400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ыдыстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын дефектологгтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ыдыстар

Абдреева Лаура Нурболатовна,

3 облыстық балалар оңалту орталығы,

дефектолог-логопед, Қызылорда облысы,

Шиелі кенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балалардың ыдыстары жайлы түсінігін кеңейту.

Түзете – дамытушылық: балалардың ойлауын, сөйлеуін, ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер, ыдыстар, дәндер, ермексаз, мозайка,қарындаштар т.б

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері

Армысың – аспан ата,
Армысың – арайлы күн.
Армысың – жер ана.
Армысың менің досым.
Жаңа сабақ

Ыдыстармен таныстыру.

Picture 24

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда біз ыдыстармен танысатын боламыз.

Ыдыстарды біз күнделікті тұрмыстық жағдайда қолданамыз.

  • Ендеше, мына суретке қараңдар.

  • Бұл- қазан. Қазанды біз тамақ істеу үшін пайдаланамыз.

  • Мынау –шәйнек. Шәйнекке су шәй қайнатамыз.

  • Мынау –кесе . Кесені біз шәй,су,шырын ішу үшін пайдаланамыз.

  • Бұл –қасық пен шанышқы. Қасықпен шанашқыны тамақ жеу үшін қолданамыз.

  • Мынау- табақ. Табаққа біз тамақ саламыз.

Осылардың барлығын біз бір сөзбен –ыдыстар деп атаймыз.



«Ыдыстан – ыдысқа дәндерді салу»

Ойын шарты: үлкен тостақтағы дәндерді қасықпен тәрелкеге салу.

Ойын мақсаты: балаларды дәлдікке үйрету және ұсақ қол моторикасын дамыту.

15.01.2019 ж

«Не артық ?» ойыны

Ойын шарты: тақырыпқа сай берілген суреттердің ішінен, өзге тақырыпқа сай суретті табу.

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту

Ермексаздан кесе жасау.

  • Қазір біз ермексаздан кесе жасайтын боламыз.Алдымен саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Саусақтарым билеңдер,

Ермексазды илеңдер

Бірімізден асайық,

Кесемізді жасайық.

  • Мінекей, қолымызбен саусағымыз енді жұмысқа дайын болды.

  • Ермексаздың түстері әр түрлі екен. Кім қай түсті қалайды? Жұмысымызды бастайық.

  • Кесені біз қандай жағдайда қолданамыз ?

  • Кесені үлкені, кішісі және түстері де алуан түрлі болады. Бұл ыдыс, біздің жиі қолданатын ыдысымыз. Ыдыстардың досы – су . Ыдыстарды қолданған сайын сумен жуып, ұқыпты ұстасақ, олар әрқашан таза, әдемі қалпында тұрады.



16.01.2019 ж

« Ыдыстар қайда жасырылды? » қимыл – қозғалыс ойыны.

Ойын шарты: маман балаларға ыдыстарды көрсетіп атауын, түсін атауларын сұрайды. Содан соң балалар көздерін жұмып тұрғанда, маман ыдыстарды бөлме ішіне тығып қояды. Балалар жасырылған ыдыстарды іздейді .

Ойын мақсаты: балалардың ойлауын,қимыл-қозғалысын дамыту.



«Сәбіз» саусақ жаттығуы

Сәбізді аршып тазалаймыз

Үккішпен үгіп майдалаймыз

Қант сеуіп сәндейміз

Құймақ құйып дәмдейміз

Міне дайын нәр тағам

Дәруменге байыған!

  • Ыдыстардың суреттерін бояу



17.01.2019 ж

« Не жоғалды? » ойыны

Ойын шарты: балалардың алдына ыдыстардың суреттерін қояды. Балалар суреттегі ыдыстардың атауын атап шығады. Маман балалардан көздерін жұмуды сұрайды. Балалар көздерін жұмғанда 1 суретті маман тығып қояды. Балалар қандай ыдыстың суреті жоғалғанын айтады.

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Тіл ұстарту жаттығуы

Се – се – се бұл үлкен кесе

Ке – ке – ке бұл қызыл тәрелке

Қы – қы - қы өте ауыр шанышқы

Мозайкамен жұмыс

Мозайкамен тәрелке бейнесін жасау

18.01.2019 ж

«Мынау ыдыс не үшін керек?» ойыны

Ойын шарты: бір бала ыдыстардың атын атайды, ал екнші бала ол ыдыс не үшін керек екендігін түсіндіреді. Кезекпен осылай ойын жалғастырылады.

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық

Бекіту

«Дастархан» ойыны

Ойын шарты: балалар үстел үстіне ыдыстарды қою ережесін сақтай отырып, дастарханды безендіру.

Ойын мақсаты: балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, реттілікке үйрету.

Қорытындылау: балаларды мақтап, мадақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
4554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі