400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ю дыбыс мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

Сабақ: Сауат ашу

Мектеп: №12 І.Қабылов атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Найманбаева Гүлнар

Сынып: 0 «Б»

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар: 0

Сабақтың

тақырыбы:

Ю дыбысы мен әрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

0.2.9.2Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну(ь,ътаңбалары мен ф,в,ц,ч дыбыстары,е,ю,я қосарлы дыбыстары)және дұрыс оқу

0.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу)қолдану

0.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру

0.1.6.1сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін,вербалды емес қарым-қатынас құралдарын) қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлықтəрбиеленушілер:

  • Юю дыбысы дауысты дыбыстар қатарына жататынын біледі.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

  • Берілген сөздерді тұтастай оқи алады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

  • Сипаттау сөздерін қолданып, дәлелдеулер жасай біледі.

Бағалау критерийлері

  • Ю дыбысының дауысты екенін біледі

  • Ю дыбысының баспа және жазба түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

Ю дыбысын таниды, дауысты дыбыс екенін біледі.

Пікір алмасу сұрақтары.

Буындарды қайталап айт.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ұлттық кейіпкерлер, мультфильм

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Адамдық диқаншысы, Ахмет Байтұрсынұлы, «Малым-жанымның садақасы, жаным-арымның садақасы», қамыт кию, қамшы жеу, сөз маржаны.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?

  2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?


Алдыңғы оқу

Ю дыбысына байланысты сөздерді қолданады

Пәнаралық байланыс


Құндылықтарға баулу

Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету.Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру.

Амансың ба, Алтын күн,

-         Амансың ба, Көк аспан,

-         Амансың ба, достарым,

-         Амансыздар ма , қонақтар,

Сабағымызды бастайық,

Жамандықты тастайық

- Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйіміз жасқы, қазір сабағымызды бастаймыз.

І Үй тапсырмасы бойынша жүргізілетін жұмыстар

ІІ Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар

Қызығушылықты ояту:

Жұмбақты шешу арқылы бүгін қандай дыбыс өтетінімізді білеміз.

Жұмбақ

Тәтті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан (аю)

«Аю»сөзіне дыбыстық талдау жасалды. Өздеріне таныс емес дыбыс аталып, оның дауысты екендігін анықтап, дыбыстың орнына ю әрпінің таңбасын қойып, ю әрпінің жазылу емлесімен таныстыру. Бас әрпі, кіші әрпі ,баспа түрі, жазба түрімен таныстырып, қызыл сандыққа салу. Ю дыбысының орнына й және у дыбыстарының естілетінін аңғарту. Жазуда й және у дыбыстарының орнына ю әрпі жазылатынын түсіндіру.

      Ю дыбысының артикуляциясына сай дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.

-         Ю қандай дыбыс?- Ю дауысты дыбыс. 

-        Оны қалай ажыраттыңдар? – Созылып айтылады. Өз алдына буын жасай алады. Мысалы: а - ю, қо - ю, құ – ю, жо-ю

Ю дыбысы сөз соңында кездеседі.

Ю әрпінің баспаша, жазбаша түрімен таныстыру.








Сабақтың ортасы
























Сабақтың соңы



1-тапсырма (ұжымдық) оқулық жұмыс

Сюжетті суретпен жұмыс.

  • Суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?

  • Суретте қандай жыл мезгілі?

  • Ауа-райы өзгерген кезде табиғатта қандай өзгеріс болады?

  • Жан-жануарларда өзгеріс бола ма?

  • Суреттегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап не айта аласыңдар?

Бағалау: мадақтау


2 – тапсырма . (Ұжымдық ) Оқулықпен жұмыс.

Кестедегі сөздерді оқу.

Аю қою құю есею азаю

Ою қию түю үлкею көбею

  • Хормен оқу

  • Тізбектей оқу

  • Жекелей оқу

  • буындық-дыбыстық талдау жасату

Бағалау: жұлдызша арқылы


3-тапсырма . (ұжымдық жұмыс) оқулықпен жұмыс.

-хормен қайталату

-тізбектей оқыту

Бағалау: Жұлдызша арқылы

Сергіту сәті. Ормандағы аюдың,

                       Құлпынайы көп екен

                      Теріп-теріп алайық,

                      Себеттерге салайық


4- тапсырма. ( Топтық жұмыс)

1-топ. Аюдың суретін бояу

2-топ. Аюдың қандай екенін айтып беру.


3-топ. А ю – сөзін дыбыстық талдау.


Бағалау: әр топ бірін-бірі бағалау.

Дәптермен жұмыс (жеке жұмыс)

1,2,3 Бойға жинап күш, 

                   Қолға қалам аламыз,

                   Сауатты етіп жазамыз.

Юю –ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп , Ю- дың бас және кіші әрпінің элементтерімен таныстыру. Ауада жаздыру. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады.  Суреттерге  сәйкес ю әрпін жазады. Қай жерде келетінін айтады.

Бағалау смайлик арқылы .


С лайд








қоңыр
аңғал
батыл
жылдам
жыртқыш


Бағалау





Рефлексивтік бағалау:

Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

Балаларды мақтау, мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі