атқан жаңа таң!
Қайырлы болсын жаңа таң!
Сәлем, привет, hello!
Басталған мына жаңа таң!
Жүрейік сәлем берісіп,
Алысып ыстық алақан.
Жүрейік сәлем берісіп,
Алысып ыстық алақан.
Дескриптор Білім алушы
- әннің әуенін сақтап орындайды;
- әнді ережеге сәйкес орындайды.
6


Page 7

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.2 Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет
Оқу мақсаты 1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды
сүйемелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым
ырғақтық суреттемені орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Суреттен ұрмалы аспапты анықта.
•Төмендегі ырғақтық суреттемені ұрмалы аспапта орындап көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- ұрмалы аспапты анықтайды;
- ырғақтық суреттемені нақты орындайды.
7


Page 8

2.Суреттен қазақ халқының ұрмалы аспабын анықта.
Ырғақтық суреттемені қазақ халқының ұрмалы аспабында орында.
Дескриптор Білім алушы
- қазақ халқының ұрмалы аспабын анықтайды;
- ырғақтық суреттемені нақты орындайды.
8


Page 9

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.1 Әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ - қайырма
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдаған әнінің құрылымын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Мен талапты баламын» әнін тыңда.
https://www.youtube.com/watch?v=zBRMnlmzF08
1)Әннің құрылымын анықта.
2)Ән неше шумақтан тұрады?
3)Қайырмасы қанша рет айтылады?
Дескриптор Білім алушы
- тыңдаған әнінің құрылымын анықтайды;
- шумақты ажыратады;
- қайырмасының қанша рет қайталанатындығын айтады.
9


Page 10

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
2.1 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдаған щығармадан музыкалық аспаптар дыбысын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Кеңес» күйін тыңда және қандай музыкалық аспапта орындалып тұрғандығын анықта.
Дескриптор Білім алушы
- күйді тыңдайды;
- музыкалық аспапты анықтайды.
Бөлім
Бөлімше
Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру
2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 1.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы
шығарманың сипатын жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Өзі шығарған әуеннің сипатын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өзіңе ұнайтын шулы аспаптың бірін таңда және сол аспапты қолданып, қарапайым
ырғақты ойлап тап. Ойлап тапқан ырғағыңды сипаттап жеткіз.
Дескриптор Білім алушы
- шулы аспаптарды ажыратады және таңдайды;
- шулы аспаптар арқылы қарапайым ырғақ құрастырады;
- өзі құрастырған ырғақты шулы аспапта сипатын жеткізе,ойнап
көрсетеді.
10


Page 11

Ортақ тақырып «Менің мектебім»
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыка тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы,
дыбыстарды тану
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдау арқылы таныс дыбыстарды атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1.Берілген музыкалық аспаптардың дыбысын тыңда. Естілген дыбыс бойынша
аспапты анықта және ата.
Дескриптор Білім алушы
- шулы аспаптың дыбысын анықтайды және сипаттайды;
- ұрмалы аспаптың дыбысын анықтайды;
- аспаптың атауын дұрыс айтады.
2.Берілген дыбыстарды мұқият тыңда.
http://deti-online.com/pesni/zvuki-prirody/
http://boobooka.com/zvuki/zvuki-shkoly/zvuk-shkolnogo-zvonka/
Дыбыстарға сәйкес суретті ата және дыбысты сипатта.
11


Page 12

Дескриптор Білім алушы
- естіген таныс дыбысты атайды;
- дыбысқа сәйкес суретті көрсетеді;
- анықтаған таныс дыбыстарды сипаттайды.
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.2 Музыкалық -орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Ән
аспаптың сүйемелдеуімен орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Ұстазды кім білмейді» әнін, әндету ережелеріне
сәйкес орында.
Қанатыңа дем беріп,
Талабыңды ұштаған.
Мінезіңді меңгеріп,
Тіл табуға ұста адам.
Қайырмасы:
Жаны шуақ, гүл мейірі
Ұстазды кім білмейді.
Байытып ой-өрісін,
Ізгі бағыт-бағдары.
Мәпелеген жемісін
Ұлы өмірдің бағбаны.
Қайырмасы:
Жаны шуақ, гүл мейірі
Ұстазды кім білмейді.

Дескриптор Білім алушы
- әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды.
12


Page 13

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды
сүйемелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Сәлемдесу» әнін орында.
«Ассалаумағалейкум!»-деп,
Сәлем берем қарттарға.
«Сәлем!» дейді Айқынбек,
Күнде көрер Саттарға.
Айналдырар әдетке,
Тәрбиесі мол кісі.
Сәлемдесу – әдеппен,
Ізеттілік белгісі.
Қайырмасы:
«Сәлем - сөздің анасы»
Деген біздің бабалар.
Сәлем -әдеп сарасы,
Сәлемет пе, балалар!
Қайырмасы:
«Сәлем - сөздің анасы»
Деген біздің бабалар.
Сәлем - әдеп сарасы,
Сәлемет пе, балалар!
1)Жұптық жұмыс.
Әнге сүйемелдеу жасау үшін қандай аспаптар қажет болатынын талқыла.
2)Топтық жұмыс.
Әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу ойлап тап.
3) «С әлемдесу» әнін музыкалық-шулы аспаптармен сүйемелдей отырып, топпен орында.
Дескриптор Білім алушы
- әнді орындайды;
- әнді орындау үшін қандай аспаптар қажет екенін топта
талқылайды;
- әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдейді;
- әнді ұрмалы және шулы аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.
13


Page 14

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.2 М узыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдаған музыкасындағы аспаптарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1.М. Глинканың «Руслан и Людмила» операсынан «Марш Черномора» музыкалық
шығармасын тыңда.https://www.youtube.com/watch?v=9Dq-3hsvcs4
2.Шығарма қандай аспапта орындалып тұрғандығын анықта.
Дескриптор Білім алушы
- музыкалық шығарманы тыңдайды;
- тыңдаған шығармасыныдағы музыкалық аспапты анықтайды.
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сегіздік және төрттік ноталарды қолдана отырып,
ырғақтық суреттеме құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген ырғақтықтарды қолданып, өз ырғақтық суреттемеңді құрастыр.
Құрастырған ырғақты шулы немесе ұрмалы аспапта орындап көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- берілген ырғақтардан өз ырғақтық суреттемесін
құрастырады;
- ырғақтарды музыкалық аспапта орындайды.
14


Page 15

Бөлім
Бөлімше
Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру
2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 1.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы
шығарманың сипатын жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Ырғақ құрастырады
•Шығармасының сипатын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз ойыңнан шағын ырғақ құрастыр.
Ол үшін:
1.Мектеп туралы бірнеше сөз ойлап тап. Сол сөздерді буынға бөл.
2.Әр сөзге қанша нота қажет екенін анықта.
3.Мектеп туралы сөздерді ырғақпен орында.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа байланысты сөздер ойлап табады;
- сөздерді буынға бөледі және әр сөзге қажетті нота санын
анықтайды;
- сөздерді ырғақпен орындап, сипатын жеткізеді.
15


Page 16

Бөлім
Бөлімше
Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және
бағалау
3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Өз шығармашылық жұмысын таныстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс.
1)«Менің мектебім» бөлімінде үйренген музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың
«Ұстазды кім білмейді» әнін еске түсір.
2)Әннің сипаты мен көңіл к үйін жеткізе отырып, топпен бірге орында.
Топта талқыла:
1)Жұмыстарыңның қай тұсы сәтті шықты?
2)Нені жақсартуға болар еді?
Дескриптор Білім алушы
- үйренген әнді көңіл-күйі мен сипатын жеткізе отырып орындайды;
- өз жұмысына қатысты пікірін білдіреді.
16


Page 17

2-тоқсан
Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы,
дыбыстарды тану
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдалған шығармадағы таныс дыбыстарды
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйінің
(http://music.nur.kz/1057949-otirar-sazi-ata-tolfaui- ntilendiev) бастапқы бөлігін тыңда.
Суреттен күйде ойналған аспапты белгіле.
Күйді екінші рет тыңдай отырып, ойналған аспаптардың суретін көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- тұяқтас аспабын анықтайды;
- тыңдалған дыбысқа сәйкес аспаптардың суретін
көрсетеді.
17


Page 18

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген әнді әндету ережелеріне сәйкес орындаңыз.
Өнерпаздар отбасы
(музыкасы: А.Танидікі, сөзі: А.Естеновтікі)
Тамылжыта шырқатып,
Ән салғанда анамыз.
Құйылғандай нұр бақыт
Желпініп бір қаламыз.
Буырқантып, бұрқанта,
Күй төккенде әкеміз.
Жүректерді бұлқынта
Көкке самғап кетеміз.
Қайырмасы:
Ха-лә-лә-ку, ләйлім-ай
Ли-лә-лә-ку ләйлім-ай
Даң-даң-даң-даң
Даң-даң-даң.
Қайырмасы:
Ха-лә-лә-ку, ләйлім-ай
Ли-лә-лә-ку ләйлім-ай
Даң-даң-даң-даң
Даң-даң-даң.
Дескриптор Білім алушы
- әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды.
18


Page 19

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды
сүйемелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөзі мен әні Б.Бейсенованың «Достарым» әнін музыкалық жазбаға қосылып орында.
Достарым-ай, достарым,
Сағындым ғой сендерді.
Достарым-ай, достарым,
Ауылға көктем келді.
Достарым-ай, достарым,
Бір жүрейік шаттанып,
Достарым-ай, достарым,
Би билейік, ән салып.
Достарым-ай, достарым,
Туған жердің төрінде.
Сәуле шашқан алтын күн, Жарқырасын көгіңде.
Достарым-ай, достарым,
Тек қуаныш көңілде, Достардың көп болғаны,
Қандай жақсы өмірде.
Қайырмасы:
Достарым менің, достарым, Қосылды бүгін бастарың.
Достарға арнап әдемі,
Осынау әнді бастадым.
Қайырмасы:
Достарым менің, достарым, Қосылды бүгін бастарың.
Достарға арнап әдемі,
Осынау әнді бастадым.
Әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу дайында.
Әнді аспаптарда сүйемелдей отырып орында.
Дескриптор Білім алушы
- әнді музыкалық жазбаға қосылып орындайды;
- музыкалық аспаптармен сүйемелдеу дайындайды;
- әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орындайды.
19


Page 20

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.1 Әннің құрылымын ажырату: шұмақ, шумақ – қайырма
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдаған әнінің құрылымын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
«Біз балдырған баламыз» әнін тыңда.
https://www.youtube.com/watch?v=oYKJvdJhQVc
1.Әннің құрылымын анықта.
2.Ән неше шумақтан тұрады?
Дескриптор Білім алушы
- әнді тыңдайды;
- әннің құрылымын анықтайды;
- әннің неше шумақтан тұратынын айтады.
20


Page 21

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Ноталық сауатты
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Жұптық жұмыс.
Жұптаса отырып, берілген екі ырғақты біріктіріп, орындап көрсет.
1-ырғақ.
2-ырғақ.
Дескриптор Білім алушы
- ноталар ұзақтығын ажыратады;
- ырғақты соғады;
- ырғақтарды орындап көрсетеді.
21


Page 22

Бөлім
Бөлімше
Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру
2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 1.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыс ар қылы
шығарманың сипатын жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Музыкалық фразалар шығару үшін өз идеясын
ұсынады
•Ырғақтық карталарды қолдана отырып, өз ырғағын
құрастырады және орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі жануарлардың дыбыстарын сипатта.
Топтық жұмыс.
1)Берілген кейіпкерлердің дауысын дыбыстау үшін қандай аспаптар сәйкес келетінін
талқыла.
2)Кейіпкерлердің дауысын төменде берілген аспаптар арқылы дыбыстап көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- жануардың дауысын сипаттап, регистрін анықтайды;
- жануардың дауысын келтіру үшін сәйкес аспапты таңдайды;
- аспаптарды қолдана отырып, сәйкес дыбыс шығарады.
22


Page 23

Ортық тақырып «Бізді қоршаған әлем»
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы,
дыбыстарды тану
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдалған музыкалық шығармадағы таныс
музыканы анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Л.В.Бетховеннің «Весело-грустно» (Көңілді-көңілсіз) музыкалық шығармасын
(https://www.youtube.com/watch?v=dXIERIq3giM) тыңда.
Тыңдау барысында шығарманың көңіл-күйіне сәйкес суретті көтер.
Дескриптор Білім алушы
- музыканың көңілді және мұңды ойналған жерлерін анықтайды;
- музыканың көңіл-күйіне сәйкес суретті көрсетеді.
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Б. Бейсенованың «Туған жердей жер болмас» әнін (http://music.nur.kz/1142514-bota-
bejsenova-tufan-zherdej-zher-bolmas) тыңда.
Әнді топпен бірігіп, әндету ережелеріне сәйкес орында.
Дескриптор Білім алушы
- әннің әуенін дұрыс орындайды;
- әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды.
23


Page 24

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды
сүйемелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Әнді музыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдеп
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Музыкасы: Ә. Әбдінұров, сөзі: Ж.Әбдірашевтің «Жаңа жылға жаңа жыр» әнін тыңда .
Әнді музыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдеп орында.
Даланың да, қаланың
Думандатып от басын,
Тағы, міне, Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын!
Жоламасын елге мұң,
Жаңғырып кел, Жаңа жыл!
Әкелердің еңбегін
Жандырып кел, Жаңа жыл!
Қайырмасы:
Жаңа жылды бар тілде –
Жаңа жырға балайды.
Жаңа жылға әркім де
Жақсы үмітпен қарайды!
Нұрландырсын әзілің,
Наз айтып кел, Жаңа жыл!
Әжелердің әжімін
Азайтып кел, Жаңа жыл!
Бар баланы бір жасқа
Өсіріп кел, Жаңа жыл!
«Беспен» жаңа сыныпқа
Көшіріп кел, Жаңа жыл!
Қайырмасы:
Жаңа жылды бар тілде –
Жаңа жырға балайды.
Жаңа жылға әркім де
Жақсы үмітпен қарайды!
Дескриптор Білім алушы
- әнді әуенін сақтай отырып, сүйемелдеуге ілесіп орындайды.
24


Page 25

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдаған шығармадан музыкалық аспаптарды
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттегі балалардың қолындағы таныс аспаптарды ата.
Берілген дыбыстарды тыңдай отырып, қай аспаптың дыбысы екенін анықта.
«Салтанат» күйіhttp://music.nur.kz/search?q=%D0%BA%D2%AF%D0%B9
Ескерту: бубен және дауылпаз аспабын мұғалім ойнап көрсетеді.
Дескриптор Білім алушы
- аспаптардың атауын дұрыс айтады;
- тыңдалған шығармадағы аспапты анықтайды;
- бубен аспабын анықтайды;
- дауылпаз аспабын анықтайды.
25


Page 26

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Нота сауаттылығының негіздерін ұғынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мұғалімнің орындауындағы соль және ми ноталары қайталанып ойналатын шағын әуенді
тыңда. Жоғары және төмен ноталарды анықтап, тиісті қол белгісімен көрсетіп отыр.
Дескриптор Білім алушы
- соль және ми ноталарының биіктігін дұрыс
анықтайды;
- жоғары және төмен ноталарды қол белгілері
арқылы көрсетеді.
26


Page 27

Бөлім
Бөлімше
Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау және
көрсету
2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 1.2.1.2 Қарапайым музыкалық -шығармашылық
жұмыстарды шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
•Музыкалық –шығармашылық жұмыс жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі табиғат құбылыстарының дыбысын музыкалық аспаптар арқылы қалай
жаңғыртуға болады?
1)Суреттердің бірін таңдап алып, топта ой бөліс.
2)Табиғат құбылысын жаңғыртуға сәйкес аспаптарды таңда.
3)Аспаппен табиғат құбылысының дыбысын шығар.
Дескриптор Білім алушы
- табиғат құбылыстарын жаңғыртуға сәйкес келетін аспаптарды
анықтайды;
- табиғат құбылыстарының дыбыстарын музыкалық аспаптар
арқылы шығарады.
27


Page 28

Бөлім
Бөлімше
Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және
бағалау
3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс.
Үйренген әндерді қайталай отырып, бір әнді таңдап алыңдар және сыныпқа орындап
көрсетіңдер.
Топта талқыла:
Біздің жұмысымызда не сәтті шықты?
Жұмысымызда нені жақсартуға болар еді?
Дескриптор Білім алушы
- топтық орындауға дұрыс ілеседі;
- өз жұмыстарының сәтті/сәтсіз тұстарын анықтайды.
28


Page 29

3-тоқсан
Ортақ тақырып «Саяхат»
Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыка тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы,
дыбыстарды тану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Музыканы тыңдау барысында таныс дыбыстарды
ажыратады
Білу және түс іну
Тапсырма
Құрманғазының «Сарыарқа» күйін (http://music.nur.kz/1319734-kyrmanfazi-orkestri-sariarka)
тыңда.
1)Берілген суреттерден күйге сәйкес суретті таңда.
2)Сізге қандай дыбыстар таныс.
3)Таңдау себебіңді түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- күйге сәйкес суретті анықтайды және себебін түсіндіреді;
- күйдегі таныс аспаптардың дыбыстарын анықтайды;
- дыбысы таныс аспаптың суретін салады.
29


Page 30

Бөлім
Бөлімше
Музыканы тыңдау, талдау және орындау
1.1 Музыка тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
•Музыканы тыңдап, шулы және музыкалық
дыбыстарды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Құрманғазының «Сарыарқа» күйін домбыраның және халық аспаптар оркестрінің
орындауындағы бейнероликтерде қара.
https://www.youtube.com/watch?v=wt6OLV0nEcY - оркестрдің орындауында
https://www.youtube.com/watch?v=wkS5wHFC7fI – домбырамен орындауда
1)Екі түрлі орындауда қандай айырмашылық бар?
2)Күйді тыңдау барысында өзіңе дыбысы таныс аспаптардың атын жаз.
1.______________
2.______________ 3.______________
Дескриптор Білім алушы
- екі түрлі орындаудың айырмашылығын сипаттайды;
- таныс аспаптарды анықтайды және атауын жазады.
30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!