жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ю дыбысы мен әрпі 1 сынып
Пән: Сауат ашу №128 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Күні:19 .02.2020ж Сынып: 1 «Г» |
Мектеп: №180 ЖББ Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова С.Б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ тақырыбы |
Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю әрпі |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Буындап немесе тұтас сөздермен оқу. Көптеген оқушылар: Сөйлемді бас әріптен бастап жазу.Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қою. Кейбір оқушылар: Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою. Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. |
|||||
Бағалау критерийлері |
Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды. Түсініп оқиды. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды.Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды. |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылар бір-біріне көмектесу және құрметпен қарау |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
электронды оқулық тарды пайдалану арқылы оқушылардың көру және есте сақтау қабылеттерін дамыту |
|||||
Бастапқы білім
|
Бұл бөлімде оқушылар ауыз әдебиетін, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар мен мерекелер туралы оқиды. Бұл бөлім гуманитарлық ғылымдармен (тарихпен) байланысты. Қалыпты, ерекше дыбыс түрлері осы бөлімде үйретіледі. Мұғалім бөлім тақырыбына сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдерді оқиды және оқушыларға өзімен бірге қайталап оқуға мүмкіндік береді. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
|
Психалогиялық ахуал: Балалар,барлығымыз бүгінгі күнге қандай тілек айтамыз?(Сәттілік) «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын. - Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Ф дыбысы)
-
Ф әрпі қандай дыбыс?(Дауыссыз қатаң
) -Фдыбысынан басталатын сөздер қай тілдегі сөздер? (орыс) «Сөз жұмбақ шешу» әдісі.Балалар,сендер сөз жұмбақ шеше аласыңдар ма? Ендеше 6 бала шығып үстел үстіндегі тапсырманы алайық.Оқушылар алады.Сендерге сөз жұмбақты шешуге сұрақ берілген,ол сұрақтар мына алдарыңдағы оюдың артында, сол сұрақтың жауабын төртбұрыштарға жазып тақтадағы нөмірленген жерге орналастырамыз.Әрқайсысында нөмір жазылған.Балалар іледі. Ал не байқадық?Қандай әріп шықты (Юю әрпі ) Демек,бүгін біз ю дыбысымен танысатын боламыз.«Ю» әрпімен таныстырамын. «Ю» қосарлы дыбыс екенін байқатып, таңбасын үйретемін. Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасап, «Суреттен қандай аңдарды көріп тұрсыңдар? Суреттегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап не айта айтасыңдар?» сұрақтарына жауап аламын. Оқушылар өз ойын айтатындай етіп сұрақтар қойып, бірге талқылауды ұйымдастырамын. Мына жерде ненің суретін көріп тұрсыңдар?(ою) ою-орнамент-ornament Ою сөзінде ю дыбысы сөздің қай жерлерінде кездесіп тұр?Аяғында Демек,ю дыбысы сөздің басында,ортасында,аяғында кездеседі екен.Сөздің басында кездесетін сөздер орыс тіліндегі сөздер
|
Ю әрпіне байланысты видеоролик |
||||
Сабақтың ортасы
|
«Тізбектеп оқу» әдісі. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырамын. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асырамын. Жаңа сөздердің ішінен өтілетін дыбыс/әріпті таптыру іс-әрекетін ұйымдастырамын. «Ю»-ды айтқанда қандай дыбыстар естисің? «Аю» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?» деген сұрақтар қойып, сөз сызбасын салған кезде қосарлы ю әрпін жазуда орфографиялық нормаларды сақтауды үйретемін. Мысалы: ю әрпі й+у дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, оның екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын дұрыс ұғындырамын. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытылып, сөздік, буындық- дыбыстық талдау жұмыстарын жүргіземін.
Дескриптор: Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды. Түсініп оқиды. ҚБ: «Төс белгі»(жарайсың,жақсы оқығаның үшін) «Ойлан, талқыла» әдісі. Оқулықта берілген әңгімені оқимын. Мәтінге тақырып таңдатамын. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасатамын. Оқушыларға пікірін айтып үйрену үшін мәтінді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін «Саған мәтін ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қоямын. «Аю қалай озып кетті?» сұрағына оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырамын.
Аю-медведь-bear Дескриптор: Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды. Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. ҚБ: «Отшашу» Сергіту сәті Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. |
Оқулықпен жұмыс
|
||||
Сабақтың соңы |
«Сиқырлы қалам» әдісі. Тақтамен жұмыс Ю әрпін дәптерге жазу үлгісін пайдалана отырып көркем жазады. Мен тақтаға жазамын оқушылар қаламдарын алып,ауада содан кейін дәптерге менімен бірге ю әрпін жазып үйренеді. Тақтаға оқушыларды шығарып сөздер жазғызамын. Дескриптор: Әріпті көркем жазады Сөздерді көркем жазады ҚБ: «Төс белгі»(Әдемі жазғаның үшін)
Үйге тапсырма:1-тапсырмадағы сөздерді жазып келу |
Дәптермен жұмыс
|
||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
||||
Әртүрлі суреттер таратамын, суреттегі заттардың атын сызба арқылы көрсетеді және жазады. Үлгерімі төмен оқушыны үнемі назарға алып, қолдау көрсетемін.
|
«От шашу» «Төс белгі»
|
Партада дұрыс отыру ережесін, оқулықпен көз арасындағы арақашықтықты сақтауды ескертіп отыру |
||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген