жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ З дыбысы және әрпі
Тақырыбы: Ана -өмірдің шуағы
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамды ролінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп , оларға қуаныш сыилау.Оқушылардың ізгі ниеттерін көрсету.
Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар, құрметті ұстаздар , ГҮЛДЕЙ ҚҰЛПЫРҒАН ҚЫЗДАР! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күні де келіп жетті. күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл- бір қолымен бесікті , екінші қолымен әлемді тербеткен аналармен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Құрметті аналар бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры: Алиғожаева Гүлназ Маликовнаға береміз.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Мейірімді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Үлкенге де сіз Кішіге де сіз
Сәлем беріп үлкенге Бас иеміз біз.
Көрініс: Мұғалімнің сөзі:
Кәусар терең ойда, сынып ішінде ерсілі қарсылы жүр.Сол кезде Ағарыс кіріп келіп:
Ағарыс: - Кәусар неге көңілсіз жүрсің?
Кәусар: Ее Ағарыс мен келе жатқан 8-наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Ағарыс: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең би билеп құттықтаймыз.
Мен би билеп берейін , сен өлең айт.
-Кәусар: Жо жоқ болмайды.Жыл сайын тақпақ айтып, би билей береміз бе?
Биыл басқаша өзгеше құттықтау керек.
Ағарыс: - Сен қызықсың тақпақ айтпай болмайды.Балаларда дайындалып жүрген.Оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Кәусар: жарайды
Кәусар: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
2.Ильяс Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де.
3.Амирхан
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
4.Айжұлдыз.
Бөбегінің силығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Айырмашы анашым.
5.Ғани
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп демалам
Құшағыңда қысылмай
6.Айбек:
Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де.
7.Жанерке
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың.
8.Әмина.
Ана-біздің күніміз
Анакның біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
10.Аслан:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
10.Уәлихан:
Бәрімізге анасың
Біз үшін гүл боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
11. Мәруа
Біз джоспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға силаймыз.
12. Қайсар
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз анамның
Анаға айтар лебізі.
13. Әрсен
Әже деген көп шығар
Әжемдец менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі.
14. Ағарыс
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
15.Айару
16.Альбина
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Силайды оны бар адам.
17. Аңсар
Барлығы хормен:
Анаң күнің жүрегің
Әкең өмір тірегің
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын
Жүргізуші: Бүгін біз құрметті де ардықты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп текке айтпаған балаларымыздың әжелеріне арнаған әніне кезек берсек.
Ән: Әжемнің шәйі
Мақал -мәтелдер айту
Альбина:
Балалар ана туралы мақал мәтелдер айтайық аналарымыз қуанып қалсын.
Ғани: Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
Жанерке: Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Айбек: Ердің анасы- елдің анасы
Айжұлдыз: Ана жақсылығын ауырсаң білесің
Илбяс: Күннің шуағы жылы- Ананың құшағы жылы
Жүргізуші
Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Аналар ақ тілекті сөз көп дейін
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Гүлдер» биін
Би : Көберектер мен гүлдер биі қыздар
Жанерке: Балалар біз аналарымызға өзімізің өнерімізді көрсетейік.
Ән: « Мен әдепті баламын»
Жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды
Қиялға қиялменен қарыштайды
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
\Өнерін аналарға бағыштайды- дей отырып балаларымыздың орындауында би қабыл алыңыздар.
Би: Флешмоб
«Анаға сыйлық силау» көрініс
Жүргізуші: Мынау қандай ұлдар? Қарайықшы не туралы олар сөйлесіп отыр екен.Мейрам қарсаңында ұлдар аналарына не силау керек екенін ойлануда. Біреу есік қақты:
Екі ағайынды келді
Аңсар: - сендер неге отырсыңдар далаға шығайық бүгін ауа райы тамаша!
-Ағарыс: -Жоқ біз шыға алмаймыз.
- Аңсар мен Ильяс Сендер не істеп жатырсыңдар?
- Ағарыс: - Қалай сен ұмытып қалдың ба ? ертең 8- наурыз, ал біз анамызға не силайтынымызды таппай жатырмыз.
Жүргізуші: Олар әрі қарай ойлануда
Айбек: Таптым: Анамызға қазан силайық.
Ғани: Не үшін?
Айбек: қҚазанмен анамыз бізге дәмді тағамдап әзірлеп береді.
Ғани: Жоқ ол маған ұнамайды. Қазан алатын біздің ақшамыз жоққой
Жүргізуші: Ұлдар әрі қарай ойланады. Бір кезде
Ағарыс қуанып
-О таптым! Аналарымызға өз қолымызбен еңбектеніп жасаған силықтан асқан ешбір силық жоқ жүріңдер балалар өз қолымызбен әдемі гүлдер жасап силайық.
Оқушылар еңбек сабағында жасаған силықтарын аналарына тапсырады.
Жүргізуші:
Видеоролик (Аналарға тілек)
Жүргізуші: Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Қуанышты күнді енді
Құттықтаймыз сіздерді
Барлығы: Анамызға мың алғыс(бас иеді)
Ата-ананы тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын.- дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі « Ана-өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ана ол біздің елде ардақты адам.
КІШІСІ ДЕ ҮЛКЕНІ ДЕ АРДАөзінің а
Ялысы да Отаны да
Ана деп біздің халық текке айтпаған – деп кезекті көрініске береміз.
Көрініс:
0

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген