400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Ыдыстар." Бейнеу педагогикалық-психологиялық тузеу кабинеті" КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: балаларға ыдыстар туралы түсінік беру. Ой-қиялын ұштастырып шығармашылыққа жетелеу. Ми жүмысының жұмысын жақсарту, тыныштандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ыдыстар

Мақсаты:
Білімділігі
: Ыдыстардың түрлерімен таныстыру. Олардың қандай материалдан жасалғандығы туралы ұғымдарын кеңейту. Пайдасын ұғындыру.
Дамытушылығы: Ыдыстар маңызы, олардың қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Зейінін тұрақтандыру.Таным, есте сақтау қабілетін арттыру. Ми жұмысының қызметін жақсарту. Моторикасын, тірек-қимыл қозғалысын машықтандыру. «Эбру техникасымен» сурет салу арқылы балаларды тыныштандыру, ой-қиялын ұштастырып шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Ыдыстарды таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ыдыс - аяқ түрлері, пекс карточкілер, смайліктер,слайд


Ұйымдастыру бөлімі:



- Балалар көңіл-күйлеріміз қалай
? Смайліктер арқылы өз көңіл-күйімізді білдірейік.


Өткен тақырып: Тазалық бұйымдары

- Балалар өткен оқу қызметімізде қандай тақырыппен таныстық?
- Балалар: Тазалық бұйымдары

- Тазалық бұйымдары туралы не білесіздер? (Осы кезде ішке Назерке кіріп келеді. Беті-қолы жуылмаған, шашы таралмаған. Қорқып тұрады)

- Не болды Назерке? Неге қорқып тұрсың? Су іше ғой! (Беті-қолың неге лас, шашың қопырап кетіпті)

- Сәлеметсіз бе апай! Жолда иттен кашып үстімді былғап алдым. Қатты қорқып кеттім.

- Ой, Назерке сен уайымдама, қорқпа! Біз саған көмектесеміз. Солай ма балалар. Назеркенің бетін жуу үшін бізге қандай тазалық бұйымы қажет?

- Сабын (беті-қолын жуады)

- Назеркенің беті су, құрғату үшін не қажет?

- Бет сүртуге арналған сүлгі

- Шашын тарау үшін не керек?

- Тарақ (тарап, щашын буады)

- Енді өзінің әдемі болғанын қарау үшін не керек?

- Айна. (Назекре қуанып қөңіл-күйі көтеріледі)

Балалар Назеркенің таза болуына не көмектесті?

- Тазалық бұйымдары (балалар жауабы)

Басқа кандай тазалық бұйымдары бар?

- Сусабын, ысқыш, тіс чотка, паста т,б

- Жарайсыңдар балалар!

Жаңа тақырып: Ыдыстар


- Бүгін біз ыдыстармен танысамыз. Бәріміз бірге назар аударайық!

- Жалпы ыдыстар асхана құралдарына жатады.

- Ыдыстардың түрлері өте көп.

- Қазан, таба, тарелке, шәйнек, қасық, кесе, шаңышқы, ожау т. б.
Ыдыстар тамақ пісіруге, тамақ жеуге пайдаланамыз. Ыдыстар тұрмыста пайдалануға өте қажет.

- Қазан, кастрөл, таба тамақ жасауға арналған ыдыстар.

- Ал, тәрелке, кесе, қасық, шаңышқы, табақ тамақтануға арналған ыдыстар жатады.
Балалар, ыдыстар шыны, темір, құм, фарфор, метал, пластмассадан, ағаштан т. б. заттардан жасалады. Сұйық тамақтарды: шайды кесе,шыныаяқпен ішсек, сорпаны шұңғыл тәрелкемен ішеміз. Қою, құрғак тамақтарды салуға (ботка,қуырдақ,қант, торт т,б) тегіс тарелка пайдаланамыз. Шөлмектен, фарфордан жасалған ыдыстар сынғыш болады. Пайдаланған кезде мұқият болуымыз керек.Темірден, ағаштан жасалған ыдыстар сынбайды. Олар берік, мықты болады. Ыдыстарды таза ұстап, күнделікті ас ішкен ыдыстарымызды жуып отыруымыз керек.


Арт терапия

«Эбру техникасымен» сурет салу


Дидактикалық ойындар: «Тапсырмалар айдарына саяхат»

- Балалар мында бізге берілген тапсырмалар бар екен. Шамамыз келгенше орындауға тырысайык:

1.Ыдыстардың материалына қарай топтастыр.

2.Қайсысы- көп, қайсысы -аз

3. Пекс карточкілерін пайдаланып әңгіме құрастыр.

4.Жасыл, қызыл, көк

5.Дәндерді ірікте

6.Айырмашылығын тап

Балалар сендер тапсырманы өте тамаща орындадыңдар! Жарайсыңдар!



Сергіту сәті: Бала, бала, балапан

Бала, бала балапан

Қане, кайсы алақан

Саусақтары айбат

Былай-былай ойнат

Бір қадам алға басам

Алақанмен соқ-соқ-соқ

Бір қадам артқа басам

Аяқпенен топ-топ-топ

(әуенмен)


Қорытынды:


- Балалар бүгінгі ашық оқу –қызметінде не жайында әңгімеледік?


- Ыдыстар (балалар жауабы )


- Қандай ыдыстармен таныстық?


- Қазан, кесе, шәйнек, қасық, тәрелке.


- Ыдыстар бізге не үшін қажет?



- Тамақ пісіруге, тамақ ішуге және тамақ сақтауға.

- Ыдыстар неден жасалады?

- Шөлмектен, темірден, фарфордан, ағаштан.

- Ыдыстарды кайдан алуға болады?

- Дүкеннен сатып аламыз.

- Ыдыстарды калай пайдалану керек?

- Таза,ұқыпты.

- Балалар бүгінгі оқу-қызметі сендерге ұнадыма? Қызықты болдыма?

- Ия! Өте қызықты болды . (балалар жауабы)

- Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ашық оқу-қызметіне өте жақсы қатыстыңыздар! Сендерге алғысым шексіз! Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.12.2021
745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі