400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ю Ю дыбысы мен әрпі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі






Ашық сабақ





Тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі

Сауаташу 1-сынып







Өткізген: Саматқызы Құралай


























Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Ю ю дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Ю дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу.
3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Ю дыбысының баспа, жазба түрі, кеспе әріптер, буындар, суреттер, текшелер, дәптер, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Сөйлейтін қабырға әдісі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын сұрау.
1) Я қандай дыбыс?
А) дауысты
б) дауыссыз
2) Я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
А) ортасында
Ә) басында
Б) барлық буында

Өткен сабақта қандай әріппен дыбыспен таныстық

– Я дыбысы қандай дыбыс

- Сұр қоян жаттап келу

-Я дыбысы мен әрпінен келетін сөздерді қайталау

Жұмбақ шешейік

Алты ай бойы ұйықтайтын

Білесің бе батырды,

Бұл қандай аң?

Аюды сипаттау. Аюдың суретін көрсету.
- Аю
↓
қоңыр
аңғал
батыл
жылдам
жыртқыш

Аю» сөзінде неше буын бар.
Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? (хормен айту)
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ю ю дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру
- Ю дыбысын айтқанда й - у қосарлы дыбысы естіледі, жазғанда ю болып жазылады.
Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады. Мысалы: а - ю, қо - ю,

- Ю- дыбысы орыс тілінде сөздердің басында кездеседі.

-Қазақ тілінде Ю дыбысынан басталатын сөз жоқ.

Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайы

«Кім жылдам» ойыны
Допты бір - біріне лақтыра отырып ю дыбысы бар сөйлем құрату

Оқулық пен жұмыс

Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).

Аю үю күю жию көбею есею

ою ұю қою түю үлкею азаю


Жарыс мәтінімен сұрақ-жауап арқылы танысу

Әңгіме бойынша сұрақтар мен жауаптар:

-Қасқыр не деді?

-Аңдар не істеді?

-Аю нені бұзып кетті?

-Аралар не істеді?

-Аю қалай жүгірді?

-Жарыста қай аң озып келді?

-Аюдың бірінші келуіне не себеп болды

Тентек әріптер

Доң-ға-лақ

До-ма-лап

Кет-пе-сін да-ла-ға,

Деп ой-лап

Мен бай-лап

Қо-йып ем қа-да-ға:

«Ю» шық-ты,

Қа-ра о-ған.

Сөйлейтін қабырға бұл әдіс арқылы я-ю әріптерінен суреттер жазылған қағаздар ілінеді. Сол қағаздар арқылы Ю-Я әріптерінен келетін сурет түрлерін кестеге орналастыру

Үйге тапсырма
Ю әрпі мен дыбысынан келетін сөздерді қайталау
-Жарыс мәтінін оқу

Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі