400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ "Ынтымақ түбі-береке"

Материал туралы қысқаша түсінік
ынтымақ түбі береке
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзiм:28.12.17ж 16_- сабақ

Тақырып: Ынтымақ түбі-береке Сыныбы:6 Оқушылар саны__

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер:бірлік,татулық,ауызбіршілік

Мұғалiм:

Сабақ мақсаты:

* Оқушылардың ынтымақ, береке-бірлік туралы түсініктерін кеңейту арқылы,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

*оқушылардың бірлік туралы түсініктерін кеңейту;

*оқушылардың ауызбіршілік қасиетін дамыту;

*оқушыларды татулыққа тәрбиелеу .

Ресурстар:слайд,оқулық,аудио,А4бет,маркер,стикер, ұшақтар,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.Сабаққа сәттілік «От шашу»әдісі(1мин.)

5 «Т»ережесі.(1мин.)

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену(3мин.)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Оқушыларға сұрақ:

*Тыныштықты сезіне алдыңыздар ма?

*Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Мұғалім сөзі:Олай болса,осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру.(5мин.)

16-сабақ .«Ынтымақ» атты қазақ халық ертегісін оқып келу.

«Кездейсоқ ұшақтар»әдісімен сұралады.

1.Мәтін неліктен «Ынтымақ»деп аталған?

2.Жігіттер неліктен Қызыр,Бақ,Дәулетті қонақ қылудан бас тартты?

3.Нығмет пен Үсеннің ынтымақты қонақ етуінің себебі не?

4.Ынтымақ болған жерге Қызыр,Бақ,Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едің?

5. «Ынтымақтан биік,ынтымақтан күшті ештеңе жоқ»дегенді қалай түсінесің?

6. «Бірлік бар жерде,ынтымақ бар»деген сөзді қалай түсінесің?

7.Өз сыныбыңды ынтымағы жарасқан,ұйымшыл,тату деп айта аласың ба?Неліктен?

Мұғалім сөзі.Біз үнемі ауызбіршілікте болсақ,ынтымақта боламыз.Өткен сабақта жанашырлық туралы әңгімелескен болатынбыз.Бүгін ынтымақ ,бірлік,татулық туралы әңгімелесеміз.

Сабақ барысын талқылау:














Нұрлы әуен «Хрустальная грусть»





















Дәйексөз.(5мин.)

«Игілік басы -ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ» .

Халық мақалы

*Дәйексөздің мағынасын көзқарас-себеп-мысал-жалпылау –бірізділігімен талқылау.Оқушылар ауызша баяндайды.

Мұғалім сөзі.Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке – бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді.Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.

2рет ұлдар,2рет қыздар,1рет бірге қайталаймыз.

Әңгiмелеу.Мұғалім сыйы. (5мин.)

«Ынтымақ»аңыз әңгімесі

Талқылау сұрақтары:

1.Мәтіннің ынтымақ деп аталуының себебі неде?

2.Патша кіммен кездесті?

3.Қария патшаның сұрағына не деп жауап қатты?

4.Отбасында қандай қасиеттер қалыптасқан?

5.Өзіңнің отбасыңдағы татулық туралы айтып бер?

6.Отбасының тату,ынтымақта болуы кімге байланысты?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.(10мин.)

Мұғалім: Балалар бүгін бізге ауыл почтасынан хат келіпті.Кане,хатты ашып көрелік.Хатта қызыл,көк түстер салыныпты.Олай болса осы түстер арқылы топқа бөлінейік.Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: «Ынтымақ«тобы-қызыл түс

2-топ: «Бірлік»тобы-көк түс

1-топқа тапсырма:

Балалар,біз қандай елде өмір сүріп жатырмыз?

Оқушылар жауабы:

Бейбіт,тату,ынтымағы жарасқан,достығы берік елде өмір сүріп жатырмыз.

Мұғалім:Олай болса, бейбіт,тату,ынтымағы жарасқан,достығы берік елдің жағдайын бейнелеңіздер.Постер қорғау.

2-топқа тапсырма:

Өлең құрау.Тірек сөздер:ауызбіршілік,бірлік,татулық,достық,ынтымақ,бейбіт,тыныш,

бай.Осы сөздерді қатыстырып өлең құрастырады.

Мұғалім сөзі.

Бекіту.

Таңдап алған қағаздардан бүгінгі сабақты белгілі бейне арқылы түйіндеу. (5мин.)

Оқушыларға сары.ақ, көк түсті қағаздар таратылып беріледі.

1.Көк,сары түстен тудың бейнесін жасап,елге тілектерін жазады.

2.Көк,ақ тустен көк аспан мен ақ бұлттарды бейнелеп, өз туған ауылының болашақта қандай ынтымақты ауыл болатынын жазады.

Нұрлы әуен

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

Топпен ән айту. Өзін-өзі тану пәнінің әні. (3мин.)

Сен маған сүюді үйреттің

Адами бес құндылықты, ойымызға жеткізген.

Мақтан етем бұл сабақты, білгеніміз көп біздің.

Жүрекке нұр берген мәңгі, өзіңді өзің тану,

Сол үшін арнадым әнді, арманым нұр боп жану.

Сен маған білімді үйреттің,

Белгісіз тұнық едім...

Риясыз сүюді үйреттің,

Тынымсыз бір мұң едім.

Сен бізге күлуді үйреттің,

Шынайы нұр боп келіп.

Көңілді жүруді үйреттің,

Жүрекке күн боп еніп.

Ақиқат бастау алады, өтірік жақтамайтын,

Шын сүю орын табады, шексіздік сақтамайтын.

Дұрыс әрекет жасасақ, шын жүректен жанымыз,

Тыныштық ізін салады, қиянат жасамайтын.

Оқушылардың бойы сергіп,көңілі көтеріледі

Үй тапсырмасы. (1мин.)

17–сабақ. Оқулықтағы М.Мақатаевтың «Құт мекені»өлеңін жаттап келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Сабақтың қорытынды минуты. (1мин.)

Оқушылар көздерін жұмады:

Тыныштықта отырып бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік.Алған әсерімізді жүрегімізге орналастырайық.Әрқашан жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Әрдайым тату,ынтымақта,бірлікте болайық!Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашыңдар.

Бүгінгі сабаққа бәрін жақсы қатысқандарыңыз үшін ризамын. «Ынтымақ түбі-береке»демекші әрқашан ынтымақта болайық!

Нұрлы әуен





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
1322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі